Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ондықтарды қосу және азайту. Сайыс сабагы.


Ондықтарды қосу және азайту. Сайыс сабагы.
Ондықтарды қосу және азайту
Даирова Галия Жетпискызы
бастауыш сынып мугалiмi
Изобильный ауылынын орта мектебi
Степногорск каласы
Акмола облысы
Мақсаты: Ондықтарды қосу және азайтуға үйрету , құштарлығын арттыру. Ой өрісін дамыту. Оқушыларды ептілікке, алғырлыққа тапқырлыққа тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар Бүгінгі біздің сабағымыз сайыс сабақ. Сайысымызға екі топ қатысады. Бірінші тобымыз: Жасұлан. Екінші тобымыз Жасқыран. тобы. Енді әділқазылар алқасымен таныстыра кетейін:

Ойынымыздың шарты түсіндіріп кетейін.
Дұрыс жауап үшін 5 ұпай
Дұрыс бірақ толық емес жауап үшін 3 ұпай
Жауап бере алмаған топқа ұпай берілмейді.
Орнынан жауап бергені үшін 2 ұпай
Сайысымызды бастамас бұрын көңіл күйімізді мұңаймай, ашулы болмай, Мына бұлт сияқты көңілді ашық күлімсіреп сайысымызды бастайық

1-ші бөлім «Таныстыру»
Балаларға сөз беріледі 1 ші топтың аты:: Жасұлан
Ұраны: Білімге құштар ұланбыз
Білімге толы санамыз
Бүгінгі күн жеңісті
Алғырлық пен аламыз
2-ші топтың аты: Жасқыран
Ұраны:Есепті біз шешеміз
Оны біз мақтан етеміз
Тапқырларға бүгінгі
Кете қоймас есеміз
2-ші бөлім «Үй тапсырмасын тексеру.»үйге берген тапсырма Математикалық сандары бар мақал мәтел табу және жаттап келу.

3 –ші бөлім: «Сұрақ жауап»
Аптада неше күн бар? (7)
Атамнан да құтылдым, апамнан да құтылдым да құтылдым Бұл не? ( бауырсақ)
Балалар білім алатын орын ( мектеп)
Аптаның 5 ші күні ( жұма)
Құста қанат, ал адамда ( қол)
3 бұрышы, 3 қабырғасы бар фигура (ұшбұрыш)
Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады? ( жасыл)
1. 5 пен 7 нің арасында қандай сан бар? (6 саны)
2. Алфавиттегі 6-ші әріп ( ғ әрпі)
3. Үстелдің астынан мысықтың 4 аяғы,тауықтың 2 аяғы көрінді. Үстелдің сыртында неше мысық? Неше тауық (1 тауық, 1мысық)

4-ші бөлім «Жапырақ жинау» Балалар қазір қандай жыл мезгілі?(Күз) Ағаштарымыздың жапырақтары нестейді? Ал ендеше қазір біз ағаштық жапырақтарын жинайық
1-ші топқа қызыл түсті жапырақ Ал 2-ші топқа сар түсті жапырақ
10+5= 20-10= 10+7= 16-6=
25+5= 15-5= 20+4= 10-8=
30+20= 30-10= 35+5= 25-20=
40-20= 3+3= 50-10= 20+20=
4+3= 5+4=

5-ші бөлім «Жоғалған санды тап»: Балалар суретте қандай сандарды табуға болады.

Және мына сурет арқылы заттармен сөйлем құрастырыңдар
Суретпен жұмыс
6-ші бөлім:
«Кім шапшаң»
мен сендерге өлең жолдарын оқимын. қанша сан бар екенін санайсыңдар
1) Бір –бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? ( 8)
2 ) түйе бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой (15)
3) дүкеннен мен сабын алдым
Оның және қабын алдым
Екі дәптер, бір қарындаш
Тіс ысқышы тағы алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда барі (6)
4) Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастасақ неше бұрыш қалады? (5)
7-ші бөлім: «Кім тез» сәйкестіру
1-ші топ 2-ші топ
3+4 8 9-3 2
6+4 7 7-4 6
5+3 6 5+4 8
8-2 10 8-6 10
7-5 4 7+3 3
9-5 2 6+2 9
8-ші бөлім: «Зерделік жаттығу»
Менің сұрақтарыма жауап бере отырып, сөзжұмбақты шешейік.
1)Білімге жетелейтін адамды кім дейміз? ( Мұғалім)
2) Қазақстанның астанасы қай қала?(Астана)
3) Жеті күнді бір сөзбен қалай атаймыз?(Апта)
4) Ең жақсы баға(Бес)
5) Аптаның бесінші күні(Жұма)
6) Елді басқаратын адамды кім дейміз?(Елбасы)
7) Еліміздің туынды қандай құстың бейнесі бар?(Бүркіт)
8) 1 сағатта неше минут (60 минут)
9) Сегіз ондық(Сексен)
10) Қосуға кері амал (Азайту)
Ортасында қандай сөз шықты.(Математика сөзі шықты.)
9-ші бөлім «Сабақты қорыту» Тест
Марапаттау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қызықты математика
Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің.
Жүзден жүйрік
«Ғажайып математика»
Көңілді достар
Талантыңмен таныл
«Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.
Жай бөлшектерді қосу және азайту
«Жас қыран» атты математикалық сайыс
Жай бөлшек» тарауына қайталау жаттығулары
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3244 | Қосты: Даирова Галия Жетпискызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык