Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ана мен бала сайысы


Ана мен бала сайысы

Ана мен бала сайысы

Тақырыбы: «Ана мен бала» сайысы

Мақсаты:

1. Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу.
2. Халықтық педагогиканы насихаттау, мақал – мәтелдер арқылы тілдік қорын дамыту.
3. Ата-анамен байланысты нығайту. Ана, әже тәрбиесін үлгі ету. Бірін-бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сайыстың жүру тәртібі:

1. Ұйымдастыру 
2. Ана мен баланы таныстыру.
3. Сайыстың шарттары
4. Әділ-қазылар алқасын тағайындау
5. Сайысты қорытындылау

Тәрбиеші: Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ертеден түсінген. Бала - өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері. Кең даламызда көшпелі күн кешіп, аттың жалында, түйенің қомында жүрсе де, халқымыз жас ұрпаққа жақсы тәрбие берудің салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, қалыптастырған.

Әже мен ана тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны ерекше. Ондай тәрбиені көрген бала болашақта ізетті, инабатты адам болып өсуіне күмән жоқ.

Ән: «Анаға сәлем»

  1. Мереке күңінмен қарсы алам өзіңді,

Сәбилік сезіммен арнаймын сөзімді.

Қ-сы:

Көргенше алаңмын

Аңсаймын толғанам

Қабыл балаңның

Сәлемін жолдаған.      

2. Бөбегің оянса, ұйқыңнан мың тұрдың

Гүлінмен балауса, көктемдей құлпырдың.     

Қ-сы:

3. Аялы алақан, мәпелеп өсірген.

Аяулы жан анам, қатемді кешірген

Сайыстың шарттары:

1. Таныстыру

2. Балаларды еркелету (төрт түлік малға)
3. Ситуациялық жаңару. Құстарға байланысты.
4. Өнер сайысы, ән айту)отан, ана, бала, туған жер)
5. Мақал – мәтел сайысы
6. Сұрақ – жауап (тәрбиеге байланысты)

7. Қорытынды

I. Таныстыру

Ана мен бала келді ортамызға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен, ізетпенен танысуға.

- Дей келе, ана мен бала өздерін таныстырып өтеді.

II. «Балаларды еркелету»

Ботақаным – бөбегім
Шырқайтұғын өлеңім
Бөбегімдей тәй басқан
Сені жақсы көремін
- Аналар балаларына еркелету сөз айтады

III. Ситуациялық жағдай

- Тосын ситуациялық жағдайлардан шығу туралы өз ойларын айту.

IV. Өнер сайысы

Жарайсыңдар барлығым да өренім,
Асып бір төселсінші кемерің.
Ырза болып, біздер ғана көрелік,
Тамашалап сайыскерлер өнерін. (әндер сайысы)

V. «Мақал – мәтел сайысы»

Отбасыма жеңістерді әпердім,
Сонда да көп шарттарды әкелдім.
Кезек келді, енді сайыс кезегі,
Сөз өнері – мақал менен мәтелдің.

VI. Сұрақ – жауап сайысы

Әр топқа 2 сұрақтан беріледі, соған жауап береді.

Ойын.Басқа балалардың арасынан ана өз баласын қолынан тану керек. (жабық көзбен


VII. Қорытынды

«Ақ сүті оның өтеусіз жәй қала ма?

Борышты оған небір дарқан дана да!

Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,

Ей, адамдар, жол беріндер анаға.

О, аналар, осындайсың бәрің  де,

Осындайсың жасыңдағы, кәрің де

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйыныңдар Ана деген тәңірге!» (А. Шәмкенов.)

Құттықтаулар, сыйлықтар тапсыру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ғажайып математика»
«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы
Жас суретшілер сайысы
«Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
Әкем ,шешем және мен.
Әкелер сайысы
1001 мақал 101 жұмбақ
Қазақ тілі Білім сайысы
Айналайын, ақ әжем!
"толағай" отбасылық сайыс
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5296 | Қосты: Оспанова Мөлдір | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык