|
|
Тіл табыса білу өнері. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар
Қазақ тілі, 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білу өнері. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар
Сабақтың мақсаты: Адамдармен қарым-қатынас жасау өнері, дағдылары, құралдары, қағидалары жайлы білім беру.
Сабақтың көрнекілігі: Сөйлеу шеберлігіне байланысты нақыл сөздер.
Сабақтың әдіс –тәсілдерімен технологиялар: түсіндірмелі талдау, сұрақ-жауап, АКТ
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, кезекшінің мәліметі тыңдалады.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау (оқушылардың
- Тілдегі жаңа қолданыстағы сөздердің туу себептері неде?
- Омоним мен полисемияның айырмашылығы неде?
- Құрмет, қаһарман, шындық сөздерінің синонимдік қатарын жасаідар.
- Кәсіби сөз, диалект сөздер дегеніміз не?
- Тілдің актив лексикасына қандай сөздер жатады?
17-жаттығу: Мәтіндегі басқа тілден енген сөздерді атап, оларды орфографиялық нормаға сәйкес жазу.Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып, мәтін құрастырыңдар.
Комитет, педагог, медицина, хирург, конституция
ІІІ Жаңа сабақ:Тіл табыса білу өнері. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар.
А) Американдық миллионер Дж.Д.Рокфеллердің пікірін талдау
Ә) Қарым-қатынас құралдары жайлы түсінік беру:
Қарым-қатынас жасау құралдары үлкен екі топқа бөлінеді:
1.тіл – дыбыстау құралдары(сөз, сөйлеу)
2.тілге көмекші құралдар (ымдау, ишарат, көзқарас, қол алысу, дене қимылдары)
Б) Адамдармен тіл табыса білудің құпиясы жайлы түсініктер беру.(салмақты, маңызды болуға тырысу,әңгіме кезінде әрітесінің жақсы қасиеттерін бағалау,мадақтай білу, мадақтау шын көңілден шығуы тиіс)
В) Американдық жазушы Ральф Уолдо Эмерсонның сөзін талдау: «кез келген белгілі бір салада менен артық болуы мүмкін, мен сол адамның артықшылық жағын үйренуге әзірмін»,-деген
Г) Ұлы данышпан Сократтың сөзін талдау: “Мен өзімнің ештеңе білмейтінімді ғана білемін”,- деген сөзін әрбір іскер адамның есте сақтағаны абзал.
Ғ) Адамдармен тіл табысып, жүрегіне жол таба тілу үшін қолданылатын қағидаларды талдау.
ІV. Тақтамен жұмыс:
- Іскерлік, еліктегіш, бейімдеуші деген сөздерге үлгі бойынша фонологиялық талдау жасау.
- Мәнерлі сөздің мәнін ұқ: 24- жаттығу.
Мақалдарды жаттап алыңдар. Қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша талдаңдар.Тілге байланысты білетін мақал-мәтелдерді еске түсіріңдер, дәптерлеріңе жазыңдар.
1. Тіл-буынсыз, ой-түпсіз |
2. Өзен тауымен көрікті, Өріс малымен көрікті.
|
Көсемдіктің белгісі. Көпке сөзі ұнаған- Шешендіктің белгісі. |
4. Сөз қадірін білмеген Өз қадірін білмейді.
|
5. Тамақты асығып ішпе түйілерсің, Сөзді асығып сөйлеме, күйінерсің.
|
Даналық ойдан дән ізде.
26- жаттығуДаналық сөздердің мағынасын өз тұжырымдамаларыңмен ашыңдар, сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар:
Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады. (Ғ.Мұстафин)
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. (Әл Фараби)
Мінез тағдыр дауылдарында сыналады. (Гете)
Тіпті ұсақ-түйектің ішінде шыншыл болу қажет. (М.Горький)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Тіл табыса білу» ұғымын қалай түсінесіңдер?
2. Тіл табысуға қажетті құралда?
3. Тілдің көмекші құралдарына не жатады?
4. Тіл табысуға қажжетті қандай қағидаларды білесіңдер?
5. Әңгіме барысында қандай тіркестерді қолдануға болмайды?
6. Қандай сөз орамдарын қолданған тиімді?
Сабақты қорытындылау, бағалау.
Үй тапсырмасы: 25-жаттығу. Берілген сөздерді фонологиялық үлгі бойынша талдаңдар
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |