Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мақал-мәтелдер


Мақал-мәтелдер

Сабақтың тақырыбы Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты :
                                  а) Мақал-мәтелдер тралы түсінік беру,мақал мен мәтелдердің айырмашылығын түсіндіру;
                                  ә) Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;                                                                                                                                                                                                                                                    
                                  б)  Сауаттылыққа,тұлға ретінде қалыптасуға баулу.
Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :                               баяндау,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,мақал-мәтелдер жинағы 
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих,анатомия
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
   Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушылардың білімін бақылау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
  1:Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
  2.Эвфемизмдегеніміз не№
  3.Дисфемизм дегеніміз не?
  4.Табу дегеніміз не?
                                          б)  Жаңа сабақты түсіндіру:
    «Сөздің көркі - мақал» деген аталы сөз бар.Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізе білуге болады.Мысалы, «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей» деп айтылған ақыл кімге ұнамайды дейсің.Мақалды көп біліп,көп қолданатын адамдардың білімі де,ақылы да арта түседі.
   Мақал-мәтелдер-ауыз әдебиетінің бір түрі.Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл,ақыл айтылады.жаманнан сақтандырып,жақсыны үлгі етеді.Мақал-мәтелдердің мәндері,тақырыптары әр алуан.Халық өміріндегі өз бақылауларын қорытындылап,тұжырым жасап,ұйқасты сөздермен өнеге,үлгі боларлық мақалдар жасап отырған.мақал-мәтелдер өлең сөз сияқты көркем,ұйқасып тұрады.

Кітаппен жұмыс: жаттығуды жазып,ондағы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, мақал ма,әлде мәтел ме соны ажыратып береді.

Топпен жұмыс :   Екі оқушыны шығарып мақал-мәтелдердің әр түрлі тақырыптарына байланысты мақал айтып жарыстырамын.

Екеара жұмыс : Мақалдың бір сыңарын айтқызып,екінші сыңарын екіншісіне айтқызамын.

Білімді бекіту: 1.Мақал дегеніміз не?
                            2.Мәтел дегеніміз не?
                            3.Мақал мен мәтелдің арасында қандай айырмашылық бар?

Бағалау :  Оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Оқу-білім,еңбек туралы мақал-мәтел жаттап келуге беремін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мақалдар мен мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР, ОЛАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Мақал-мәтелдер
Көнерген сөздер
Синонимдік сөздікпен жұмыс
Тұрақты тіркестер
Орфоэпия
Мақал-мәтелдер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3194 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык