Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 25985 |
|
|
|
Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы
Тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы
Мақсаты: Жердің өз білігінен айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік
беру. Теориялық ойын ,сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Өз беттерінше тапсырма орындауға ,тиянақты болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, глобус,карта,ермексаз,майшам,слайд
Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын орындау сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Градус торы туралы сұрап ,білімдерін тиянақтау. Глобуспен тақтада жұмыс жүргізу.
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:
-Экватор сызығы Жер шарын қаншаға бөледі? Олар қалай аталады?
-Параллельдер деген не? Меридиан деген не? -Градус торын не құрайды?
ІV.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:Оқушыларды екі топқа бөлу.Әр топқа тапсырмалар беріп отыру.Сабақты сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы өткізу.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Жер туралы бұрыннан білетіндерін айтқызу:
Жер шар тәрізді дене,сыртын атмосфера қаптап тұрады,күнді айналып жүреді,серігі-Ай,6 материктен тұрады,4 мұхиттан тұрады, Бүгінгі сабақта алатын білімдері :Жер білігі дегенді түсіндіріп алу .Ол үшін пластиллиннен домалақ жасап ,ортасынан жіп жіберу . Сол жіптің білік екенін түсіндіру. Глобустан жер білігін көрсету.Жер осы өз білігінен айналады . Май шамын жағу.Бұл күн екенін ескерту.
1-тапсырма:Не байқадыңдар?
Ой толғау: бір жағы қараңғы, бір жағы жарық. Күн түскен жағы күндіз,қараңғы жағы түн болады.
Глобусты айналдыру.
2-тапсырма:Енді не өзгеріс болды?
Ой толғау:Күн мен түн ауысты. Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт тәулік деп аталады. Тәулік бір күн мен бір түннен тұрады Сабаққа қосымша материалдармен таныстыру:
Слайд көрсету:
1)Жер қалай пайда болған?
Жер газ бен тозаңнан тұрған.Бұл шар суып қатты қабыршақ пайда болған.
2)Жер ғарыштан қандай болып көрінеді?
Жасыл және қоңыр дақтары бар ашық көгілдір түсті шар.
3)Жер ішінде не бар?
Ядро бар,өте ыстық,өте қатты,оған бұрғылаумен жету мүмкін емес.+4000°С
Одан соң мантия болады.Ол ыстық тау жыныстарынан және жартылайбалқыған тау жыныстарынан тұрады.
Жер қыртысы болады.
4)Жердің магниттік өрісі
Жердің магниттілігі планетаның ішіндегі қозғалыспен өндірілген оның электр токтарынан пайда болады.магниттік өрісі көзге көрінбейді
5)Жердің ашылуы
Жерді алғаш Эратостен деген грек математигі ашты.
Оқулықпен жұмыс Іштей оқыту. Теріп оқыту.
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Ой толғау:
Күн мен түннің ауысып тұруының адам баласы үшін тигізер пайдасын әр топ айтып береді
VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау
-Не себепті Күн сәулесі бір мезгілде Жердің бір жақ жартысына ғана түседі?
-Күн мен түн неге ауысады? -Тәулік деген не?
-Жердің өз білігінен айналуының тіршілік үшін қандай маңызы бар?
VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 124-125- беттерді оқу, мазмұны.Сармандық жұмыс жасап көру глобуспен. ІХ. Бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |