Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сан есімнің емлесі


Сан есімнің емлесі

Сан есімнің емлесі

А.А.Сарсенова,

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сарышығанақ орта мектебі

Ақсу ауданы, Павлодар облысы

ПӘН:  қазақ тілі

СЫНЫП 6 « б »

 

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:   Сан есімнің емлесімен таныстыру.

1. БІЛІМДІЛІК:  Сан есімнің емлесін меңгерту.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ:  оқушылардың жүйелі ойлауларын жетілдіру, ауызекі сөйлеу тілдерінің дамуына ықпал жасау.

3. ТӘРБИЕЛІК:  өз тілін құрметтей білуге ықпал ету,бірін-бірі тыңдап,сыйлай білуге үйрету.

САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақ.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ:  ой қозғау, іздену,шығармашылық,талдау.

КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, картотека,бағалау парғы

Сабақ барысы:

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ:

ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ:

 

I . Бағдарлау-мотивациялық кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.Операциялық-орындаушылық кезең:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.Рефлексиялық-бағалау кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу:

²  Сәлеметсіңдер ме, балалар!

²  Отырыңдар.

  1. Назарларын сабаққа аудару

Жаңылтпашты оқу,қайталату

Бес түп алма

"Бестік "алғандікі.

   Төрт түп алма

"Төрттік" алғандікі

"Төрттік"алған

Бес түп ала алмайды.

"Бестік"алған

Төрт түп алма ала алмайды

Ендеше сабақта бес пен төрт деген баға алуға тырысайық.

Үйге: сан есімі бар мақал-мәтел жаттап келу

Өткен сабақты қайталау.Сан есім туралы

Жалғыз ойлану,жұппен сөйлесу,топпен сөйлесу,ұжыммен сөйлесу

 

1.Тақырыпты ашу.

Мысалдар арқылы: бесінші сынып, алты жаста,қырық-елу қой дегендегі сандарды сөздермен тіркестіріп қалай жазамыз?

-Ендеше,бүгінгі тақырыбымыз қандай?

2.Сабаққа мақсат қою

3.Ережесін шығару

1 а)Жүз жиырма бір,он екі

    б)14-ке толды,12-ден асты

2. а)6-орын,3-қатар

    б)ІІ том,2002 жыл

3.а)10-даған,6-ларда

     б)30-40 орын,5-6 кітап

      в)10 шақты,40-қа таман

4.2 жарым, 3 жарты

5.10-10-нан,6-6-дан

6.алты-алтау,екі-екеу

 

4.Оқулықпен жұмыс 178-жаттығу.Тақтаға сөзбен жазылған сандарды цифрмен жазу. (жазылу емлесі бойынша)

5.Карточкамен жұмыс.Берілген сан есімдерді емле бойынша жаз.

1-картотека.

Бесінші сынып,он төртке толды, екінші  (рим цифрымен)том,екі-екіден бөлді

2-картотека

Жиырма-отыз бала, сегізінші наурыз,елуге тарта

3-картотека

Екі-екіден бөлді,алтыншы сабақ,жиырма бестен асты

4-картотека

Екі мың он бесінші жыл, жетінші сынып,отыз алтыларда

5-картотека
Он жетіге толы, бірінші (рим цифрымен) том,он алтынша желтоқсан

6-картотека

Отызға таман,6-7 оқушы,бес-бестен отырды

7-картотека

Екі жарым,он шақты,бірінші орын

6.Сергіту сәті

7.181-жаттығу.Оқу.Морфологиялық талдау жасау

8.Шығармашылық жұмыс

Санамақ ойлап шығару.

 

1.Рефлексия:Оқушылар сабақ соңындаберілген үш түстің біреуін таңдап,не себепті таңдағандарын айтып өтеді.

                      Жасыл - сабақтан жаңа идеялар алдым

                      Сары түс- сабаққа көңілім толды

                      Күлгін түс-сезіміме әсер етті.

          2.Үйге тапсырма:1)185-жаттығу.

                                         2)Сан есімі бар 3 жұмбақ жазып келу

          3.Бағалау .Оқушылар әр тапсырмадан кейін өздеріне 1-5 ұпай қойып отырады.

Егер сенде:

21-25 ұпай болса – “5”

16-20 ұпай болса – “4”

11-15 ұпай болса – “3”

0-10 ұпай болса – “2”

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Сан есімнің түрленуі
Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер
Жинақтық, болжалдық сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдер
Сан есім
Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім
«Сан есім» тақырыбы бойынша
Сан есімнің емлесі
Сан есімнің емлесі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2345 | Қосты: Сарсенова Асель Алпысовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык