Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өсімдіктердің көптүрлілігі


Өсімдіктердің көптүрлілігі

Өсімдіктердің көптүрлілігі

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға өсімдіктердің адамға пайдасын,адам өміріндегі ролін,өсімдіктердің көптүрлілігі.Ауаны тазартудағы маңызы жайында түсінік беру.

Тәрбиелігі: Өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру.

Дамытушылығы: Дәрілік өсімдіктермен таныстыру,ой-өрісін кеңейту.

Әдісі: Сұрақ-жауап,тест,түсіндіру.

Көрнекілігі: Суреттер,сызбалар,үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар,бүгін сабақтың ерекшелігі бізге қонақтар келіп отыр.Біздің сынып оқушыларының білімі мен тәртібін көруге келіп отыр.Әркім өзін жақсы жағынан көрсетуге тырысуы керек.

2.Өткенді еске түсіру.

Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен сабақтардан алған білімімізді тест арқылы сарапқа салып көрейік.

1.Топырақ деп...айтады.

А) Жеміс беретін ағаштар мен бұталардың молдығын.

Ә)Өсімдік тамырларының шырмалуын.

Б) Жердің жануарлар ін қазатын қабатын.

В) Жер бедерінің беткі құнарлы қабатын.

2.Топырақтың негізгі қасиеті.

А) Құнарлығы

Ә) Қарашірік

Б) Қара қоңыр түс

В) Тыңайтқыш

3.Топырақтың түсі.

А) Оның құрамындағы ылғалға байланысты.

Ә) Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты.

Б) Егін шаруашылығына байланысты.

В) Әр өсімдіктің тіршілігіне байланысты.

«Топырақ » сөзін топтастыру.

 Өседі

Топырақ

Су өткізгіш

Ауа

Саз

Өнеді

Құм

Су

 Құрылыс

3.Мақсат қою.

Мынау не?(бөлме өсімдігі)

Гүлдің мүшелерін тани аласың ба?(гүлі,сабағы,жапырағы,тамыры)

Өсімдіктің тамыры қайда орналасқан?(топырақта)

Өсімдік қандай ағза?(тірі ағза)

Тірі ағзаларға нелер жатады?(өсімдік,жануар,адам)

4..Сөзжұмбақ шешу.

1.Айт десе жүгірмес,

   Су тисе сілкінбес.(шөп)

2.Басына үлпілдетіп таққан шашақ,

   Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.(қамыс)

3.Асты тақта,

   Үсті тақта.

   Ортасы жасыл мақта.(пісте)

4.Аласа ғана бойы бар,

   Тоғыз қабат тоны бар.(сарымсақ)

5.Қыналы бармақ,

   Жез оймақ.(бүлдірген)

6.Аспай піскен,

Қайнамай түскен.(жеміс)

7.Алыстан көрсем ақ тас,

Жақыннан көрсем дәмді ас.(күріш)

8.Бала-бала.балалар,

Мүйізінен су ішіп.

Таяғынан балалар.(тары)

9.Бойы бір қарыс,

Сақалы екі қарыс.(жүгері)

10.Көк лағым көгенде тұрып секіреді.(қарбыз)

 

ш

Ө

П

 

қ

а

м

ы

С

 

 

п

І

с

т

Е

 

 

с

а

р

ы

М

с

а

Қ

 

 

б

ү

л

Д

і

р

г

е

н

 

ж

е

м

І

С

 

 

К

ү

р

і

Ш

 

 

Т

а

р

Ы

 

 

ж

ү

г

Е

р

І

 

 

қ

а

Р

б

ы

з

 

5.Жаңа сабақ

Өсімдіктердің жер бетінде өспейтін жері жоқ.Өсімдіктерді мұхит түбінен де,орманды даладан да, шөл мен шөлейт жерлерден де,таудан да,тіпті суық полярлы аймақтан да кездестіруге болады.қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар.Оның 2мыңннан астамы балдырлар,5мыңдайы саңырауқұлақтар,600-ге жуығы қыналар,500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер.Өсімдіктер алуан түрлі

6.Оқулықпен жұмыс.

А)Оқушыларға «өсімдік» тақырыбын оқып шығып,мәтіндегі сұрақтарға жауап беру.

Ә) Түсініктеме беру.

7.Дәптермен жұмыс.

Сабағы-жуан,жіңішке,қатты,жұмсақ,жалғыз,көп.

Жапырағы-жалпақ,қылқанды,гүлдері түрлі түсті болып келеді.

Өсімдіктер 3-топқа біріктіреді,ағаштар,бұталар,шөптекті.

8.Сергіту сәті.

Гүлдер,гүлдер көктесін,

Көбелектер көп келсін.

Гүл қанаты көбелек,

Бақшамыздан кетпесін.

Біз гүлерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып жайқалған.

9.Қорытындылау.

Көлеңке

Дәрі

Баспана

Өсімдік

Сусын

Тамақ

10.Ойын. «Гүлдер теру»

1.Өсімдік мүшелерін ата.(тамыр,сабақ,топырақ,гүл,жеміс)

2.Сабақ өсімдікке неге керек?(Өсімдікті көтеріп ұстап тұрады)

3.Жемістің ішінде не болады?(тұқым)

4.Құрғақ жемістерге мысал келтір.(жаңғақ,бидай,тары)

5.Шырынды жемістерге мысал келтір.(қызанақ,қияр,бүлдірген)

11.Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тұқым және жеміс.
Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі.
Өсімдік мүшелері. Тамыр.
Өсімдік- тірі организм.
Қандай өсімдіктер түрлері болады (топсеруен)
Біржылдық, екіжылдық, үшжылдық өсімдіктер
Жабайы және мәдени өсімдіктер
Өсімдіктердің тіршілік ортасы
Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін не қажет?
Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін не қажет?
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6884 | Қосты: Ахметова Татьяна Серикбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык