|
|
Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы. Ертедегі халық астрономиясы
Сабақтың тақырыбы: Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы. Ертедегі халық астрономиясы
Мақсаты:Оқушылардың ізденімпаздық, ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды зерттеу әдістеріне үйрету, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:Физикалық ой - өрісін дамыту, өз бетінше іздену арқылы білімін көтеру, біліктілікке талпындыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:топтық жұмыс,өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі (әр оқушы өз көршісін аспан денелеріне теңеп амандасады)
- Балалар сендермен бірге үй тапсырмасын тексермес бұрын баға қою ережелерін қайталап жіберейік
1.Жауаптың нақтылығы
2.Жұмыс тәртібі (белсенділік)
3.Топпен жұмыс (қарым-қатынас мәдениеті)
- Өтілген тақырыптарға шолу. «Ыстық орындық» ойны ойналады (оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды)
- Қай планетаның сақинасы бар? – (Сатурн)
- Бір жылда неше тәулік бар?(365)
- Астрономия нені зерттейтін ғылым? (аспан денелерін)
- Астрономия грекше аударғанда нені білдіреді?(астрон-жұлдыз,номос-заң)
- Галактика деп нені айтады? (сансыз көп жұлдыздардың үлкен жүйесін айтады)
- Құс жолы нелерден тұрады? (сансыз көп жұлдыздардан)
- Оны ашқан кім? (Галилей)
- Галактикадағы ең үлкен жұлдыз? (Мю Цефея)
- Жердің табиғи серігі (ай)
- Космонавтика дегеніміз не?(космос-ғарыш,наутик-кеме жүргізу)
- Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырыпты түсіндіріп айту. Сұрақтар:
- Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан кім? (Ньютон)
- Айға алғаш рет кімдер және қашан барып, оралды? (1969ж.Армстронг пен Олдрин)
- Аспан денелерін тұңғыш рет арнайы үлкейткіш құралмен зерттеген қай ғалым? (Галилей)
- Түнгі аспанды бақылайтын үлкейткіш дүрбі нешінші жылы, және қайда жасалған? (Голландия,1608ж)
- Галактика деп нені айтады? (сансыз көп жұлдыздардың үлкен жүйесін айтады)
- Біздің галактикадағы ең үлкен жұлдыз Мю Цефея Күннен неше есе артық? (2400)
- Галактикалардың қандай түрлерін білесің?(спиральдық,эллипистік,бұрыс галактикалар)
- Біздің галактика қай түріне жатады? (спиральдық)
«Молекулалар» ойыны арқылы топтарға бөлу. Топ ережелерін қайталау. Рөлдерін анықтау (көшбасшы, хатшы, уақыт бақылаушы)
- Жаңа сабақ
Жаңа тақырыпты ашу.
Мұғалім: Балалар, әл-Фараби,әл-Бируни,Ибн Сина, Насыраддин Туси деген ұлы ғұламалар қай жерден шыққанын білесіңдер ме?
Ендеше, балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жаратылыстану ғылымдарының Орталық Азияда дамуы. Ертедегі халық астрономиясы»
Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? (мақсат қою) Ал, осы мақсатқа жету үшін не істеу керек? (қойылатын міндеттер(дағдыларды дамыту,меңгеру))
Топтарға бөлу:
Ғалымның есімін төменде берілген сипаттамалар арқылы табыңыз: (ғалымдардың суреттері тақтада көрсетіледі)
- Бұл ғалымды «сэр» деп атаған
- Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған
- Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы
- Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген
- Физика ғылымының бірінші ұстазы (Исаак Ньютон)
- Мына суреттегі ғалым кім? Итальян ғалымы, инерция заңын ашқан.
- Құс жолының орасан мол жұлдыздардан тұратынын ашқан(Галилео Галилей)
- Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті» деп атады?
(М.В. Ломоносов )
Оқулықпен жұмыс
Бөліммен оқу
Ньютон тобы-1-2 бөлімдерді оқу (Ұлықбек)
Галилей тобы-3-4 бөлімдерді оқу (Әбу Насыр әл-Фараби)
Ломоносов тобы-5 бөлімді оқу (Анақарыс)-төмен оқитын оқушылар жауап береді
Ежелгі аңыздарындағы аспан денелерінің қазақ атаулары-3-топ жауап береді
Мұғалім: Осы ғалымдардың барлығы ғылымның дамуына үлкен үлестерін қосқан.
Тұжырымдамалық карта
Сонымен, балалар, біз астрономия және физика не туралы ғылым екенін оқып білдік.
Сондықтан тұжырымдамалық картаны толтырамыз.
- Физика
- Астрономия
- Ертедегі халық астрономиясы
Оқушылар алған білімдерін картаның бетіне түсіреді
Сергіту сәті: «Аспан әлеміне шолу» (жай әуен ойналады, оқушылар демалады)
- Сабақты бекіту:
Сайыс «Кім көп біледі?» (топ мүшелері алдын ала дайындап әкелген сұрақтарымен бір –бірімен алмасады. Жауап беріп, бірін-бірі бағалайды)
- Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)
- Судың кішкене бөлшегі қалай аталады? (тамшы)
- Өзен сияқты бір бағытта ағады және тоқтамайды (сағат)
- Не көрінеді, егер ештеңе көрінбесе? (тұман)
- Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
- Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)
- Мамықтай ұлпа, қанттай аппақ, қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады. (қар)
- Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сұрмейсің? (ауа)
- Кемпір қосақтың неше түсі бар? (жеті)
- Бір жаудың екі күзетшісі екі тыңшысы,
32 бөрісі бар. Бұл не? (бас)
- Күн жүйесінің құрамында, қанша планета бар? (тоғыз)
- S=V*tформула? (жол)
- Қос құлақты жүз түсті,
Жүзінен бірақ із түсті. (ара)
- Тұзды суда жұмыртқа бата ма? (жоқ)
- Табиғи жарық көзі? (күн)
- Аса қажет өмірге халық үшін, пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)
- Сабақты қорытындылау:
Табыс критериі
Нені білемін? |
Нені білдім? |
Нені білгім келеді? |
|
Сонымен, біз бұрыннан нені білдік?
Бүгінгі сабақта нені түсіндік?
Нені қолдана аламыз?
- Бағалау (барлық бағаларын қорытындылап бақылаушылар бағаларын қояды, мұғалім қорытындыбағасын шығарады)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |