|
|
Cөз мәдениетінің қосалқы құралдары. Бет жүз құбылыстары мен дене қимылдары
Өтілген күні: 14.10.2011 ж
Пән аты: қазақ тілі
Сыныбы: 10
Пән мұғалімі: Баймаханова А
Сабақтың тақырыбы: Cөз мәдениетінің қосалқы құралдары. Бет – жүз құбылыстары мен дене қимылдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: әрекеттер, оның тармақтары, вербалды, бейвербалды амалдар, бейвербалды амалдардың ерекшеліктері, қолданылуы, тиімділігі жайлы мағлұмат беру
Дамытушылық: ой өрісін, ауызша сөйлеу тілін,алған білімін күнделікті өмірде ұтымды пайдалана білуін дамыту.
Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, қадірлеуге, игі қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойландыру, баяндау, іздену, шығармашылық әдіс
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, шығармашылық тапсырмалар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың көңіл-күйлерін сұрап, балалардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Берілген тапсырманы сұрау, қосымша тапсырмалардың орындалуын тексеру, қосымша сұрақтар қою, бағалау.
Үй тапсырмасына «Бақыт деген не?» тақырыбындағы эссе жазып келу берілген болатын. (3 оқушыдан сұраймын, бір сөйлемін талдатамын.)
Өткен тақырып бойынша сұрақ – жауап жүргіземін.
- Әлеуметтік – тұрмыстық қатынастағы тілдесу дегеніміз не?
- Мәдениетті сөйлеу дегеніміз не?
- Сөйлеуші қандай қағидаларды есте сақтағаны жөн?
«Санасыздың сазайы» мәтіні бойынша жұмыс жүргіземін.
Сәйкестендіру тесті
Той қазыналы болсын! |
Үйлену тойында |
Қоныс құтты болсын! |
Жаңа бір істі бастағанда |
Сапарыңыз сәтті болсын! |
Кез – келген тойларда |
Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын! |
Сәби дүниеге келгенде |
Ісіңіз оң болсын! |
Кісі қайтыс болғанда |
Бауы берік болсын! |
Наурыз мейрамында |
Балаңыздың мұсылман болуы құтты болсын! |
Жолға шығарда |
Артының жақсылығын берсін. Топырағы торқа болсын. |
Жаңа үйге көшкенде |
Ұлыс оң болсын! |
Қоштасқанда |
Көріскенше күн жақсы болсын! |
Сүндет тойда |
- Ал енді, балалар, тест тапсырмаларына назар аударайық.
- Қазақ тілінде сөздер буын үндестігіне қарай қалай жіктеледі?
а) түбір, қосымша, қосымшасыз;
ә) жуан, жіңішке, аралас;
б) дауысты, дауыссыз, үнді.
- Қазақ тілінде буынның түрлері қанша?
а) 5;
ә) 4;
б) 3.
- Мына сөздердің қайсысы дұрыс тасымалданған?
а) өрек-пу, ба-йып-ты, озған-да;
ә) байып-ты, жарлығ-ын, нәр-се-сі;
б) жарлы-ғын, ой-ын-паз, сал-қын-дау.
- Мына сөздердегі алғашқы буындар қай буынның түріне жатады?
Ана, балапан, саналы.
а) бітеу буын;
ә) ашық буын;
б) тұйық буын.
5. Мына сөздерден екпін түспейтін буынды көрсетіңіз
а) барасың ба?
ә) арланба;
б) қойма.
- Кейінді ықпалда тұрған сөздітабыңыз
а) ақ шаш, Қонысбай, Қожакелді;
ә) ақ лақ, Сәрсенбай, тағыпты;
б) жазда, мектепте, қағазды.
Өткен тақырыпты қорытамын.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіремін.
Қарым –қатынас жасау құралдары үлкен екі топқа бөлінеді: бірінші, тіл – дыбыстау құралдары (сөз, сөйлеу), екінші – тілге көмекші құралдар.
Ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, адамдардың әңгімелесу,мәлімет алмасуының 35 %-ы тіл арқылы, ал 65%-ы тілдің көмекші құралдары арқылы жүзеге асады екен. Тілдің көмекші құралдары арқылы адамның психологиялық жағдайы, оның ішкі сезім дүниесі көрініс береді.
Ғылымда тілдік қатынасты вербалды, тілсіз қатынасты бейвербалды амалдар деп атайды.
Тілсіз қарым-қатынасқа деген қызығушылық ежелгідәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс»,- деп кеңес берген.
Тілсіз қатынас немесе бейвербалды амалдар – ауызекі тілдің ажырамас бөлігі. Қарым – қатынас кезінде бейвербалды амалдар тілдік амалдармен қатар қолданып, сөйлеуді жеңілдетеді. Тілсіз қатынас құралдарына бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары: бас изеу, жұдырық түю, тісін қайрау, ернін жымқыру, өз маңдайын өзі ұру, қолын шапалақтау, бөркін аспанға ату, иығын көтеру, басын, желкесін қасу, бармағын тістеу,бас ию, , қарсыласының арқасынан қағу, үнсіз тұрып кету, бас шайқау, қол сермеу, т.б. ым-ишара құбылыстары жатады.
Тілдік қатынас сияқты, сөйлеу кезінде қолданылатын тілсіз қатынаста да белгілі нәрсе хабарланады және ол хабар шартты түрде болады. Ым-ишара қимылдары осы хабардың шарты болып табылады. Бейвербалды амалдар адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады, адамдардың бір – бірімен байланысын қамтамасыз етеді.
Тыңдаушыға ойды жүйелі, нақты жеткізу барысында сөйлеушінің ішкісезімдерінің ым-ишара,бет – бейне құбылыстары мен дене қимылдары арқылы орынды берілуі сөйлеу мәдениетінің қосалқы құралдары болып табылады.
ІҮ. Бекіту
Оқулықпен жұмыс
18 - жаттығу
Төменде берілген сөйлемдерде қосалқықұралдардың қандай қызмет атқарып тұрғанын ажыратыңдар.
Нұрлан Раушанға қарап басын изеді де, әнеукүнгі актілерді сұрады. – Анау алдыңда жатқан жылқының бәрі сенікі,- деді Омар үркердей үйіріліп, азайып қалған жылқыны қамшысымен сілтей көрсетіп.
19- жаттығу
Берілген сөздерді үлгі бойынша талдаңдар.
Емхана, дәріхана, жауапкершілік, Әйімбала.
Шығармашылық тапсырмаларды орындау
- Суреттерге қарап тілдің қосалқы құралдарының нені білдіретінін табу
- Суреттерді пайдалана отырып мәтін құрау
- Ойлан тап
Ү. Қорыту
Мұғалім сөзі
- Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары – бет – жүз құбылыстары мен дене қимылдары тілдік қарым – қатынасты толықтырып, оларға қосымша мағына үстеумен қатар,коммуникативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым – қатынастың бір түрі болып табылады.
Өтілген тақырып бойынша сұрақ – жауап жүргіземін.
ҮІ. Бағалау, үйге тапсырма беру.
Оқушыларды фишкалармен бағалаймын.
Үй тапсырмасы:
Тақырыпты оқу, ережелерді жаттау..
18,22 – жаттығу
Мәтін құрастырып келу.
Қос.тапсырма: Интернеттен қосымша мағлұматтар іздеп келу.
Сыныбы: 10
Пәні: Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Баймаханова А.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |