Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта


Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта

Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта.

Мақсаты: Балаларды ертегіні әңгімелете отырып, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Аңдардың ертегі бойынша мінез-құлқын бейнелеп, анық мәнерлі сөйлеуге үйрету. Ертегі тыңдау, сахналық қойылым, рольдерде ойнауға деген қызығушылығын арттыру. Диалогты сөйлеуге жаттықтыру. Айтылған ерте-гінің мазмұнын дауыс ырғағын келтіре отырып айтуға жаттықтыру. Айналадағы қоршаған ортаны сезіне отырып, құстарды қорғау, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Ұ.о.і.ә. Барысы: Сәлем берер әр қазақтың баласы демекші қонақтармен сәлемдесіп алайық.

                              Бәріне ізетпен біздер сәлем береміз,

                              Сәлеметсіздер ме пайлар!

Шаттық шеңбері.

Балалар бүгін орманға саяхатқа шығамыз. Бұл орман ертегі орманы.

- Орманда нелер өседі?

- Ағаштар

- Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

1 бала- Үйеңкі, қайың, қарылғаш,

              Шырша, қайың, қарағай,

              Өседі бәрі аралас

              Қамқоршы бол орманға,

              Орманды бәрің қорғаңдар.

Тәрбиеші: Орманда жүру ережесін білеміз бе?

Бала: айқайлауға болмады, тамақ қалдықтарын тастауға болмайды, от жағуға болмайды, аңдар, құстар-ды қорқытуға болмайды.

Тәрбиеші: Олай болса осы тәртіпті есімізге ұстайық. Алдымен ортамыздан жол көрсетіп жүретін көш-басшысы орманға келе жатады.

Бала: Ағаштың басында қатып тұрған құстарды көріп тұрмын.

Тәрбиеші: Балалар бұл құстарды мыстан сыйқырлап қойған. Егер тапсырмаларды орындасақ құстарға көмектесеміз.

1 құс. Торғай құстар туралы тыйым сөз, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел білесіңдерме?

Бұл қандай құс?      (Торғай)

1 бала- Мен торғаймын, торғаймын,

  Суықтанда тоңбаймын

  Құрт, құмырсқа шіркейден,

  Бау-бақшаны қорғаймын.

1 бала- Суық торғай, суық торғай,

             Үрке берді жуық қонбай.

             Сақылдаған сары аязда,

             Жүріп әбден шыныққандай.

3 бала- Торғай, торғай, торғайсың,

             Жақын келіп қонғайсың,

             Жем шашайын жейсің бе?

             Сонда торғай тоңбайсың.

4 бала- Қара қарғаларға,

              Ала қарғаларға.

             Ала қарғаларға,

             Қара қарғалар үйір.

5 бала- Қарға ,қарға, қарғалар,

              Қар үстінде жорғалар.

              Боранды күні жел соқса,

              Бұтағы келіп.

6 бала- Тыйым сөздер айтады.

2 құс. Көгершін.

Тәрбиеші: Бұл қандай құс екен 1 балаға жұмбақ айтқызу.

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп,

Қайсы құсты мақтаймыз.   (Көгершін)

Сергіту сәті. «Қарлығаш боп ұшайық»

3 құс. Қарға. Д/о. Қиылған пішінді құрастыр.

Қандай аңдар құрастырдыңдар?   (Аю, қоян, қасқыр, түлкі).

Ең қу аң қайсысы?   (Түлкі).

Түлкі туралы қай ертегі білесіңдер?   (Бауырсақ ертегісі).

 Ертегіні кім айтып береді?   Түлкі бауырсақты қалай алдады?

Түлкінің ісі дұрыс па?     Өтірік айтуға, алдауға бола ма?

4 құс. Сауысқан. Шармен бауырсақ ертегісін сахналау.

Тәрбиеші: Міне, барлық тапсырмаларды орындау арқылы құстарды кімнен құтқардық.   (Мыстаннан)

Қандай тапсырмалар орындадық.

Бала: Ертегі қойдық, тақпақ айттық, жұмбақ шештік, пішіндер құрастырдық, жасырынған аңдарды таптық.

Тәрбиеші: Балалар саяхатымыз аяқталып топқа баратын уақытымыз жақындаған сияқты.

Орманшы атай: Амансыңдар ма балаларым! Мен орманды қорғаушы Орманшы атай боламын. Мен сіздерді алыстан бақылап отырмын. Жақсы ертегі біледі екенсіңдер. Ормандағы құстарға көмек беріп құтқардыңдар. Рахмет сіздерге. Менің күзде жинаған жаңғағымнан дәм татыңдар. Балалар Орманшы атайға рахмет айтып, қонақтармен қоштасады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ертегі- ертегі сыр шертеді.
Ертегі елінде
Қоршаған ортамен танысу
«Қарлығаш пен дәуіт ертегісі»
Қыстайтын құстар
Орманда
Қыс қызығы
Қанатты достар
Құстар біздің досымыз
Саңырауқұлақ саясында
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6521 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык