Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қос нүкте. Жақша. Тырнақша


Қос нүкте. Жақша. Тырнақша

Қос нүкте. Жақша. Тырнақша

Күні:   27.04.13 жыл

Сынып: 9

Сабақ атауы

Қос нүкте. Жақша. Тырнақша

Сілтеме

9-сынып оқулық; Мұғалімге арналған нұқаулық;

Жалпы мақсаттар

Оқушылар өздігімен жаңа тақырыпты түсініп, ұзақ мерзімге есте сақтауға мүмкіндік жасау. Мүмкіндігінше өз ойларын еркін айтуға, айтқан ойларын дәлелдеуге дағдыландыру. Оушылардың сабақты талдауына ыңғайлы атмосфера тудыру.

Оқыту нәтижелері

Сөйлем ішінде «қос нүкте, жақша,тырнақшаның» қойылу заңдылықтарын есте сақтап, тыныс белгілерінен қате жібермеуге дағдыланады. әр тыныс белгінің өз ерекшелігін болашақта ескеретін болады. Бірін-бірі оқыту арқылы есте сақтайды.

Негізгі идеялар

Оқушылар берілген тыныс белгілерін жете зерттей отырып оның мағынасын ұғыну. сойлем ішінде қолдана білу. Ұзақ уақытқа есте сақтау.

Тапсырма

  1. Топқа бөлу арқылы тақырыпты ашып алу.
  2. Тақырып арқылы сабақтың мақсаттарын анықтау.
  3. Әр тыныс белгінің ерекшелігіне қарай топтастыру.
  4. Кубизм әдісі бойынша салыстыру

 

Мұғалімнің  жазбалары

 

Сабақ кезеңдері

Керек жабдық-тар

Оқыту  модулі

Мұғалімнің

 іс-әрекеті

Уа-қыты

 

Оқушылардың

 іс-әрекеті

Уақы-ты

Сабақтын тақырыбын ашу, мақсатын анықтау арқылы жаңа сабаққа жол ашу

Тыныс белгілері бейнеленген ресурстар.

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер

Берілген ресурстар бойынша топқа бөлім қандай тыныс белгілері бейнеленгенін анықтатып, мақсатын айқандау.

(3 топқа бөлу: қос нүкте, жақша, тырнақша)

 

(қосымша)

 

 

 

1мин

Оқушылар таңдап алған қағаздан өздеріне сәйкес келетін бөліктерін іздеп табады. Сол оқушылармен топ құрайды. Топен талқылап сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.

 

 

 

 

3 мин

(1,5 мин талқы-ға, 1,5 ойла-рын айтуға)

Әр тыныс белгісінің қолданысын  ерекшелігін түсіндіру

Постер, оқулық, түрлі-түсті қаламдар

 

 

(оқытуды басқару)

Тыныс белгілерінің ережесін қалыптасты-рып, талқылап, дәлелдеу

 

 

 

1 мин

Оқушылар постерге топтастыру жасап тыныс белгісінің ережесін, ерекшелігін топпен талқылап, түсіндіреді. Оны қорғайды.

15 мин

(8 мин топен жұмысты ұйым, 7 мин талқылауға

Оқулықтағы жаттығулар-ды орындау арқылы алған білімдерін қолдану

Дәпер, қалам, оқулық.

(оқытуды басқару)

Жаттығу жұмыстарын анықтап, абзац бойынша 3 топқа бөліп беру.

 

(қосымша)

 

 

1 мин

Оқушылар сабақтың тақырыбын, күн ретін жазып, жаттығу жұмысып топен талқылап дәптерлеріне жазады.

 

 

 

9 мин

«Кубизм» әдісі бойыша сойлемдерді талдау

кубик, ресурстар

сын тұрғы-сынан ойлау-ға үйрету

(оқыту-ды басқару)

Оқушыларға кубикті иіріп отырып әр топқа сұрақтарын анықтау. Берілген сұрақтарды топқа үлестіріп тұру.

(қосымша)

 

 

 

2 мин

 

Оқушылар сойлемді жалғастырып, ішінде келетін тыныс белгілерін анықтап жауап береді.

 

 

 

8 мин

Сұрақтар қою арқылы білімдерін жинақтау

 

 

 

 

ресурс

Талант-ты және дарын-ды балаларды оқыту

Сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы  біраз оқушыдан жауап алу, қорыту.

талантты  мен дарынды балаларға жеке тапсырма дайындап алдына беріп дайындалуға мүмкіндік беру.

(қосымша)

 

 

1 мин

 

 

 

 4 мин

Бағалау

бағалау ресурстары (топты бағалау, оқушыны бағалау)

Бағалау және оқыту-ды бағалау

Оқушыларға оздерін бағалауға және топты критериалды бағалауға ықпал жасау.

Мен өзім жасаған критериалды

ресурспен бағалаймын.

Сабақ соңында міндетті мүрде кері байланыс жасау.

(қосымша)

2 мин

Оқушылар топқа жасалған  критери бойынша бағалайды. 3-4 оқушы өзін-өзі бағалайды.

 

 

 

 

3мин

Қосымша

  1. Тыныс белгілері (қос нүкте,жақша, тырнақша)  бейнеленген ресурстарды  сынып оқушыларының санына қарай бөлемін. Бөліктерді таңдап алған оқушылар қалған бөліктерін іздеп тауып солармен топтасады.

Сабақтың тақырыбы анықталғаннан кейін, мақсатын топ мүшелерімен анықтайды. 3 топтың мүшелері ойларын еркін айтып толыққанды мақсатты құрады.

  1. Оқулықтағы   201-жаттығуды қос нүкте қажет орындарды тауып, оның қай ереже бойынша қойылатынын ауызша айтады.  3 топқа 3 абзацты бөліп беріп талдатамын.

1-    топ     Бұл өзі – машақатқа толы шақ:мал айдау, үй жайды көшіру, ең қиыны қой қырқу- бәрі-бәрі қосылып, қым-ғуыт қарбаласқа айналады.

2-    топ    Қазақтың майталман үш биі: Толе би, Қазбек.Әйтекелер бірде –Сайрамда,бірде- Сауранда , көбіне Түркістанда жиі-жиі бас қосып,әңгіме-кеңес өткізіп тұрады екен.

3-    топ    Бұдан кейінгі жағыдай белгілі: қазақ-қырғызғы ортақ қонақжайлық салты басталды да кетті.

203-жаттығуды көшіріп жазып,жақшаның қойылу себебін айтады, оның сөйлем мағынасына әсерін анықтайды.

206-жаттығуда мақал-мәтелдерді тауып, тырнақша қояды.  Мақал-мәтелдері қолданудың қандай ерекшеліктері барын анықтайды.

1-    топ   «Торпақ іздеген, тойға кезігеді» демекші....

2-    топ   «Алыс сапар» дейтін немене.

3-    топ   «Орамал тон болмайды, жол болады» дейді қазақ...

  1. «Кубизм» әдісі бойынша сөйлемдерді талдау.

1-    тапсырма  Тыныс белгілерін қойып, сөйлемді жалғастыр

Тамшы тама берсе,.......  деген данышпан қазақ.

«Тамшы тама берсе, тасты теседі» деген данышпан қазақ.

2-    тапсырма 

Еріншектің егіні .......  деген сияқты.

«Еріншектің егіні піспес» деген сияқты.

3-    тапсырма

Бұдан шығатын қорытынды  адам тек қана еңбек арқылы қалыптасып, кемелденеді, өз жөнін өзі білетін, ешкімге тәуелді емес,өзінің бақыты мен қуанышы,атақ-абыройы үшін ешкімнің алдында ұятты,қарыздар  емес ...................   айналады.

Бұдан шығатын қорытынды:  адам тек қана еңбек арқылы қалыптасып, кемелденеді, өз жөнін өзі білетін, ешкімге тәуелді емес,өзінің бақыты мен қуанышы,атақ-абыройы үшін ешкімнің алдында ұятты,қарыздар  емес жеке тұлғаға айналады.

4-    тапсырма 

Ж.Ж.Руссо  Жаның жай тапсын десең .........  деген екен

Ж.Ж.Руссо: «Жаның жай тапсын десең, еңбектен»,- деген екен

5-    тапсырма

Әйгілі ғалым- математик әрі жазушы Б.Паскаль 1623-1662  Қоғам үшіне де, өз басы үшін де пайдасыз болудан  және ақылға ештеңе істемеу үшін ғана ие болудан   ........ ештеңе жоқ деген екен.

Әйгілі ғалым- математик әрі жазушы Б.Паскаль (1623-1662):  «Қоғам үшіне де, өз басы үшін де пайдасыз болудан  және ақылға ештеңе істемеу үшін ғана ие болудан   ұят  ештеңе жоқ»,- деген екен

6-    тапсырма

Отты үрлей берсең өшіресің

Көршіңді ........ берсең  көшірерсің

Мақал

Отты үрлей берсең өшіресің,

Көршіңді  күндей берсең,  көшірерсің.

( Мақал)

  1.  Сұрақтар:
  2. Тырнақшаның қойылу ерекшелігі қандай?
  3. Жақша қай кезде қойылады?
  4. Қос нүкте қандай сөйлемдердің арасында кездеседі?
  5. Осы үш тыныс белгісі қабаттасып келетін немесе екеуі келетін сөйлем ойлап тап.

Оқушыны бағалау критерилері

 

Критерилер

 

 

Дискрипторлар

 

Ортақ балл

 

А критериі

ТЕОРИЯ

 

  1. Төмендегінің ешқайсынын жауап бермейді.
  2. Ережесін біледі.
  3. Ережесін біледі,бірінен-бірін ажырата алады.
  4. Ережесін біледі, бірінен-бірін ажырата алады,ерекшеліктерін анық айтып бере алады.

 

 

В критериі

ПРАКТИКА

 

  1. Төмендегінің ешқайсысы емес.
  2. Сөйлем ішінде бір ғана тыныс белгіні ажыратып жаза алады.
  3. Сөйлем ішінде барлық тыныс белгіні ажыратып жаза алады.
  4. Сөйлем ішінде барлық тыныс белгіні ажыратып жаза алады, сөйлемге тыныс белгісін қояды.

 

 

С критериі

АНАЛИЗ,СИНТЕЗ

 

  1. Төмендегінің ешқайсысы емес.
  2. Тек көмекпен ғана талдайды.
  3. Талдайды,оңай бір тыныс белгісін өздігінен қояды.
  4. Талдайды,оңай бір тыныс белгісін өздігінен қояды, кеткен қателіктерді түзейді.

 

критериі

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

  1. Берілген тапсырманы мүлдем орындамайды.
  2. Берілген тапсырманы жартылай орындайды.
  3. Берілген тапсырманы толық орындайды.
  4. берілген тапсырманы толық орындайды, бірнеше мысал келтіреді.

 

10-12-«5»

7-9-«4»

4-6-«3»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Себеп бағыныңқылы сабақтас
9- сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен күнтізбелік жоспар
Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте, сұрау белгісі
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір
Cөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем. Есту диктанты.
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір
Салалас құрмаластың тыныс белгілері.
Тыныс белгілердің атқаратын рөлі және қолданылатын орны
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 13605 | Қосты: Рахымов Ернат Мэлсович | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык