Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жердің құрылысы


Жердің құрылысы

Жердің құрылысы

Күні: 19.10

Сыныбы:  6 «в»

Пәні: Физикалық география

Тақырыбы: Жердің құрылысы

Мақсаты: А) Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып, жер қабықтары туралы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту;

Ә)Жеке тұлғаны дамыта отырып, оқу материалдарынан ең бастысын, мазмұнын ажырату, танымдық қызығушылықтарын дамыту;

Б) Топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу;

Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау, картамен жұмыс.

Түрі: жаңа сабақты меңгерту

Пәнаралық байланыс: математика, астрономия, әдебиет, химия.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жарты шарлар картасы, глобус.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасы
  3. Ой қозғау?
  4. Кім тапқыр?
  5. Жаңа сабақ
  6. Географиялық диктант
  7. «Адасқан обьектілер» ойыны
  8. Сабақты қорытындылау
  9. Үйге тапсырма
  10. Бағалау

 1.  Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуларын қадағалап, белгілеу. Назарларын сабаққа аудару.

2.  Үй тапсырмасы

3. Ой қозғау.

Оқушылар біз «план және карта» тарауында қандай жаңа сөздермен таныс болдық. Кәне, есімізге түсіріп көрейікші.

Мысалы масштаб, бергштрих, азимут, горизонталь, меридиан  дегеніміз не, кім айтады?

Қайталау сұрақтары

1.Белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш. (Азимут)

2.Көкжиек тұстарын бағдарлауға арналған аспап.(тұсбағдар)

3.Масштабы (1 см-де – 100 м).      (Атаулы масштаб)

4.Жер бетіндегі нүктенің теңіз не мұхит деңгейімен салыстырғандағы биіктігі.  (Абсолют биіктік)

5. Құрлықта теңіз деңгейінен есептегендегі биіктіктері бірдей нүктелерін қосатын сызық.  (Горизонталь)

6. Жер шарындағы ең ұзын параллель.  (Экватор)

     7.Экватордың ұзындығы. (40000 км)

8. Параллель доғасының бастапқы меридианнан берілген орынға дейінгі градуспен алынған шамасы.  (Географиялық ендік)

Сергіту сәті арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,

Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.

Жаханның жерін, суын, жәндіктерін,

Іші кең бәрін салса толмайтұғын.

(жер)

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасақ егерде,

Барша тіршілік қурайды.

Бұл не?

(су)

Бар ма, жоқпа оны білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

Бұл не?

(ауа)

Жер өзегі атанған

Ең орталық  бөлігі

Бұл не?

(ядро)

 4.Кім тапқыр?

Географиялық координаталар

Географиялық обьектілер

51° с.е және 72° ш.б

 

55 °с.е және 38° ш.б

 

35 °с.е және 139° ш.б

 

28° с.е және 77 °ш.б

 

5. Жаңа сабақ

Балалар біз жердің пайда болуын білеміз бе? Жердің шар тәрізді екенін грек ойшылы Пифагор айтқан. Ал 17 ғасырда И. Ньютон жер шар тәрізді деген қорытынды жасады.Күннен қашықтығы 150 млн км.

Күнді айналу ұзақтығы – 365 тәулік, 6 сағат, табиғи серігі – ай екен. Олой болса біз бүгінгі сабақта жердің құрылысы жайлы білетін боламыз. Халық айтқан 7 қабат жерасты барма екен бүгінгі сабақтан білетін боламыз.

Жердің сыртқы құрылысы

  1. Ауа- жер шарын қалың қабат ретінде ең сыртынан қоршап тұрады. Оны – атмосфера деп атайды.

«Атмосфера»- грекше «атмос»- су, «сфера»- шар. Ауа жерді үздіксіз, біртұтас қабық ретінде қоршап жатыр

  1. Жер бетін біртұтас жауып жататын – су қабығы. Оны – гидросфера, яғни, жердің су қабығы деп атайды. Жер бетінің жалпы көлемінің 2/3-сі судың  үлесіне тиеді.

Гидросфера құрамы

Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, жер асты суы, батпақтар, мұздықтар.

 Тіршіліктің таралған ортасы

Жердің ішкі құрылысы

Литосфера          Мантия          Ядро

     1.Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабатты  - литосфера деп атайды.

« Литосфера» - латынша «литос» - тас, «сфера» - шар деген мағына береді.

Ғалымдар температура мантияның жоғарғы бетінде  +100, +150 °С- тан, ал төменгі шекарасында +3800° С-қа дейін баратын болуы керек деп болжайды. Сондықтан литосфераның астыңғы қабатындағы тау жыныстары қоймалжың затқа айналады.

  1. Жер қыртысынан әрі шамамен 2900 шқ тереңдікте  мантия орналасқан. Мантия – латынша « мантия» - шапан, жамылғы деген мағынаны білдіреді.
  2.  Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатыр. Оның радиусы – 3500 шқ шамасында. Ядро құрамы темір мен никельден тұрады. Ядроның сыртқы бөлігі балқыған күйде, ішкі бөлігі қатты заттан тұратын болуы керек.

6.Географиялық диктант

Жауабын «иә» және «жоқ» деген сөздермен               белгілеңдер.

1 . Ауа Жер шарын ең сыртынан қоршап  тұрады.

2. Ғарыштан  қараған адам жер бетінің көбін құрлық  алып жатқанын көреді.

3. Су жер бетінің 2/3-і үлесін алып жатыр.

4. Ауаның 78%-н азот құрайды.

5. Биосфера оқшау қабық құрайды.

6. Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы қабаты литосфера деп аталады.

7. Гидросфера тіршілік ортасы болып табылады.

8. Жердің ішкі құрылысы: гидросфера, мантия, ядродан тұрады.

7. « Адасқан обьектілер» ойыны

8. Сабақты қорытындылау.

Ой толғаныс. Бүгінгі сабақтан алған, білген материалдарына қорытынды жасау.

  9. Үйге тапсырма беру: § 17 оқу.  44-45 бет.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

10. Оқушыларды бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Географиядан түрлі тапсырмалар
Физикалық география нені оқытады – жер табиғаты жайындағы ғылым.
Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера
Географиялық бәйге білім сайысы
Глобус. Географиялық координата
Литосфера
Литосфера» тарауын қайталау
Жердің құрылысы
Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы
Табиғат кешені ашық сабақ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 12069 | Қосты: Аманжан | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык