Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан және Ресей


Қазақстан және Ресей

Сабақтың тақырыбы Қазақстан және Ресей

Сабақтың мақсаты: 

• Білімділік: Қазақстан мен Ресейдің тарихи байланысы және Қазақстанның Ресейге қосылуы жайында оқушыларға мағлұмат беру, Ресей империясының Қазақ елін отарлау саясаты жайында түсіндіру.
• Дамытушылық: Қазақстанның Ресейге қосылуына, Ресей империясының Қазақстанды отарлау саясатына тарихи тұрғыда баға беру және тарихи маңызын, жақсы жағы мен кемшіліктерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.
• Тәрбиелік: достыққа, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: әңгіме, баяндау.
Пән аралық байланыс: география, орыс тілі
Сабақтық көрнекілігі: Қазақстан және Ресейдің саяси картасы, Абылай, Әбілқайыр хандардың суреті.
Сабақтың барысы:  
I. Ұйымдастыру кезеңі. 
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Екі оқушыға үйде жазған әңгімесін оқытамын. Содан оқыған параграфты тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтар  қоямын
1. Жоңғар мемлекеті туралы не білесің?
2. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылық жасауының басты себебі неде?
3. «Елім-ай» әнінің мағынасы туралы айт.
4. Бөгенбай батырдың қазақ жерін жоңғарлардан қорғауда қоскан үлесі жайлы не білесің?
5. Қабанбайдың шын аты кім? Оны неліктен «Нарбала», «Дарабоз» деп атаған?
6. Наурызбай, Баян, Малайсары, Бөгенбай батырлардың қандай ерліктерін білесіңдер?
 Бұдан кейін қыскаша үй тапсырмасын қорытындылайды.
Үй тапсырмасын қорытындылауда ең алдымен жоңғар шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардабы, елі мен жерін қорғаудағы батырлардың алатын орны, ерлігі жайында  айтамын
III. Жаңа сабақ.
 Тақырып тақтаға жазылады. 
Сабақтың жоспар:
1. Қазақстанның Ресейге қосылу барысы.
2. Әбілкайыр хан.
Сабақты түсіндірмес бұрын оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын
а) Қазіргі Қазақстан мен Ресей арасында қандай байланыс бар?
ә) Ресей елі туралы не білесіңдер?
Бұл сұрақтар арқылы оқушыларды   жаңа тақырыпка дайындаймын. Аталған екі сұрақка өз ойларын айта алады.  Қазақстан мен Ресей арасындағы қазіргі байланыстың түп-тамыры тереңде жатқанын айтып жаңа тақырыпты түсіндіремін.
Төмендегідей сұрақтарға тоқталамын.
1. Әбілқайыр ханның Ресей бодандығын мойындауының себептері.
2.  Ресей бодандығын мойындау барысы.
3.  Ресей империясының қазақ жерін біртіндеп отарлай бастауы.
Осы сұрақтар бойынша   оқушыларға он минуттай уақыт түсінік беремін. 
XVIII ғасырдың басында қазақ елінің жағдайы күрт қиындай түседі. Шығыстағы Жоңғар мемлекеті тарапынан үлкен қауіп төнді. Қазақтың шұрайлы жерін тартып алып, халқын бағынышты етуді көздеген жоңғар қоңтайшылары мен феодалдары қазақ жерін жиі шабуылдап ауыр зардап әкелді. 
Осыдан кейін Ресей империясының Қазақ жерін отарлауына жол ашылады. Ең алдымен Ресей өкіметі қазақ жеріне қаптатып әскери бекіністерді тұрғыза бастайды. Мұндай бекіністер Жайық, Ертіс, Есіл езендерінің бойына көптеп салынады.
 Осы жерде мысал келтіре кетуге болады.
Бекіністер: Орынбор, Семей, Өскемен, Кереку, Жәміш, Железин, Бұқтырма, Қызылжар, Орск т.б.
Қазақтар көптеген шұрайлы жерлерінен айырылады. Ертіс, Жайық өзендерінің оң жағалауына қазақтардың мал жаюына тыйым салынады.
Картадан аталған өзендерді, бекіністерді көрсету керек.
Жоспар бойынша  Әбілкайыр хан туралы түсіндіреді.
Әбілқайыр хан. 
Шыңғысханның тұқымы, Кіші жүздің ханы, белгілі мемлекет қайраткері. Бір кездері жоңғарларға қарсы соғыста Қазақ әскерлерінің қолбасшысы болған. XVIII ғасырдың басындағы қазақ елінің қиын жағдайы, жоңғар шапқыншылығы, билік үшін күрес Әбілкайыр ханды Ресей еліне сенім артуына итермелейді. Әбілкайыр қазақ тарихындағы белгілі қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасы алғаш өзінің төл теңгесін шығарғанда 50 теңгелік банкноттың бетіне Әбілқайыр ханның суретін салады.
Оқушыларды екі топқа бөліл шағын пікірсакыс өткізу.
«А» тобы — Қазақстанның Ресейге қосылуының жағымды жағын,
«Б» тобы - Қазақстанның Ресейге қосылуының кері әсерін әңгімелейді.
Қорытынды кезең.
Сабақты бекітуге арналған сұрақтар бар карточқалар таратамын.
Ондағы сұрақтар:
1.  Әбілқайыр хан неліктен Ресей бодандығын мойындады?
2.  Ресей империясының Қазақстанды өз бодандығына тезірек қабылдауының басты себебі неде?
3.  Ресей империясы қазақ жеріне әскери бекіністерді не мақсатта салды?
4.  Әбілқайыр ханның қазақ тарихындағы орны қандай? Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін   тақырыпты қысқаша қорытындылаймын. 
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 1. 32-параграфты оқу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан және Ресей
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Қазақстан Ресей құрамында
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Ресей қамқорлығын қабылдау
Қазақ-Қытай қарым-қатынасы. Абылай хан
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы
Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері
XVIII ғасырдағы қазақ батырлары
Абылай хан
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6132 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык