Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4622 |
|
|
|
Айналайын, ақ әжем!
Сабақтың тақырыбы: Айналайын, ақ әжем!
Сабақтың мақсаты:
А) Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен, ұлттық салт-дәстүрімізді
оқушылар санасына құю.
Б) Халықтық педагогиканы насихаттау, ата-анамен байланысты
нығайту.
В) Әже тәрбиесін үлгі ету
Сабақтың көрнекілігі: плакатқа салынған сурет, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, гүлдер, шарлар
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
А) Әділқазылар алқасымен таныстыру
Ә) Сайыстың шарты:
І. Әжелер сайысына қатысушылардың ұлттық
үлгідігі киім киюі
Б) Ұлттық салт-дәстүрді әжелердің оқушыларға жете түсіндіру
ІІ. Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар ата-аналар, оқушылар, қадірменді қонақтар!
«Айналайын, ақ әжем» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Әрқашан еркелетіп әжеге бала болған қандай бақыт дегендей, әжемнің тәлім - тәрбиесін көріп өнегесін үйренбеген немере болмас. Тіпті ұлы адамдардың өзі әженің тәлім – тәрбиесімен, ертегісін, жыр – дастандарын жаттап, салт-дәстүрін бойына сіңіріп өседі. Қариялар балалары мен немерелері үшін үлкен тәрбие мектебі. Ендеше әжелеріміздің өнерін тамашалайық.
1 жүргізуші. Бала - өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері. Кең даламызда көшпелі күн кешіп, аттын жалында жүрсе де халқымыз жас ұрпаққа жақсы тәрбие берумен салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын қалыптастырған. Әже тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны ерекше. Әже тәрбиесін көрген бала болашақта ізетті, адам болып өсуіне күмін жоқ.
2 жүргізуші. Ия, әрқашан еркелетіп ертіп жүрер әжеге бала болған қандай бақыт дегендей, әженің тәлім-тәрбиесін көріп өнегесін үйренбеген немере болмас. Тіпті ұлы адамдардың өзі де әжесінің тәлім тәрбиесімен сусындап өскен.
1 жүргізуші. Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.
2 жүргізуші. Асылайын мойныңа,
Еркелейін қойныңда
Шөпілдетіп сүйейін,
Әжелердің тойында – дей келе әжелерімізді ортаға шақырайық. (күй ойнап тұрады, немерелері әжелерін ортаға жетектеп әкеліп, орындарына отырғызады)
1 «А» сыныбы Ахметова Аружанның әжесі - Бақыт әже
2 «А» сыныбы Айтбай Сәнияның әжесі – Дүйсенкүл әже
3 «А» сыныбы Абдрахманов ермектің әжесі – Закия әже
4 «А» сыныбы Уалиев Еркебұланның әжесі – Сәбира әже
2 «А» сыныбы Исанова Аиданың әжесі – Бағила әже
1 жүргізуші. Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік етуші әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.
1. Тәрбие меңгерушісі – Билялова Жанат
2. Бастауыш сынып мұғалімі – Байкенова Маржан
3. Ата-аналар атынан – Тоқаева Бәтия
2 жүргізуші. Ал, қанеки ағайын.
Асқақ әнге салайық,
Басы болсын бұл тойдың.
Шырқап әнге салайық, - деп тойымызды «Әже» әнімен бастайық. Әнді орындайтын 1 «А» сынып оқушысы Тынымов Бекзат. «Айналайын, ақ әжем!»
Сайыстың шарттары:
1. Таныстыру
2. Өз қолдарынан жасаған бұйымды қорғау
3. Өнерін көрсету
4. Ұлттық тағам
5. Салт – дәстүр
6. Нақыл сөздер
І бөлім. Таныстыру
1 жүргізуші. Әжелер келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дуға.
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен, ізетпен танысуға – дей келе әжелеріміз өздерін таныстырып өтуге береміз (әділқазылар бағаларын белгілегенше Дүйсенкүл әженің немересі Сәния үнді би билеп береді)
ІІ бөлім. Өз қолдарынан жасаған бұйымды қорғау
2 жүргізуші. Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан, - өз қолдарынан жасаған бұйымдарын таныстырып қорғайды. Әжелеріміз бұйымдарын көрсетіп өтті. (әділқазылар бағасын бағалағанша келесі өнер сайысы Бақыт әженің немересі Ахметова Аружан ән айтады
ІІІ бөлім. Өнерін көрсету
1 жүргізуші. Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп, ән салып береді – дей келе - өнерлерін көрсетуге береміз. (Әжелер өнерін көрсетеді) Әділ қазылар бағалағанша Абдрахманов Ермек «Қара жорға» биін билейді
ІV бөлім. Ұлттық тағамдар
2 жүргізуші. Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ «Ас қадірін білмеген аштан өледі», «Ат қадірін білмеген жаяу қалар» демекші әжелеріміздің алтын қолынан жасаған қазақтың дәмді тағамдарын таныстырып қорғамақшы. (әділқазылар бағалағанша Бақыткүл әженің немересі Уалиев Еркебұлан ән айтады)
V бөлім. Салт – дәстүр
1 жүргізуші. Әжелерім асыл менің ақылды,
Ажыратар алыс пенен жақынды.
Үйретеді салт-дәстүрді әжелер – дей келе салт - дәстүрге байланысты әжелер өздерінің ойға түйгенің көрсетеді.
1. Айтбай Сәнияның әжесі – «Тұсау кесер»,
2. Исанова Аиданың әжесі – «Бесікке салар»
3. Абдрахманов Ермектің әжесі – «Шілдехана»
4. Уалиев Еркебұлан әжесі – «Той бастар»
5. Ахметова Аружанның әжесі – «Сүндет той»
(Әділқазылар бағаларын бағалағанша Бағила әженің немересі Исанова Айда ән айтады)
VІ бөлім. Нақыл сөздер
2 жүргізуші. Жақсы сөз – жарым ырыс дейді ғой «Көп білгеннен емес, көп көргеннен сұра» демекші, өнерге үлгілерін оқушыларға, жас қыздар мен келіндерге қандай өсиет айтар екен, соны тыңдасақ. (әжелер ойға түйгендерін айтады)
1 жүргізуші. Сіздер бүгін әжелеріміздің батылдығы мен тапқырлығына куә болдыңыздар. Ендігі кезек әділ қазылардың қорытынды бағасында берейік. (Мақтау қағаз беріледі)
Сабақты қорытындылау. Құттықтау, сыйлықтар тапсыру.
1. «Өнерлі әже»
2. «Шебер әже»
3. «Кербез әже»
4. «Келбетті әже»
5. «Байсалды әже»
2 жүргізуші. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет, әжелердің өмірі ұзақ, немерелері көп болсын
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |