Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері


Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері

Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері

САБАҚ  ЖОСПАРЫ

Күні: 14.04. 2014 ж

Пән аты:   Физика және астрономия

Сыныбы: 8 «Б»

Пән мұғалімі: Сағындықова С

Сабақтың тақырыбы

Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері

 

Сілтеме

Жоспар.

Оқулық. 8 сынып

 

Жалпы мақсаты

 

  • Жарық  туралы ақпарат беру.
  • Жарық түрлерін ажыратуға үйрету.
  • Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

 

Күтілетін нәтиже

  • Жарық  туралы білетін болады.
  • Жарық түрлерін ажыратуға үйренеді.
  • Топта ынтымақтастықпен жұмыс жасайды.

 

Негізгі  идеялар

       Әр адамға қажет, өте қажет, өте қызық, өте пайдалы құбылыстармен танысады. Бұл- жарық құбылыстары. Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика бөлімі қарастырады.

     Негізгі оптикалық құбылыстарды білудің танымдық және практикалық мәні бар.

     Біз әр түрлі жарық құбылыстары бар дүниеде өмір сүреміз. Олардың пайда болу себептерінен хабарсыз жандарға көптеген жарық құбылыстары таңғаларлық және құпия болып көрінеді. Егер біз олар жайлы ғылыми түсінік алсақ, олардың басқа құбылыстармен байланысын тапсақ және оларды табиғаттың белгілі заңдары негізінде түсіндірсек, онда бұл құбылыстардың құпиясын аша аламыз.

 

Тапсырмалар

Топтық жұмыс. «Мәтінді талқылау»

Жұптық жұмыс. «Жұмбақ»  шешу

Жеке жұмыс.  Блум таксономиясы

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

1.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

  Көңіл-күйлерің қалай?Мен сендерге сәттілік тілеймін!

2.Сыныпты топқа бөлу(Абай өлеңін құрастыру арқылы құрастыру арқылы сынып үш топқа бөлінеді) 

3.Бағалау парағы таратылады. 

Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда дірілдеп. 
Ауылдың жаны — терең сай, 
Тасыған өзен күрілдеп. 
 Қалың ағаш жапырағы, 
Сыбырласып өзді-өзі. 
Көрінбей жердің топырағы, 

 

Құлпырған жасыл жер жүзі. 
Тау жаңғырып, ән қосып, 
Үрген ит пен айтаққа, 
Келмеп пе едің жол тосып, 
Жолығуға аулаққа? 
  Таймаңдамай тамылжып, 
Бір суынып, бір ысып.

Дем ала алмай дамыл қып, 
Елең қағып, бос шошып. 
Сөз айта алмай бөгеліп, 
Дүрсіл қағып жүрегі. 
Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (5 минут)

  • Үй тапсырмасын тексеру мақсатында миға шабуыл  бойынша алынады.

1)    Магнит өрісінің  басты қасиеті- ( оның электр тогына әсер етуінде)

2)    Магнетиктер дегеніміз не? (Магнит өрісі әрекетінен магниттелетін заттар)

3)    Ферромагниттік емес заттар нешеге бөлінеді? Аттарын ата. (Екіге бөлінеді.парамагнетиктер және диамагнетиктер)

4)    Магнит өрісін өзгерткенде электр тогының пайда болу құбылысын  ашқан ғалым? Бұл құбылыс қалай аталады? Ғалым туралы не білесің?

   Жасырын сөзді табыңдар. Семантикалық карта. Жеке жұмыс.

Жауабы

 

 

Сұрағы

Ротор

Кернеуді жоғарлатуға және төмендетуге арналған   құрылғы

Сыртқы магнит өрісін әжептеуір күшейтетін заттар

Статор

Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина

Трансформатор дегеніміз не?

Ө

Ж

З

А

Ж

Ферромагнетиктер дегеніміз не?

М

Ы

А

Ә

Б

Генератордың айналатын бөлігі

Р

В

Г

Д

Е

Генератор дегеніміз не?

Л 

Ы

О

Ғ

Ы

Генератордың қозғалмайтын бөлігі

Қ

Э

У

Қ

И

(Семантикалық картаны дұрыс шешкен оқушы айтып береді.)

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері.  ( Тақырыпты бүгінгі күнге жазып қойады)

ІІІ. Топтық жұмыс. «Мәтінді талқылау» (7. 3. 1 минут)

Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды..Топ болып бірігіп, тапсырманы орындайды.

Топта 5  рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және ішкі бақылаушы,сыртқы бақылаушы.  Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Бақылау парағы беріледі. Үш топқа «Тұжырымдамалық карта» дайындау тапсырылады, баяндамашылары қорғайды. Топтарды өзара формативті бағалау

( Екі жұлдыз,бір ұсыныс). (3минут)

 Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері

Көшбасшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу

 

 

 

 

2

Міндетін атқару

 

 

 

 

3

Топтық жұмысқа атсалысуы

 

 

 

 

4

Жеке жұмыс жасай алуы

 

 

 

 

  

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

АКТ-ны пайдаланып жаңа сабақты түсіндіріп өтемін.

 IV.Жұптық жұмыс. «Жұмбақ шешу» (10минут)

Әр топқа нөмірленген қағаз қиындыларын таратамын. №1-ден №7-ге дейін. Әр топ мүшелерінің сәйкес нөмірлері жұмбаққа жауап береді. Әр жауапқа екі ұпайдан

( 1 оқушы жұмбақ қояды, 2 оқушы жауап береді. Жауап бермеген жағдайда тобынан көмек сұрайды. Бірақ ұпай саны кемиді)

 1.Төрiнде тұр нұр көзi,                                                        

    Жердiң биiк күмбезi. (Аспан)

 

2.Жайғаным түктi кiлем,

              Iлгенiм – тықыр кiлем. (Жер мен Аспан)

 

3.Қос алып көз,

   Бiрi – жарықта көредi,

   Бiрi қараңғыда көредi. (Күн мен Ай)

 

4.Айдалада көк шатыр,

  Көк шатырда

  Қызыл көздi шал жатыр. (Аспан мен Күн)

 

5.Әлемнiң бар екi күзетшiсi;

  Бiрi – күндiз тынығады,

  Бiрi – түнде тынығады. (Күн мен Ай)

 

6.Күн мен түннiң кеңдiгiн,

  Жер шарының ендiгiн,

  Қақ бөлiп тұр тепе-тең,

  Жұмыр жердiң белдiгi. (Экватор)

 

7.Ғаламның шырағы не?

  Адамның шырағы не? (Күн мен Бiлiм)

 

8.Екi доп ауысты,

   Бiр шеңбердi тауысты. (Күн; Ай; Тәулiк)

 

9. Бейнесi суда дiрiлдейдi,

    Қармаққа бiрақ iлiнбейдi. (Ай)

 

10.Күндiз бiлiнбейдi,

    Түнде күлiмдейдi. (Жұлдыз)

 

11.Көк жүзiнде ай батқан,

     Жолақ жатыр,

   Аумаған

    Төгiп алған қаймақтан. (Құсжолы)

12.Айсыз түнде қараңғы,

    Түнекте де боранды.

    Бiр орнынан жылжымай,

    Бағыт берер бұлжымай,

    Жол көрсетiп тұрады. (Темiрқазық)

13.Мөлдiр көкте бiр ғана,

     Шоқтай жайнап тұр дара. (Шолпан)

14.Күндi айналып қозғалады,

     Артында жарық жол қалады. (Құйрықты жұлдыз)

15.Терезеден есiледi,

     Қараңғыны көшiредi. (Сәуле)

16.Жарқылдан соң жаңағы,

     Суға бөктi бар алап.

    Көкте түрлi жолақты,

    Өрнек тұрды ғаламат!  (Кемпiрқосақ)

17.Күн көзiнен құйылады,

     Жер бетiне жиылады.

    Құшақ ашап барша тiрлiк,

    Қуанады, сыйынады. (Нұр)

18.Дүрлiктiрiп қырқаны,

    Шақпақ тастың жарқылы

    Бұлт көрпесiн жыртады. (Найзағай)

    Бұйра жасап сан қилы,

    Сұйық жазық шалқиды.  (Теңiз)

19.Туған жердiң белбеуi,

    Шұбатылып қалыпты.

    Керемет-ау кернеуi,

   Тасты тесiп, жарыпты.    (Өзен)

20.Күндiз жанбайды,

     Түнде маздайды.   (Шырағдан)

21.Қып-қызыл кезiнде,

     Бет қаритын жапырақ,

    Табы қайтқан кезiнде,

    Сұп-сұр майда топырақ.   (Шоқ пен Күл)

22.Жүрген жерiн жалмайды,

     Тастан басқа қалмайды.   (От)

23.Салып ем шыны сарайды,

     Тiлiнен жарық тарайды.   (Шам)

24.Қабырғаға қасынар,

     Былғауыш басы бар.   (Сiрiңке)

V.Жеке жұмыс. Блум таксаномиясы. (10 минут)

Ойлау деңгейі

                Сұрақтар

            Жауаптары

 

Білу

Жарық дегеніміз не? Қандай денелер жарық көздері бола алады?

 

 

Түсіну

Жарықтың энергия берілудің бір түрі- сәулеленумен қандай байланысы бар?

 

 

Қолдану

Адамның тіршілігі мен іс-әрекетінде жарықтың рөлі қандай?

 

 

Талдау

Жарықтың түрлерін атап көрсетіңіз?

 

 

Жинақтау

Тұжырымдамалық тапсырма

Жарықтың түрі

Ерекшелігі

 

 

 

Бағалау

Жарық түрлерінің суретін салыңыз немесе  өлең шығарыңыз.

 

VI. Кері байланыс. (3 минут)

Рефлексия

 – Енді  «Табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті)

Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).

Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ тез ұмытамын..

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

Сергіту сәті: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін айту.

 

 

 

 

 

 

Кейінгі тапсырма

Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері

 

Кейінгі  оқу

Күн- жұлдыз.Күннің және Айдың тұтылуы.

Жердегі тіршіліктің дамуында Күннің рөлі қандай? Эссе жазу.

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы.
Жай сандар, құрама сандар
XXI- ғасыр көш басшысы атты шоу
Жарық. Жарықтың жылдамдығы
Физика заңдылықтары
Фотосинтез
Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі.
О. Бөкей Апамның астауы
ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛУ, СЫНУ ЗАҢДАРЫНА ЕСЕП ШЫҒАРУ САБАҒЫ
Молекулалардың қозғалысы.Диффузия
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 8150 | Қосты: Сағындықова Сайлаукүл Өмірбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык