Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Анықтауыш


Анықтауыш

Анықтауыш

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш

Сабақтың мақсаты: Анықтауыш  туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу. Ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түріжаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

-                   Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар?

-                   Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

-                   Тұрлаусыз  мүшелерді атаңдар?

-                   Толықтауыш  дегеніміз не?

-                   Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілерін атаңдар.

-                   Дара толықтауышқа мысал келтір.

-                   Күрделі толықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір.

-                   Жасалу жолдарын мысалдармен дәлелде.

-                   Үйірлі толықтауыш дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.Анықтауыш – зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттап, анықтап тұратын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы? Байланысу түрі: анықтауыштар өзі анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады. Мысалы: Самалдың әдемі үні маған ой салды. Самалдың үні (матасу), әдемі үні (қабысу).

Зат есім

Алтын (қандай?) алқасы жарқылдап көздің жауын алады. Адамның (кімнің?) арманы бітпейді.

Сын есім

Көк (қандай?) көйлекті қыз ойнап жүр. Ашық (қандай?) аспан астындағы халық. Тілі қылыштай (қандай?) өткір.

Сан есім

Бес (қанша?) кило картоп әкелді. Айнұр бірінші (нешінші?) орын алды.

Есімдік

Кімнің (кімнің?) досы жақсы болса, өзі де жақсы болады. Анау (қай?) адамға айтқанмын. Сенің (кімнің?) баяндамаң бәрімізге ұнады.

Есімше

Болатын (қандай?) бала бесігінде бұлқынар. Білетін (қандай?) жанға айтылған сөз алтынмен тең.

Тұйық етістік

Еркелеудің (ненің?) де шегі болу керек.

Анықтауыш құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

Түрі

Ережесі

Мысалы

Дара

Бір сөзден тұратын анықтауыш

Салқын (қандай?) самал жанға жайлы.

Күрделі

Кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш

Ақ басты (қандай?) Алатаудың Жамбылымын

Үйірлі

Үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш

Басы аппақ, денесі керген төстіктей...(қандай?) белгілі Иван келді.

IV. Жаттығумен жұмыс. 68-жаттығу. Нақыл сөздерді оқып, анықтауыш болып тұрған сөздерді құрамына қарай кестеге толтыру.

Дара анықтауыш

Күрделі анықтауыш

Үйірлі анықтауыш

69-жаттығу. Мына сөйлемдерден анықтауыштарды табу. Құрамы жағынан қандай анықтауыш? Матаса байланысқан анықтауыштарды талдау.

Мақал-мәтелдерді анықтауышпен толықтыру:

1. ...  қолым – береген. (алаған)

2. ...  бала – елдің көркі. (өнерлі)

Үкілі қамыс– ... көркі. (көлдің)

3. Көп сөз– күміс,

    ... сөз– алтын. (көп)

4.Аз еңбектен ... нәтиже шықпайды, (көп)

   Берекесіз осыны да ұқпайды.

V. Білімді бекіту.  Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою:

- Анықтауыш дегеніміз не?

- Анықтауыштың қызметін қандай сөз таптары атқарады?

VI. Бағалау.  Жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарына баға қою.

VII. Үйге тапсырма. Анықтауышты зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше, тұйық етістіктен жасап, сөйлем құрастыру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлылар елі. Сөйлем мүшелерін қайталау
Анықтауыш
Пысықтауыш
Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы
Сөздердің байланысу тәсілдері
Анықтауыш
«Сан есім» тақырыбы бойынша
Қазақ тілі 8 сынып
Толықтауыш
Анықтауыш
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 29077 | Қосты: Мухаметжанова Индира Ерболатқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык