Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі


Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі

Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі

Сыныбы: 8

Мұғалім: Найзагулова Б.М

Пәні: Биология.

Тақырыбы: Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі. Түтікті сүйектердің өсуі. Сүйектің ішкі құрылысы. Сүйектің қызыл және сары кемігі. Сүйектің қызыл кемігінің қан түзілудегі рөлі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  Оқушыларға тірек-кимыл жүйесінің маңызы мен қызметі, ерекшеліктері туралы білімді талқылап, қорытындылау; сүйектің құрылысы мен химиялық кұрамын, олардың жуандауын және өсуін оқып-білу.

Дамытушылығы:Теориялық білімді практикамен ұштастыру, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына, қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, икемін, білім, білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Салауатты өмір сүруге, денсаулықтарын шынықтыруға, жеке бас гигиенасын сақтауға дағдыландыру, салт-дәстүрлерімізді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білім беру.

Сабақ әдісі: жалпы сұхбат жүргізу, өзіндік жұмыс, көрнекілендірумен қатар сұхбат-дәріс өткізу, СТО, ақпараттық, кіріктірілген.

Пәнаралық байланыс: химия, медицина

Сабақ көрнекілігі:  Адам қаңқасы",  "Бас сүйегі",  "Адамның қаңқасы мен бұлшық еттері"  тақырыбы бойынша жасанды үлгілер,  кестелер,  суреттер, интерактивті тақта, бейнематериалдар, электрондық көрсетілімдер, 10%-дык тұз қышқылына салынған сүйек (кальцийсіздендірілген), сүйек кесінділері.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасып,

2. Жоқ оқушыны түгендеп,

3. Зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Қаңқа қандай қызмет атқарады?

2. Ми бөлімінің жұп, содан кейін тақ сүйектерін атаңдар?

3. Бет бөлімінің сүйектерін атаңдар?

4. Бас сүйектің қандай сүйектері қозғалмалы байланысқан?

5. Қандай сүйектер кеуде қуысын құрайды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жануарлар мен адам қаңқаларының ұқсастығы мен айырмашылығы жасанды

Бас сүйек қаңқасына жатады ми сауыты, бет бөлімдері

Ми сауыты бөлімі қандай сүйектермен байланысқан? - маңдай, төбе, самай, шүйде

Кеуде қуысын құрайтын сүйектер - 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырға, төс сүйегі

Омыртқа саны, омыртқаның құрылысы - 33-34, (денесі, доғасы, қабаттары, өзегі

Қолбасы сүйектерін ата

Білезікте қанша сүйек бар? - білезік, алақан, саусақ сүйектері (8)

Аяқ сүйектері ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, башпай сүйектері)

Қысқа сүйектерге жатады (омыртқа, алақан, табан, саусақ)

Жалпақ сүйектер жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері

Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімі қалай аталады? - еңбек

Аяқ бұлшық еттерінің әлсіз даму әрекетінен, табан сүйектерінің жерге толық тиіп тұруы қалай аталады? - жалпақ табандылық

 Араласқан оқиғалар стратегиясы. (Себеп-салдар тізбегін құру)
(мойын, бел, арқа, құйымшақ, сегізкөз)
Мойын--- арқа--- бел--- сегізкөз --- құйымша

ІҮ. Мағынаны тану

Жаңа материалды оқып-білу. (Оқулықпен жұмыс)

Оқушыларды екі топқа бөліп, оқулық мәтіні бойынша тапсырмалар беру.(дәптерге тірек сызбалар құрастыру)

І топ. «Сүйектің құрылысы». сыртқы тығыз және ішкі кемік заттары, сүйек қабығы.

ІІ топ. «Сүйектің құрамы»

Оқушылар берілген тапсырмаларды интерактивті тақтадағы слайдта үлкейтіліп берілген суреттер арқылы түсіндіреді. Сурет

1. Сүйектің құрылысы.

2. Сүйек тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сыртында болатын сүйек қабы арқылы сүйек жуандап өседі, екі шетіндегі шеміршекті қабатындағы жасушаның бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.
Сүйектің құрамында 50% су, 12, 5% нәруыз тектес ағзалық зат оссеин, 21, 8% минералды заттар, 15, 7% май болады, Не себептен циркке, баллетке, спортқа жастайынан баулитынын түсіндіру.

Сабақтағы жаңа материалдарды оқушылардың қалай меңгергенін тексеруін арналған тапсырмалар.

1. Сүйектің құрылысы

Тығыз ұлпа

Борпылдақ ұлпа

Сүйек қабы

Шеміршекті қабаты

Жуандап өсуі

Ұзарып өсуі

2. Сүйектің құрамы

Су оссейн минералды заттар май серпімді иілгіштік морт сынғыштық

Сүйектің химиялық құрамын анықтау. «Калцийсіздендірілген және күйдірілген сүйек қасиеттерін зерттеу» тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс жасау.

а) күн бұрын тұз қышқылының ерітіндісіне салынған сүйек.

б)Қышқылға салынған сүйекті іскекпен алып, суық сумен жуып, сүйектерді иіп көру және жіпке ұқсас түйін түю.

в)Кепкен сүйектерді сіріңкемен жағып көру.

Қорытынды. Жаққан сүйектердегі ағзалық заттардың жанып кеткеніне, қышқылға салынған сүйектердегі минералдық тұздардың еріп кеткеніне қорытынды жасау.

Сүйек ұлпасының серпімділік, созылмалылық және беріктік қасиеттері неге байланысты?

Егер сүйекті біраз уақыт тұз қышқылына салып қойса, ол жұмсарады.Оның құрамындағы минералды заттар қышқылдың әсерінен еріп, ерітіндіге бөлініп, органикалық заттар ғана қалады.Егер сүйекті жағатын болсақ, органикалық қосылыстар жанып, су буланып кетеді, үгітіледі.

Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттар мөлшері көбірек. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді.Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді. Сүйектің химиялық құрамына ішкі секреция бездері әсерін тигізеді.Қалқанша безінің қасындағы гормоны сүйектің құрамын реттейді.Қалқанша безінің жұмысы күшейгенде сүйектегі минералды заттар(кальций, карбонаты мен фосфаты)нәжіс пен несеп арқылы шығып кетеді. Ал қалқанша безінің жұмысы нашарласа, онда сүйектің өсуі мен дамуы тежеледі.Қаңқаға салмақ түссе сүйек қалпын өзгертеді. Балерина аяғының ұшын тірек ететіндіктен, башпайының ұшы жуандап салмағы жеңілдейді.Дене шынықтырумен айналысу жаңа ғана қалыптасып келе жатқан қаңқаның жетіліп, нығаюына мүмкіндік береді.

Сүйектің байланысы(слайдтан)

1. Қозғалмайтын байланысқа - ми сауыты, сегізкөз сүйектері жатады.
2. Жартылай қозғалмалы - шеміршектер арқылы омыртқалар жатады.
3. Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға - аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.
Буын - деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Буын қапшығындағы сұйықтықтың қызметімен оқушыларды таныстыру.
3) Сүйектердің байланысы
Қозғалмалы---------- аяқ-қол сүйектері
жартылай қозғалмалы---- омыртқалар
қозғалмайтын---------- ми сауыты, сегізкөз

Ү. Қорытынды:

1.СҮйек ұлпасы қандай құрылым құрайды?

2.Сүйек қандай заттардан түзілген?

3. Сүйектің бейорганикалық заттарын атаңдар?

4. Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді?

 VI. Бағалау

VII. Үй тапсырмасы § 22 № 5 зертханалық жұмыс


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сүйектердің құрамы, құрылысы,олардың пішіндері және қызметі.
Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
Сүйектің типтері және олардың байланысуы
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Қаңқа бөлімдері
Қаңқа бөлімдері
Сүйек типтері және олардың байланысуы. Байламдар созылғанда буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Тірек – қимыл аппараты
Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 17201 | Қосты: Бахтыгуль | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык