Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым


Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым

Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға  ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым,  сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеу туралы  түсінік беру

Дамытушылық:Оқушылардың пәнге деген қызығылушылығын арттыру, ынталандыру, есеп шығару дағдыларын жетілдіру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, еске сақтау қабілетін арттыру 

Тәрбиелік: Білімділікке, саналы сезімге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау, практикалық, демонстрациялық.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, видеопроектор, компьютер, интерактивті тақта. Қолданылатын технология: Дамыта оқыту, ақпараттық технология

Демонстрациялық көрсетілімдер:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі(оқушылардың назарын сабаққа аудару)

ІІ. Өткен сабақты игеру барысын тексеру :

  1. «Газдың қысымы» тақырыбы бойынша интерактивті тақтада көрсетілген суреттерді мазмұндап беру

2. «Физикалық диктант жазу

Газдарды қатты денелер мен сұйықтан айырмашылығы олар өздері тұрған ыдыстың ............түгел алып тұрады.  Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ молекулаларының .................. пайда болады. Газ көлемін кішірейтсе оның қысымы артады.   Жабық ыдыстағы газдың температурасы неғұрлым ........ болса, оның ...........соғұрлым үлкен болады. Газдарды сақтағанда және тасымалдағанда қатты сығылатындықтан олардың.............артады, сондықтан оларды ...................жасалған баллондар ішінде ұстайды

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Ыдысқа құйылған сұйық ауырлық күшінің  ықпалында болатындықтан сұйықтың өз ішінде қысым болады: 
Яғни сұйықтың төменгі қабаттарына оның жоғары қабаттарының салмағы әсер етеді.

Ыдыс ішіндегі сұйықты ойша  бірнеше қабатқа бөлеміз де (төмендегі сурет) мынадай қорытынды жасаймыз. Жоғарғы  d қабатқа оны екінші қабатқа қысып басатын, сөйтіп оған белгілі бір қысым түсіретін ауырлық күші әрект етеді. Осылайша келесі қабаттарға үстіңгі қабаттары қосынды қысымдар түсіреді.

Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады

Бұл қорытындыны төмендегі тәжірибе арқылы тексеруге болатынын  оқушыларға көрсету.

1-кішкене қорапша,   2-түтік,     3-манометр

Сұйық ішіндегі қысым тереңдік артқан сайын  ұлғаяды.

 Табанының ауданы S болатын цилиндр тәрізді ыдысқа массасы m сұйық

құю арқылы сұйықтың   ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеуді түсіндіремін:  Fа=P –сұйықтың ыдыс табанына түсіретін қысым күші берілген сұйыққа әрекет ететін ауырлық күшіне тең. P=mg

p= -формуласы Ауырлық күші әрект еткен сұйық қысымы ыдыс табанының ауданына тәуелді болмайтыны, тек қана сұйық бағанының биіктігіне  және оның тығыздығына байланысты болатыны шығады.

Сабақты бекіту: 1. Практикалық жұмыс

Цилиндр тәрізді ыдысқа құйылған сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын  табу

2. Есептер шығару 

22-жаттығу  №1,2-тасырмалар

 Сабақты қорытындылау: Ауызша жауап беру

1.Екі ыдыс берілген. Оның біреуіне су, екіншісіне керосин құйылған. Сұйықтар деңгейі бірдей. Екі табанына түсетін қысым бірдей ме?

2.Цилиндр тәрізді екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күштері бірдей ме? 

3. Үш ыдысқа бірдей биіктікте үш түрлі сұйық құйылған.Керосин, сынап және глицерин. Сұйықтардың қайсысы  ыдыс табанына ең аз   қысым түсіреді?  Неліктен?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физика пәнінен бақылау жұмысы
Қысым
Манометрлер. Сорғылар
Қатты денелердегі қысым
Архимед күші
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Архимед күші
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер.
Архимед заңын тексеру
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 6223 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык