Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Cурет салу, редакциялау


Cурет салу, редакциялау

Cурет салу, редакциялау

Сабақтың тақырыбы: Cурет салу, редакциялау

Сабақтың мақсаты:  Үзіндіні көбейту, үзіндіні өшіру, үзіндіні бейнелеу, немесе бұру тақырыптарын түсіндіру.

1) Сурет салып, оны көбейту, өшіру, бұру әрекеттерін орындау тәсілдерін үйренеді.

2) Өз күшіне сенуді, өз бетімен жұмыс істеуді  дамытады

3) Өз ұлтының ұлттық ою-өрнектеріне деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, эстетикалық көзқарасқа тәрбиелейді.

Сабқтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері, информатика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау. РР слайдтарда көрсетілген саймандар панелінің батырмаларының қызметі сұралады.

1)  –қарындаш

2)   – Құю құралы, тұйық контурдың ішін фон түсімен бояйды.

3) – Масштаб құралы

4) – Қисық, тегістелген сызықтар салуға қолданылады.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Үзіндіні көбейту.

Paintграфиктік редакторын іске қосамыз. Құрал саймандар тақтасындағы батырмасын пайдаланып, төртбұрыш саламыз. Төртбұрышты көбейту дегеніміз –экранда тышқанның нұсқағышын жылжыту арқылы оның көшірмелерінің тізбегін жасау деп ұғамыз. Shift  пернесін басу арқылы үзіндіні сурет салу аймағында көбейтуге болады.

Үзіндіні өшіру. Үзіндіні бірнеше әдіспен жоюға болады:

1-ші әдісі: Үзіндіні белгілеп алып, Правка Очистить выделение командасын орындау;

2-ші әдісі: Правка Вырезать командасын орындау. Бұл жағдайда сурет буферге көшеді.

3-ші әдісі: Рисунок →Очистить командасын орындау.

Үзіндіні бұру. Отразить→Повернуть командасының көмегімен 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.

Сурет берілді ол 270 градусқа бұрылды.

Отразить слева направо

«Қошқар мүйіз» ою -өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем  т.б түрлерінде кездеседі.

ІУ.Жаңа тақырыпты бекіту.

Тапсырма -1. Тапсырмалармен жұмыс жасайды. «Текемет» жасап  көрейік. Алдымен «қошқар мүйіз» оюды қарындаштың көмегімен салып аламыз. Оны төрт рет көбейтеміз. Әр оқушы әр түрлі түспен бояйды.

Тапсырма -2.

1)    Тіктөртбұрыш сызыңыз. 

2)    Оны қызыл түспен ояңыз.

3)    «Қошқар мүйіз» оюын салып, оны сары түспен бояңыз.

4)    Сол төртбұрыштың ішіне жағалай бірнеше рет көшіріп шығыңыз.

V.Жаңа тақырыпты қорытындылау.

VI.Бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру. «Төртқұлақ», «Үшқұлақ» оюының суретін дәптерлеріңізге салып келіңіздер.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Excel-де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен мәліметтерді енгізу
Paint графикалық редакторында үзінділермен жүргізілген әрекеттер. Үзіндіні жылжыту және көшіру. Үзінділерді көбейту.
PAINT графикалық редакторы
PAINT графикалық редакторының құралдары
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Paint графикалық редакторының құралдары
Үзінділерді қисайту, бұру
Растрлық графика
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті сақтау. Графиктік редактордың сурет салу құралдары
Шаршы, тікбұрыш, эллипс, шеңбер салу кезеңдері
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2889 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык