Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Газдардағы электр тогы


Газдардағы электр тогы

Газдардағы электр тогы

Сабақтың тақырыбы: Газдардағы электр тогы

Мақсаты:

Білімділік: газдардағы электр өткізгіштіктің физикалық табиғатын ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың барысы:

  1. Үй тапсырмасын сұрау (сұрақтар арқылы)
  2. Жаңа сабақ
  3. Есептер шығару

4. Сергіту сәті

5. Бекіту тапсырмалары:

  • Кестелік бақылау
  • Тест – бақылау
  • Бағалау
  • Үйге тапсырма беру

Ой қозғау. Сұрақтар қою. Үй тапсырмасы

  1. Электр тогы дегеніміз не?
  2. Ток күші деп нені атайды және формуласы қандай?
  3. Өткізгіш ұштарындағы кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай қосылады?
  4. Өткізгіш ұштарындағы ток күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай қосылады?
  5. Тізбектің бөлігі үшін   Ом заңы қалай тұжырымдалады?

Жаңа сабақ.

Газдар-диэлектриктер.Төменгі температурада (бөлме температурасы шамасында) және қалыпты атмосфералық қысымда газдар нашар  өткізгіштер болып табылады. Бұның себебін былай түсіндіруге болады: газдар бейтарап атомдар немесе молекулалардан тұрады және оларда электр зарядын тасымалдаушылар (электрондар, иондар) жоқ немесе өте аз.Газдардың иондалуы.Дегенмен, қыздырудың рентген сәулелерінің, ультракүлгін немесе радиактивті  сәуле шығарудың нәтижесінде газ молекулалары мен атомдарының иондалу процесі жүреді. Газдар өткізгішке айналады.

Газдардағы электр тогын тасымалдаушылар: оң иондар мен электрондар.

Иондану – сыртқы энергияның әсерінен газ молекулаларының оң иондарға және бос электрондарға бөлінуі.

Рекомбинация.Газдардың иондалуымен қатар оған кері процесс, яғни электрондардың оң иондарымен бірігуі рекомбинация (бейтарап атомдардың түзілуі) жүріп жатады. Рекомбинация сыртқы факторлардың әсерінсіз жүреді, сондықтан ионизатордың әсері жойылғанда зарядталған бөлшектер рекомбинация нәтижесінде жойылады да газ диэлектрикке айналады.

Плазма туралы түсінік. Плазма деп заттың оң және теріс зарядтарының мөлшері өзара тең, электрлік жағынан бейтарап күйін айтады. Егер плазмада бейтарап атомдар не молекулалар кездессе, оларды жартылай ионданған плазма деп атайды. Егер заттың барлық атомдары немесе молекулалары түгелдей ионданған болса, онда плазманы толық ионданған деп атайды.

20000–30000К температурада кез келген зат толық ионданған плазма болады. Заттың бұл күйі табиғатта барынша кең тараған. Күн және басқа жұлдызөдар жоғары температурадағы алып тығыз плазма. Атмосфераның жоғарғы қабаты ионосфера жартылай ионданған плазмадан тұрады. Ғарыштық кеңістік плазманың өте күшті сиретілген күйінен тұрады. Ток өтетін газ да жартылай ионданған плазмаға мысал бола алады.

Қызығушылықты ояту. Есептер шығару

№1. График бойынша өткізгіш кедергісінің мәнін табыңыз

№2. Бұйымның бетін күміспен қаптағанда,  30 минут ішінде катодта 4,55 г күміс бөлініп шығады. Электролиз кезіндегі ток күшін анықтаңдар?

№3. Ток күші 4 А болғанда, мыс купорасы ерітіндісінен 40 минут ішінде катодқа қандай мөлшерде мыс бөлінеді?

№4. Кедергісі 10 Ом өткізгіш паралель жалғанған.  Егер электр кернеуі  60 В болатын  болса, жалпы ток күші неге тең

Сергіту сәті.

Приборлардың атын атау.

Бекіту тапсырмалары: кестелік - бақылау

Суреті

Атауы

Шартты белгісі

Қызметі

Өлшем бірлігі

 

Тест-бақылау (10 сұрақтан тұрады).

1. Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Кернеуді тап. 

А) 360 В    В) 0,36 кВт  С)40 В  Д) 4 кВ      Е) 40 Вт

2. Кедергіні реттеуге арналған құрал-

  А) реостат   В) резистор     С)теристор  Д) транзистор  Е) диод

3. 15 секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 120 Кл электр заряды өтеді. Тізбектегі ток күшін табындар.

А) 1,8 кА  В) 18 А     С)180 мА    Д) 8 А    Е) 8 Дж

4. 24В кернеуге 1,5 А ток күшіне есептелінген шам 10 минут жанды. Электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар.

А) 216 кДж     В) 21,6 кДж   С)216 Дж   Д) 2,16 кДж   Е) 3,6 кДж

5. Кернеуі 220В ток көзіне электр шамы қосылған. Шамнан өтетін ток күші 0,3А-ге тең, оның 20с ішіндегі жұмысын анықтаңыз

А) 1320 Дж   В) 396 Дж     С)66 Дж      Д) 4400 Дж     Е) 6200 Дж

6. Кернеудің өлшем бірлігі-

А) Ватт   В) Ом    С)Вольт    Д) Ампер    Е) Джоуль

7. Ток күшінің өлшем бірлігі-

А) Ватт   В) Ампер    С)Вольт    Д) Ом   Е) Джоуль

8. Кедергілері 6 және 3 Ом өткізгіштер паралель қосылған. Өткізгіштің жалпы кедергісі:

А) 0,5 Ом  В) 2 Ом  С)9 Ом     Д) 18 Ом    Е) 3 Ом

9. 100 В кернеуге және 0,5 А ток күшіне есептелген электр шамының қуатын анықта.

А) 50 Вт       В) 200 Вт    С) 0,005 Вт     Д) 500 Вт   Е) 5 кВт

10. Кернеуі 10 В электр доғасы ток көзіне қосылған. Электр доғасы 20 А ток күшін тұтынады. Электр доғасының қуатын анықтаңдар.

А) 200 Вт   В) 2 Вт   С) 0,5 Вт    Д) 2 Дж    Е) 200 Дж

Тест жауаптары.

1 сұрақ – С      6 сұрақ – С

2 сұрақ – А      7 сұрақ – В

3 сұрақ – Д      8 сұрақ – В

4 сұрақ – В      9 сұрақ – А

5 сұрақ – А     10 сұрақ - А

Бағалау.

Үйге тапсырма: §49. Тапсырма: “Найзағайдың түрлері және оларға қысқаша сипаттама” баяндама жазу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Ток күші.Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Электір кернеуі. Волтьметр. Электр тізбегі
Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Электр кедергісі
Электр тогы
Тұрақты ток заңдары
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль -Ленц заңы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 21125 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык