Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс


Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс

Солтүстік  Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Имантау орта мектебі

тарих пәні мұғалімі

Абиева Марзия Ахметқызы

Сабақ тақырыбыИсатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс 8-сынып

Сабақ мақсаты:  - Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебін, тарихи маңызын түсіну, тарихи оқиғаларды өз бетінше саралап, салыстыра  алу.

 Міндеті:   -  көтерілістің  басталу себебін,тарихи маңызын, бұл тарихи оқиғаның бүгінгі жастарға үлгі екенін түсіндіру,

- Оқушылардың  тарихи  оқиғаларды  өз бетінше салыстыра білуіне

бағыт  беру, ойын  еркін жеткізу дағдыларын дамыту,

- Тұлғалардың ерліктерін үлгі-өнеге ете отырып елін сүйетін, өз елінің

тарихын құрметтейтін  азамат тәрбиелеу. 

 Оқу нәтижесі:  көтерілістің себебін анықтай алады, тарихи маңызын түсінеді, тарихи оқиғаларды саралап, салыстыра алады.

  Ресурстар: интербелсенді тақта, презентация, стикер,оқулық, бағалау парағы, үлестірме қағаздар.

Модулдер: АКТ. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.Талантты және дарынды.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

уақыт

тапсырмалар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы әрекеті

3 мин

 

1.Тренинг «Жүректен-жүрекке» сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру

2.топқа бөлу

 

Оқушыларды шеңбер жасап тұруға шақыр-ады

Гүлді таңдатады

Бағалау парағы

Тілек айтып бір-

біріне гүл ұсы-

нады, гүлдің

түсіне қарай

бөлінеді

4мин

2.Мағынаны таны: слайд№1

Оқушылар тақырыпты,мақсатын өздері анықтайды,

Махамбеттің өлеңі оқылады

 

Ереуіл атқа ер салмай

Егеулі найза қолға алмай

Еңку-еңку жер шалмай

Ерлердің ісі бітерме?....

Тыңдайды,

Кімнің өлеңі

екенін,тақырып мақсатын анық-тайды,

2мин

3.сабақты қысқаша түсіндіру

Махамбет пен Исатай-дың өмірі баяндалады

тыңдайды

5мин

4.шығармашылық жұмыс:

 презентация

Тыңдайды,

Сұрақ береді

 

Өзі дайындаған жұмысын

қорғайды

 

7мин

5.мәтінмен жұмыс: слайд.№2

1-топ- кесте толтыру «қосымша1»                                                                          2-топ  кесте толтыру

Тыңдайды, толық-

тырады

Жұмысты

қорғайды

 

7 мин

6.Картамен жұмыс: слайд№3

Шайқас болған жерлер «қосымша2

бақылайды

Оқулықтан тауып белгілейді

2мин

7.Сергіту сәті «Қызыл өрік»

слайд№4

 

 

5мин

8.мәтінмен жұмыс: слайд№5

1-топ-көтерілістің жеңілу себеп-

терін анықтау

2-топ-көтерілістің тарихи маңызы,

бүгінгі жастарға берер үлгісі

Бағдар береді.

Тыңдайды,толықтыр-ады

Бірге ойланады,

жауап береді

5мин

9. Сабақты бекіту: Слайд№6

Тест тапсырмасы  «қосымша 3»

Бақылайды.

Жеке жауап бер-еді,дұрыс жауап-

пен салыстыр-ады

2 мин

10. Рефлексия :слайд№7

«БББ»

 

Оқушыларға  стикер

таратады, жауаптары

алынады

 Әркім өз жауабын жазады

2мин

11. Бағалау:

 

Бағаны түсіндіреді,

қажет болса сұрақпен толықтырады

 

1мин

12.Үй жұмысы:§5 оқу,

 

 

Мұғалім сөзі: Махамбет Өтемісұлы (1804 ж.,туған жері  Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жері. — қайтыс болған жері 1846 ж. қазан 20, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.  Байұлы ішіндегі Жайық-Беріш. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

Исатай Тайманұлы 1791жылы Атырау облысы,Қызылқоға ауданы Тайсойған құмындағы Тайман жалы деген жерде дүниеге келген.1838жылы Көшентоған деген жерде дүниеден өтті.

1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры.  Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы .Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы басынан өткен көптеген ауыр әрі қауіпті оқиғаларға мойымай асқан қайсарлық көрсетіп, өз жауларымен өмірінің ақырына дейін алысып өтті. Тек Исатай ғана "өлгенінше көпті соңына ерте алды" (Х.Досмұхамедов). "Тып-тыныш әлемде, қап-қара тұнық аспанда кейде жарқырап, зулап, жан-жағына отын шашып, жұртты таңқалдырып келе жатқан метеорды көресің. Тап осы метеор сияқты жарқын бейнелі, абзал, терең ақыл-ойдың иесі, халық қамын ойлаған қажырлы батыр -Исатай"- деп жазды орыс журналисі Н.Савичев

Қосымша№1 1-топ:  кесте  толтыру.

Көтерілістің туындау себептері

 

Көтерілістің мақсаты

 

Қозғаушы күші

 

Көтеріліс қамтыған аймақтары

 

2-топ: кесте толтыру. Көтерілістің барысы

уақыты

Болған  оқиға

 маңызы

 

Қосымша№2 Картамен жұмыс: Шайқас болған жерлерді анықтап,белгілеу.

Қосымша№3 Тест .жеке жұмыс.

1.Бөкей ордасының негізі қаланды

А) 1802ж.   Ә)1801ж.  Б) 1803ж.  

2.Бөкей ордасының негізі қаланған жер

А) Сырдария мен Амудария арасы.  Ә) Шу мен Талас арасы. Б)Жайық пен Еділ арасы

  1. Тастөбедегі шайқас болды

А)1837ж.қыркүйек   ә) 1837ж.қараша    б)1837ж.шілде

4.1837ж.көтерілісшілер жағына өз жасағымен қосылды

А)Жүніс Жантөлин   ә)Б. Айшуақұлы  б) К.Арысланов

5.Көтерілісшілер өз қыйын жағдайының әділ бағалануы үшін зерттеуге сұраған өкілі

А) В.А.Перовский   ә) Даль     б) Геке

Бағалау парағы:

Оқушы аты,жөні

Тапсырма1

Тапсырма2

Тапсырма3

Тапсырма4

қорытынды

Критерийлер:

Жауап толық, дәлелімен-  5балл,

Жауап  толық, дәлелдей алмайды-4балл

Жауап толық емес -3балл

20- 19 балл- 5 баға.     18-17балл- 4баға.      16- 12балл- 3баға


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
1836-1838 жылдардағы Ішкі ( Бөкей) Ордадағы шаруалар көтерілісі
« Қазақ халқының ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы»
1836-1838жж. И Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
ХІХ ғ. І жартысы ұлт- азаттық көтерілістер
Махамбет – күрескер ақын
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары
1836-1838жж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс
М. Өтемісұлы «Мен –құстан туған құмаймын», «Жалғыздық»
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 13256 | Қосты: Абиева Марзия Ахметовна | Ілмек сөздер:
avatar
• 15 ноября 2014 04:55
Керемет жазылған. Рахмет!
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык