Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттармен жұмыс


Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттармен жұмыс

Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім беруді реформалаудың жаңа мақсаты айқындалған: «адам ресурсын озық дамыту және Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіру» деп айтылған. Қазір педагогикалық қауымдастықтың алдында білім берудің жаңа модулін құруды сынақтан өткізудің ауқымды міндеттері тұр. Мұнда Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшу, білім беру мазмұнын жаңа мақсатқа сай жаңалау. Дәстүрлі оқыту жүйесі жаңа мақсаттармен бүгінгі күннің талаптарын қанағаттандырмайды. Білім берудің мазмұнын жаңалауға Қазақстан ғалымдарының тұжырымдамалары бойынша жаңа инновациялық технологияларды ендіру қажет.

Демократиялық білім үшін құрылған Консорциум басқарған «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану арқылы да информатика сабақтарын түрлендіріп өткізуге болады. Бұл әдістеме бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – «қызығушылықтарын ояту» деп аталады, бұл жерде мұғалім әртүрлі іс-әрекеттер арқылы оқушыларды қызықтыра алулары керек, осы кезеңнен әрі қарай сабақтың өтілуі тәуелді. Екінші кезең – «мағынаны тану» деп аталады. Мұғалім жетелеу сұрақтарын қою арқылы оқушыларға сабақтың мағынасын өз беттерімен ашатын жағдай жасап, тақырыптағы ереже, формулалар қорытындысына оқушылар өздері жетулері керек. Үшінші кезеңі – «ой толғаныс» мұғалім әдістемедегі стратегияларды пайдалана отырып сабаққа қорытынды жасауы керек.

Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттармен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіндік ақпарат ұғымын қалыптастыру және оны өңдеу процедураларымен таныстыру;

Дамытушылық: Теориялық білімдерін толықтыра отырып, оны практикада (іс жүзінде) қолдана білу білік-дағдыларын дамыту;

Тәрбиелілік: Өз бетінше білім алуға, ізденуге, топпен және жеке жұмыс істеуге, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:кеспелер, плакат, слайд

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО старатегияларын пайдалану

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады. Сынып оқушыларын ЖИГСО стратегиясы бойынша алдын-ала жанұяларға (А,В,С,Д жанұялары) бөлемін. А,В,С,Д жанұя мүшелері 1,2,3 болып нөмірленеді.

1. Символдық мәліметтер дегеніміз не?

2. Символдық мәліметтер қалай сипатталады?

3. Символдық мәліметтерді енгізудің ерекшеліктері

4. Символдық мәліметтер үшін қандай стандартты функциялар қолданылады?

ІІ. Мағынаны тану

Әрбір жанұяның мүшелері өз нөмірлері бойынша жұмыс тобын құрады (1-лер 1 жұмыс тобын, 2 - ..., 3 - ...).

Жаңа сабақ материалы 3 бөлікке бөлінген мәтін түрінде әрбір жұмыс тобына бір-бір бөліктен  мәтінді оқып, өзара жұмыс тобында талдауға таратылып беріледі. Талдап болған соң әрбір жұмыс тобының бір мүшесі тақтаға шығып, өз мәтіндері бойынша жаңа сабақты жалпы сыныптағы оқушыларға түсіндіріп береді.

1-тобы

Мәтіндік мәлімет, оны сипаттау, енгізу

Мәтін әртүрлі символдардан тұратын жолдар тізбегі. Әдетте, мәтіндермен жұмыс істегенде, тек символдық шамаларды пайдалану тиімсіз, өйткені көбінесе жеке символдарды емес, олардың тізбегін – сөз тіркестерінен тұратын мәтін жолдарын өңдеу қажет болады.

Символдар жолы немесе жолдық тұрақты деп символдарының саны 256-дан (0-255) аспайтын апостроф ішіне алынған символдар тізбегін айтады.

Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар кеңінен қолданылады, олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы, одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең үлкен ұзындығы көрсетілген string түйінді сөзі пайдаланылады.

Var <айнымалы аты, ...>: string [жолдың ұзындығы];

Мысалы:

Var      text: string [5];

            atay: string [40];

            tema: string [250];

            simbol: string [279];   қате, өйткені 255<279

            sim: string; егер, жол ұзындығы көрсетілмесе, онда ұзындығы – 256

Тіркестік өрнек деп амал белгілері, тіркестік тұрақтылар, айнымалылар және функция атауларынан құралған, ұзындығы 256 символдан артпайтын  тізбекті айтады.

Тіркестік айнымалыға тіркестік өрнектер мәнін беруде меншіктеу амалы (:=) қолданылады. Бірақ мұнда, егер меншіктелінетін мән ұзындығы оны сипаттауда көрсетілген ең үлкен ұзындықтан артық болса, онда артық символдар алынып тасталады.  Мысалы:

Сипаттау               Өрнек                                    Нәтиже

A:string[5];            A:=’Қазақстан’                    ’Қазақ’

B:string[3];            B:=’INFORMATION’  ’INF’

C:string[8];            C:=’COMPUTER’                 ’COMPUTER’

2 тобы

Тіркестік өрнектерге қолданылатын амалдар

Тіркестік өрнектерде біріктіру және салыстыру амалдарын пайдаланады.

Біріктіру немесе конкатенция амалы, ол қарапайым «+» белгісімен белгіленеді. Бұл амал бірнеше символдардан тұратын немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады.

Мысалы:

S1:=’Aiteke’;     S2:=’bi’;     S3:= S1+S2;       S3:=’Aitekebi’;

Сөз тіркестерін біріктіру амалын Concat() функциясы арқылы да орындауға болады. Мысалы: 

S1:=’Aiteke’;     S2:=’bi’;    S3:= concat(S1,S2);        S3:=’Aitekebi’;

Салыстыру амалдары, олар: =; <>; >; >=; <; <=  белгілерімен белгіленеді. Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса, онда қай жолдың символы көп болатын болса, сол үлкен болып есептеледі. Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса, ең алдымен біріктіру амалы, содан соң салыстыру амалы орындалады. Сөз тіркестерін салыстыру амалының нәтижесі логикалық шама (ақиқат-TRUE, жалған-FALSE) болады. Мысалы:

өрнек                              нәтиже

’ddd’ > ’dd’                    TRUE

’ddd’ < ’dd’                    FALSE

’Tam1’ = ’Tam2’            FALSE

’Tam1’ < ’Tam2’            TRUE

Мәтін ұзындығын анықтау операциясы. Length функциясы мәтіннің ұзындығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл операция алгоритмдік тілде ұзын (длин-length) түйінді сөзі арқылы орындалады. Мәтін ұзындығы оны құрайтын символдар санымен анықталады. Мысалы:

алгоритмдік тілде         ұзын (’Жаса, жайна, Қазақстан!’)=23,

ал Паскаль тілінде         length (’Жаса, жайна, Қазақстан!’)=23

Бірде бір символы жоқ мәтін бос мәтін болып саналады. Оның ұзындығы 0-ге тең.   ұзын(’’)=0

3 тобы

Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты

функциялар мен процедуралар

Copy функциясы бір сөз тіркесінен екіншісіне үзінді көшіру қызметін атқарады.

Ол үшін мына келесі параметрлерді көрсетуіміз керек:

  1. Үзінді көшіріліп алынатын сөз тіркесінің аты
  2. Сөз тіркесіндегі көшіріліп алынатын үзіндінің орны (позициясы)
  3. Көшірілетін символдар саны

Copy(St,Poz,N) – St cөз тіркесінің Poz нөмірлік (позициялық) символынан бастап қатар тұрған N символ көшіріліп алынады. St – тіркестік айнымалы, Poz, N – бүтін сандар. Егер сөз тіркесі ұзындығынан N артық болса, нәтиже бос символ (бос орын) болады.

Мысалы:      S := ’Қазақстан’;R:=сopy(S,1,5);

Нәтижесі:     R: = ’Қазақ’

Delete процедурасы сөз тіркесінен қажетті позициядан бастап символдар саны бойынша үзіндіні алып тастайды.

Delete(S,Poz,N) – мұндағы, S – cөз тіркесі, Poz – символ позициясы (орны)  (Poz<255), N – өшірілетін символдар саны.

Мысалы:    S:=’Сырдария өзені’;  Delete(S,9,6);         S:=’Сырдария’;

Insert процедурасы бір сөз тіркесін екіншісіне көрсетілген орыннан (позициядан) бастап  кірістіреді.

Insert(S1,S2,Pоz) – S1 - кірістірілетін сөз тіркесі, S2 – екінші сөз тіркесі, Poz – кірістірелетін орны (позициясы).

Мысалы:      S1:=’Алау’;                  S2:=’та’;              Insert(S2,S1,4)

Нәтиже:        S1:= ’Алатау’

Жұмыс тобының мүшелері жаңа сабақты пысықтау мақсатында өз жанұяларына оралады.

ІІІ. Ой толғаныс

Әрбір жанұяға жаңа сабақ бойынша тапсырмалар беріледі. Жанұя мүшелері жұмыс тобында алған білімдерін ортаға сала отырып, тапсырмалардың бағдарламасын құрып, компьютерде Паскаль тілінде теріп, тексеріп, орындайды.

1-тапсырма

S1:=’Алматы’; S2:=’Орынбор’; S3:=’Астана’; S4:=’Шымкент’;   S5:=’Ақмешіт’; Берілген тіркестерді Қазақстанның астанасы болу ретімен біріктіріп, ондағы артық қаланы (астана емес) алып тастау керек.(Delete, Concat)

2-тапсырма

Отан, еңбек, білім туралы мақалдар енгізіп, мәтінді үлкен әріптермен жазу және мәтін ұзындығын табу керек. (Length)

3-тапсырма

А:=’Қазақстан’;   В:=’Астана’;     Берілген сөз тіркестерінен жаңа сөздер құрау керек.  (Insert, Copy, Delete)

4-тапсырма

«Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» атты қысқаша мәтін құр. Мәтіннің ұзындығын анықта және үлкен әріптермен шығар.

ІV. Қорытынды

Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады. (Сұрақтар жеке-жеке кеспелер түрінде дайындалып, таратылады.)

  1. Мәтін дегеніміз не?
  2. Символдар жолы дегеніміз не?
  3. Паскаль тілінде тіркестік айнымалылар қалай сипатталады?
  4. S1:=’рухани’;   S2:=’астана’;   S3:=’Түркістан – ’;    S4:=concat(S3,’’,S1,’’,S2); Нәтижесі қандай болады?
  5. S:=’Менің отаным – Қазақстан!’;   length(S);  Нәтижесі қандай болады?
  6. S:=’Олимпиада’; copy(A,1,4)=? Нәтижесі қандай болады?
  7. B:=’Астана’;  Delete (B,1,2);  Нәтижесі қандай болады?
  8. S1:=’Мұса  Байзақұлы’;   S2:=’бек’;    Insert (S2,S1,5); Нәтижесі қандай болады?
  9. Predстандартты функциясының қызметі
  10. Ord  стандартты функциясының қызметі
  11. Upcaseстандартты функциясының қызметі
  12. Succ  стандартты функциясының қызметі

Оқушылардың білімін бағалау.(бағалау парағы)

Үйге тапсырма: 4.2 тақырыпты оқу

Тапсырма: Қолданушының енгізген мәтінінің ұзындығын анықтайтын және мәтінді толығымен бас әріптерге ауыстыратын бағдарлама құру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Символдық және жолдық шамаларды қолданып есептер шығару
“To be’’ етістігінің қолданылуы.
Информатикадан 9 сыныпқа арналған бақылау жұмысы СТО арқылы
Тіркес екпіні
Seasons
Loch Ness Monster
How green you are?
Table manners Ашық сабақтар
Brain –ring! “The United Kingdom of Great Britain and the Republic of Kazakhstan”
Table manners (Застольный этикет)
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 4424 | Қосты: Бекеева Гульжамал Мейркуловна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык