Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кіші жүздің Ресейге қосылуы


Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

«№ 39 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Ашық сабақ тақырыбы: Кіші жүздің Ресейге қосылуы.

Өткізген пән мұғалімі:Адамжанова Қ.Қ.

2014 -2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы. Ресейге қосылудың алғы шарттары мен себептері. Әбілқайыр ханның жүргізген саясаты. Ресейге қосылудың салдары жайлы түсіндіру.

Дамытушылық: сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып, оқушылардың ойлау жүйесін жетілдіру, тарихи білімді шығармашылықпен қолдана білу дағдысын дамыту, оқиғалар мен құбылыстарды талдау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелілік: оқушылар бойында азаматтық, интернационалдық, жоғары адамгершілік сезімін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау.

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, схемалар, тест сұрақтары.

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Кезекшілікті анықтау

 Оқушыларды түгендеу.

II. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру
1. жоңғар шапқыншылығы қай уақыттарда болды? (XVIIғ 40 ж - XVIIғ 50 ж)
2. Қазақ халқының тарихындағы 1723 – 1727 жылдар қандай атпен қалды? («Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»)
3. 1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстік – батыс жағындағы шайқас? (Аңырақай шайқасы)
4. Жоңғар қоңтайшылары кімдер? (Батыр, Қалдан Бошоқту, Цеван Рабтан, Қалдан Серен)
5. Жоңғарларға қарсы күрескен батырларды атаңдар? (Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Баян)
6. Ресей империясы 1716 – 1720 жылдары қандай бекіністер сала бастады? (1716 Жімішов, Омбы, 1718 Семей, 1720 Өскемен)

ІІІ.Жаңа сабақ

Балалар біздің тарихымыз ерлікке бай, еліміздің бостандығы үшін күрескен батырларымыз, бабаларымыз аз болған жоқ. Олар елін, жерін қорғау үшін жан аямай күресті. Бүгінгі біздің ұлт болып қалыптасуымызды көздеген, ел қамы үшін, түн ұйқысын төрт болып, ат үстінен түспей, найзасынан бір сәт ажырамаған. Осындай оқиғалар Қазақстанның Ресей империясының қол астына өтуі кезеңінде де болды.
Балалар сендер батырлық – ерлік жайлы, халықтар достығы жайлы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер ме? Ресей елі жайлы не білеміз? Кіші жүздің қай аймақта орналасқанын кім айтады? Картадан кім көрсетеді?

Сабағымды бастамас бұрын оқушыларды топқа бөліп аламын тақырыпқа байланысты суреттердің жартысын табу арқылы төрт топ құралады.

Оқушылар топ ережесін және топ құрамы жайында тоқталады.

Әр топта топ спикерлері сайланып Әр топқа тапсырма беріледі:

І- топ Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері.

А.Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы.

ІІ – топ Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы.

Әбілқайыр ханның және оның төңірегіндегілердің Ресей қол асытына өтудіқабылдауы.

ІІІ – топ Патша үкіметінің Қазақстандағы жағдайының одан әрі нығаюы.

Орынбор экспидициясының қызметі.

ІҮ топ Патша үкімтінің Орал шекаралық шебін нығайту және жер дауының шиеленісуі.

Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдары.

Жайында мағлұматтарды әр топ спикерлері келесі топтарға сағат тілімен ауысып отырып түсіңдіреді.

Әр бір топ бірін – бірі бағалайды қол саусағы арқылы.

Сабақтың келесі бөлімі әр топ ұяшықтар таңдау арқылы тақырып ауқымындағы сұрақтарға жауап береді.

1 ұяшық – Кіші жүзге Қазақстанның қай бөлігі кірді?

2 ұяшық – Кіші жүздің қазақтарының Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қашан және кім қол қойды?

3 ұяшық – Ресей қандай шарттарды қойды?

4 ұяшық – Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Петербургтен қандай елшілікті жіберді?

5 ұяшық – Орынбор экспедициясының қызметі қашан құрылды?

6 ұяшық – Қазақтарды патша үкіметі қол астына алғаннан кейін қандай қызметке кірісті?

Термин сөздермен жұмыс

Басбайлы шаруа – Помещиктер мен дворяндардың еркіне толық тәуелді болған ауылдық жердің тұрғын;

Оппозиция – Қарама – қарсылық, қарсылық көрсету;

Тілмаш – бір тілден екінші тілге аударатын адам;

Жасақ – мемлекттің пайдасына алынатын салық түрі;

Экспедииция – латын сөзі тәртәпке, ретке келтіру;

Аманат – кепілге берілген адам;

Сардарбек -  бас әскери қолбасшы;

Жұт – аштықтан,суықтан малдың жаппай қырылуы;

Сабақты бекіту: (Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіргеннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралыққа жылдармен шағын шолу жасау)

1731 – 1917 Қазақстан Ресей империясының отары
1917 – 1991 Қазақстан кеңестік жүйе кезеңінде
1991 – 2011 Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында

Сабақты мына мақал-мәтелмен қорытындылау

«Бірлігі бар ел озады,

Бірлігі жоқ ел тозады».

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: & 6 Кіші жүздің Ресейге қосылуы мазмұндау.Қосымша сұрақтарға жауаптар жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан және Ресей
Абылай хан, өмірі және саяси қызметі
Қазақстан Ресей құрамында
Верный бекінісі негізінің салынуы
Ресей қамқорлығын қабылдау
Қазақ-Қытай қарым-қатынасы. Абылай хан
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы
XIXғ 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары
Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері
Қазақстан және Ресей
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 9938 | Қосты: Адамжанова Каламкас Кайрхановнаға | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык