Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ертегіде қонақта


Ертегіде қонақта

Ертегіде қонақта

31наурыз, 2014 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Қатынас

Білім бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ертегіде қонақта

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша өздеріне таныс  ертегілердің  мазмұнын қысқаша баяндай  білуге үйретуді жалғастыру. Сөздік қорларын  сөйлеу барысында қолдана білулерін белсендіру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және сұраққа жауап беру білігін  дамытуды жалғастыру.

Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, ертегі кейіпкерлері, бейне таспа, үн таспа т.б.

Әдіс - тәсілі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Билингвистикалық компанент: Ертегі - сказка

Қонақта – гостях

Технологиялық карта

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

 

Балалардың

іс-әрекеті

 

 

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

Ұйымдастыру

шылық-ізденімпаз-

дылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялаушы

 

Балалармен амандасу арқылы назарын өзіме аудару.

Шаттық шеңбері

 

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды күніміз.

Қайырлы таң балалар!

Жылулық шеңберін ұйымдастыру.

- Балалар бүгінгі күніміз жақсы әрі сәтті өту үшін  бір – бірімізге жылы тілектер айтумен бастайық.

- Аспанымыз ашық болсын!

- Деніміз сау болсын!

 - Нанымыз мол болсын !

- Отанымыз тыныш болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Жарайсыңдар балалар, айтқан тілектерің қабыл болсын!

 

 

Ұйымдастырыған жаңа оқу іс-әрекетін түсіндіру.

Әңгімелесу.

«Балалар, міне, бүгін біз «Ертегіде қонақта» тақырыбында оқу іс-әрекет өтеміз. Және ертегі әлеміне қонаққа барамыз. Осы уақытқа дейін көп ертегі-аңыздармен әңгіме- жырлармен, өлең- тақпақтармен, жұмбақ- мақал, жаңылтпаштармен танысып, естіп білдік, олардың суретін салып өнер орталығында үйрендік. Қане, есімізге түсірейікші, жыл бойы қандай ертегілермен таныстық?»

- Балалар, ертегілердің ұқсастығымен қандай ерекшеліктері бар, атап өтейікші!

«Ертегі- бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам сияқты түрлі нәрселер істей алуы мүмкін Ертегіде сиқырлы құралдар бар. Ертегіде әрқашан қайырымдылық, зұлымдықты жеңеді. Қайырымды, шыдамды, еңбекқор адамдар әрқашан сый алады.» Ал өмірде ше?

-Жарайсыңдар , балалар!

- Балалар, сендер ертегілер әлеміне қонаққа  барғыларың келе ме?

Олай, болса, ертегіге қонаққа немен барсақ екен?

– Балалар сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?

- Жарайсыңдар, олай болса барлығымыз сыйып отыратын поиездбен барайық.

Балалар жайғасып отыра қойыңдар.

Балалар  жайғасып  отырып болғаннан кейін үнтаспадан поиезд дауысы шығады.

Поиезд аялдамаға тоқтайды.

Аялдама алдында ерекше қорапша жатыр екен. Қызық бұл не қорапша екен?

 Тәрбиеші қорапшаны алып қарайды. Қорапша бұрышында хат жасырылған екен, сол хатты тәрбиеші алып оқиды. Хатта: «  Қорапшаны айналдырып тастаған кезде, қай аңның  бейннесі шықса  сол аңның жүрісін салып жүреміз және ол қандай ертегіде кездесетін кейіпкер екенін тауып айтуымыз керек» деп жазылыпты.

Тәрбиеші тапсырманы орындайды.

Балалар қайтадан поиездға мініп жолға шығады, жолда  ерекше сандықша тұрады.

Балалар қараңдаршы қандай ерекше сандықша.

Ашып көрейікші,ой мына сандықшаның  қақпағы ашылмайды ғой. –Енді қалай ашамыз? Балалар мына жерде жұмбақтар жазылыпты, қанекей шешімін тауып көреміз бе?

Мүмкін жұмбақтың шешімін тапсақ, сандықшаның қақпағы ашылатын шығар.

Жұмбақтар

Мұрны бейне түйме

Үсті толған ине  (Кірпі)

 

 

Түсі көмірге ұқсайды

Аспанда ұшады  (Қарға)

 

Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады  (Қоян)

 

 

Өзі қу, әрі айлакер

Жүрген жері айқай да шу    (Түлкі)

 

 

Қыс бойы жатады

Тәтті ұйқыға жатады  (Аю)

 

Жұмбақтың шешімін тапқан кезде сандықшаның қақпағы ашылады, ішінен кемпір, шал, бауырсақ,  қоян, қасқыр, аю, түлкі  шығады. Балалар бұл қай ертегінің кейіпкерлері?

 

Жарайсыңдар балалар! Қазір мен  «Бауырсақ» ертегісін  фланелеграф  театры арқылы сахналап беремін.

 

Тыңда балам ертегі

Ертегі сыр шертеді

Ерте, ерте,  ертеде

Ешкі жөні бөртеде –деп «Бауырсақ» ертегісін оқып беріп, ертегіні рөлдерге бөліп балаларға

Фланелеграф театры арқылылы  сахналауды  тапсырамын.

 

 

       Сергіту сәті

(Жаңадан енгізілген «Мақта қыз бен мысық»  ертегі желісіндегі жануарлар биі)  Тәрбиеші «мақта қыз бен мысық» ертегі желісіндегі  Мақта қыздың киім үлгісін киеді.

 Сағанда қимыл керек,

 Мағанда қимыл керек.

Оғанда қимыл керек,

Қимыл керек.

Сағанда қимыл керек,

Оғанда қимыл керек.

Бізге де қимыл керек,

Қимыл керек.

Бүгін думан, бүгін той,

Әр елдерде мейрам ғой.

 Көңілденіп жүрейік,

Бірге ойнап күлейік.

Ал, қанекей билейік,

Қимылсыз жай жүрмейік.

Қанекей қолды көтер

Шаршамай кеп билейік.

Аяқта қолда биле

Аяқта қолда биле,

Аяқта қолда биле.

 

 Енді балалар біз өнер орталығында жұмыс жасаймыз. Жұмысымызды бастамас бұрын «Кейіпкерді тап» ойынын ойнап алайық.

Шарты: Тәрбиеші балаларға өткен ертегі куейіпкерлерінің макеттерін, суреттерін көрсетеді. Ал балалар қай ертегінің кейіпкері екенін тауып айтулары керек.

Мақсаты: Балаларды білімділікке,біліктілікке, сөздік қорларын сөйлеу барысында қолдана білуге тәрбиелеу.

 

 

Өнер орталығы.

«Менің сүйікті ертегімдегі  кейіпкер» тақырыбында сурет салу.

Шарты:  Балалар өз еріктері бойынша   ертегілердегі сүйікті кейіпкерлерінің суретін салады. Өздері әдемілеп салған ертегі кейіпкерлерінің қимылын  музыка ырғағымен келтіреді.

 

 

 Балалардан сұрақ-жауап алысу арқылы  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін пысықтау, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Амандасады

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.

 

Балалар жылы тілектерін айтады орындарына отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өтілген оқу іс-әрекетіндегі ертегілерді естеріне түсіріп, қайталап айтып шығады.

 

Балалар қайырымды-лық, зұлымдылық,

 

 

еңбекқорлық туралы пікір алмасады.

Ертегілер әлеміне қонаққа барғымыз келеді.

Әуеде, суда жерде жүретін көлік түрлерін білеміз.

Балалар оқу іс-әрекетіне қызығушылықпен қатысады.

 

 

 

Балалар тапсырманы қызығушылық-пен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Иә, жұмбақтың шешімін шешіп көрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері.

 

 

 

Балалар ертегіні тыныш отырып тыңдайды, тамашалайды.

 

Балалар ертегіні фланелеграф театры арқылы сахналайды.

 

 

Балалар ертегі үзіндісін компьютер арқылы көріп, қимыл-қозғалыспен жасайды.

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтінен кейін  поиездға мініп топқа келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қуана келіседі.

 

Балалар «Кейіпкерді тап»  ойынын ойнау арқылы  зерттеу орталығында жұмыс жасйды.

 

 

 

 

Балалар өз беттерінше жұмыстарына кіріседі.

 

 

 

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толықта мағыналы жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже

Білу: Ертегілер бізді баты, адал, еңбекқор болуға жетелейтінін білу.

Меңгеру: Ертегі кейіпкерлерінің жағымды жағымсызын ажыратып айтуды меңгеру.

Жасай алды:  Берілген тапсырмаларды орындай алды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ертегілер еліне саяхат»
Ертегілер еліндегі шалқан
Ертегі елінде
«Екі сараң қонжық»
«Түлкі мен Тырна» Орыс халық ертегі
«Түлкінің кебісі»
Технологиялық карта.
Жұмбақтар әлемі
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Менің сүйікті кейіпкерім
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 18769 | Қосты: Оспанова Мөлдір Амангелдіқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык