Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мақал-мәтелдер, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері


Мақал-мәтелдер, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері

Мақал-мәтелдер, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері

Сембаева Ботакоз Сагындиковна

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,

«Петровка жалпы білім беру орта мектебі»

комуналдық  мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың түрі:  Сабақ  жоспары

Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 5 « А »сынып

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері

 Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру;

тәрбиелік–ана тілін ардақтап бағалай  білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;

дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал- тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, тірек сызба,суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар,іздендіру.

Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих,бейнелеу, математика.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру. Оқытудың қолайлы жағдайларын жарату,үй тапсырма- сын сұрау.

 Оқушылық деңгей.

Зымыран сұрақтар

  1. Тұрақты тіркес деген не?
  2. Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша  не деп атаймыз?
  3. Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі бола ала ма?
  4. Тұрақты тіркестердің қандай баламасы болады?
  5. Тұрақты тіркестер мәмағынасы жағынан бір-біріне антоним болуы мүмкін бе?
  6. Тұрақты тіркестердің мағыналары оның құрамындағы сөздердің мағыналарымен байланысты бола ма?
  7. Ана тілімізде тұрақты тіркестердің маңызы қандай?

Суреттерге қарап (қас, көз, құлақ, мұрын) тұрақты тіркестер табу.

Шығармашылық деңгей. Кестені толтыру

Тұрақты тіркестер

Мағына

Сұрақтар

Тілі шығу

Ит арқасы қиянда

..........................

Таяқ тастам

Қоян жүрек

Сөйлеу

...........................

Қуану

.....

Жылдам

Не істеу?

...................

Қандай?

...............

Тақтадағы мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп, ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.

Білім қымбат,білу қиын.

Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ ,

Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

- Балалар,бұл мақалдарды біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны етіп алсақ, жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы..

- Мақал-мәтелдер.

-Дұрыс, балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя,мұқият түсініп алыңдар. Ол үшін жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз.

 Жаңа сабақты түсіндіру.

Мақал-мәтелдер–халық даналығының,көрегендігінің айнасы, тіл  байлығының  алтын  қазынасы. Мақал-мәтелдерді  адам  баласы  өзі  айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады.  Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің, ой-тұжырымының қорытынды  жиынтығы,  айқын  ойды   үлгі-өнеге, ақыл  ретінде  қысқа қайырып, көркем  бейнелеп  жеткізетін  халықтың  дана,  нақыл  сөзі.

ой тиянақты,

дәлелді

аяқталған сөйлем

 

Мақал

 

салыстыру

екі бөлімді

Мақал - мәтелдер қосарлана  айтылғанмен,олар бір-біріне туыс болғанмен, екуінің   өзара  айырмашылықтары  бар. Ол    айырмашылықтар  мақал   мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады.

Мәтел мақалға  қарағанда  ойды ақырына дейін жеткізбей,топшылап,бол- жам  ретінде түсіндіретін,сөйлем түрінде де,сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.

сөйлем немесе сөз тіркесі

 

топшылау

Мәтел

мағына тұспалды

 

қорытынды пікір,дәлелдеу жоқ

Мәтел құрылысы ойды  түйіндеу жағынан  мақалдан өзгешерек. «Әлін біл- меген әлек»,«Көппен көрген ұлы той»деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ.Оны ,бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды.Мәтелде тиянақты тұжырым да болмай- ды.

Мақал - мәтелдердің  тақырыптары  әр  алуан. Ол  халықтың  әлеуметтік шаруашылық, рухани өмірін  түгел  қамтиды.

Жаңа сабақты бекіту.

Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.

Мақал-мәтелдер

Тақырыптары

 

Денсаулық – зор байлық

....................

Досы көпті жау алмайды

....................

Ата көрген оқ жонар,.......

.....................

Ерді намыс өлтіреді

Өнер – білім

.....................

Еңбек

....................

Ынтымақ,бірлік

.....................

1.Мақал деген не?

2.Мәтел деген не?

3.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?

133-жаттығу. Ауызша.  Мақалдарды оқып, мағынасын  түсіндіру. Епті,есті сөздерінің мағынасын түсіндір.

Кесте  толтыру.  Мақалдар  мен  мәтелдерді  ажыратып, баған  түрінде жазу.

134-жаттығу. Суретке қарап мәтін құрау.

Сабақты қорыту.

Бағалау.

Үйге тапсырма. 135-жаттығу. Көшіріп жазу.  Ата-ана туралы 10 мақал-мәтел жазу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мақалдар мен мәтелдер
Мақал-мәтелдер
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР, ОЛАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Тұрақты тіркес
Мақал-мәтелдер
Тұрақты тіркестер
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
«Мақал мен мәтел», «Нақыл сөз» тақырыптары бойынша
Тұрақты сөз тіркестерінің өзіндік ерекшеліктері
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 19037 | Қосты: Сембаева Ботакоз Сагындиковна | Ілмек сөздер:
avatar
• 12 ноября 2014 16:50
рахмет. ботакоз сагындыковна! өте керемет жоспарланған сабақ жоспары.сабағымда әрдайын қолданамын.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык