Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Канада. Орталық Америка елдері. Қысым


Канада. Орталық Америка елдері. Қысым

Канада. Орталық Америка елдері. Қысым

Сабақтың тақырыбы: Канада. Орталық Америка елдері. Қысым

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік. Канада мемлекеті, географиялық орны, табиғат жағдайлары туралы түсінік қалыптастыру

Ә) Дамытушылық. Торнадо, Тайфун, Ураган желдерінің қысым күшінің әсерінен болатынын жете түсіндіре отырып, практикалық жұмыс арқылы оқушының ой өрісін дамыту.

Б) Тәрбиелік. Кескін картамен жұмыс жасауға баулу,еліміздің табиғат жағдайларымен салыстыра отырып, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының  әдістері, сұрақ – жауап

Сабақтың түрі: бинарлы сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзі картасы, Солтүстік Америка және Канада картасы, қар, тау суреті, интербелсенді тақта, практикалық жұмыс құралдары.

Пәнаралық байланысы: экология, биология, математика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі (1- 2 минут)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

География пәнінің мұғалімі:

«Ой қозғау»

Солтүстік Америка халқының саны

Материктің байырғы халқы

Халықтың көп бөлігі қайдан келгендер?

Материктегі ең ірі мемлекеттер

АҚШ астанасы.

АҚШ – тың жер көлемі.

Балалар, қандай сөзді көріп тұрсыздар?

І. Қызығушылықты ояту.

К А Н А Д А (балалар бұл сөзді естігенде ойларыңызға не келеді?)

Жоспары:

  1. Канада мемлекеті
  2. Географиялық орны
  3. Халқы
  4. Табиғат жағдайлары
  5. Қысым
  6. Табиғаттағы қысым
  7. Климаты
  8. Пайдалы қазбалары
  9. Қорытынды

/Канаданың картасы/

ІІ. Мағынаны тану

Канада дүние жүзіндегі жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейінгі екінші орын алады. Жер көлемі 9 млн 970 мың км. Астанасы – Оттава қаласы.

(оқушылар ЖИГСО әдісі бойынша топқа бөлініп оқиды, тақырыпты талдайды)

Орталық Америка елдері: Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Панама, Никарагуа, Сальвадор, Коста – Рика.

Табиғат жағдайлары. 

Торнадо

Тайфун

Ураган

/ сипаттама беріледі/

Ия балалар, бұл желдер зор қыыммен температура арасындағы айырмашылық әсерінен туындаған ауа райының құбылуы екені белгілі. Бұл жерда басты роль атқаратын қысым күші екені белгілі.

Сіздер қысым деген сөзді естідіңіздер ме?

Ендеше толығырақ танысу үшін....

Физика пәні мұғалімі:

Қысым – белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.

Р – қысым; F – бетке перпендикуляр бағытта түсіретін күш немесе қысым күші;  S – күш түсетін беттің ауданы

Бір паскаль  - 1Н күштің      ауданға түсіретін қысымы:

1Па=1Н/м2

гПа = 100 Па

кПа = 1000Па

МПа – 1000 000Па

Есеп шығару мысалы:

Мысал: Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әрекет етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

Шешуі:

Берілгені: F=0,27H                      0,0003см2=3*10-8м2

                  S=0,0003см2                    р=0,27Н/3*10 -8м2=

                     т/к: р=?                                                             =9*106Па= 9МПа

Жауабы: 9МПа.

15 – жаттығу: №1-2 есеп

Практикалық жұмыс.

Қысым – күнделікті тірлікте. (91 сурет бойынша тәжірибе көрсету).

География пәнінің мұғалімі:

Балалар, алдарыңыздағы қар Жер бетінен басқа қай жерде болады? (балалар жауабы)

Канада мемлекеті мәңгі қар мұздықтары мен ерекшеленеді.

Қосымша мәліметтер

Ірі қалалары:

Торонто (4483мың)

 Монреаль (3320 мың)

Ванкувер ( 1603 мың)

Оттава (1057 мың)

Калгари (754 мың)

Виннипег(652 мың)

Гамильтон(600 мың

ІІІ. Ой толғаныс.

«Тайфун сұрапылы кезіндегі Канадаға сапарым»

Бекіту сұрақтары.

Канада жер көлемінен 2 орында  (Ресейден кейін)

Жерінің ауданы (9 млн 970 мың км кв.)

Астанасы (Оттава қаласы)

Байырғы халқы (эскимостар)

Неше ұлттық парк жұмыс істейді? (31)

Орталық Америка елдері (Мексика, Куба т.б)

Физика пәнінің мұғалімі:

Тест сұрақтары:

  1. Қысымның формуласы?

А) P=F*S    B) P=S/F     C) P=F/S

 2.Қысымның өлшем бірлігі?

А) Па;         Б) Н;        С) кг.

   3. Розеткаларға 37,5 кН күшпен әсер ете отырып арнаулы кеспелтектермен буады. Розетканың ауданы 0,0075м2. Розеткаға қандай қысымы түседі?

А) 5кПа;     Б) 5МПа;       С) 5гПа.

   4. Шаңғыдағы адамның, шаңғысыз адам сияқты қарға батпайтындығын қалай түсіндіруге болады?

А) Үлкен аудандағы тірек беріктігі артады;  Б) Күштің әсері оның түсірілетін ауданына тәуелді;   

С) Қалың қардың шаңғышыны батырмайтын мүмкіндігі бар.

ББҮ стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

Бағалау

Үйге тапсырма: §35 оқу

Кескін картамен жұмыс

“Канаданың көрікті жерлері” хабарлама §33 оқу

Есептер шығару

“Қысым заңдылыққа сүйенеді”

Қорытынды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физика пәнінен бақылау жұмысы
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару.
Қысым
Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Қатты денелердегі қысым
Канада. Орталық Америка елдері
Канада. Орталық Америка елдері
Дүние жүзі тарихы
Қысым. Қысым бірліктері.
Қысым
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 3061 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык