Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері


Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№17 мектеп

Физика пәні мұғалімі: Жумаева  Гулшат  Турканқызы

Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Сабақтың мақсаты: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсақтықтарын білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

а) Білімділік: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға,  жылдамдық және    оның бірліктері  туралы түсінік  беру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,қозғалыс     туралы білімдерді жетілдіру.

б) Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері. Диалогтық оқыту. Бағалау. АКТ  қолдану. Бағалау.

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар:  интерактивті тақта, бағалау парағы,  магнит, А-3 қағаздар, түрлі түсті қағаздар, маркер, қарындаштар, клей, т.б.

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет,

Сабақтың барысы:

I.Үйымдастыру кезең:    а) Сәлемдесу.

ә) Оқушыларды түгендеу.  Топқа бөлуі.

Әр топтың жетекшісілерін сайлаймыз.Топ жетекшілерінің мақсаты: топтағы оқушылардың білімдерін сабақ барысында бағалап,бағалау парағына түсіріп отыру.

Тренинг  (сабақ басталарда оқушыларға психологиялық дайындық жасаймын).

- Оқушылар , өткен сабақта қандай  ұғымдармен таныстыңыздар , қане естерімізге түсірейік:  Материалдық нүкте .  Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жол  және орын ауыстыру. Траектория.

II.Үй тапсырмасын тексеру   (5мин) 1. Сұрақ – жауап.

Оқушылар, өткен тақырыпты еске түсірейік. Әрбір  оқушы өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруге тырысыңыздар.

  1. Материалдық нүкте деген не? (Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.)
  2. Қозғалыс траекториясы деген не? (Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)
  3. Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?

Траекторияның түріне қарап ажыратады. Мысалы, шеңбер бойымен парабола бойымен т.с.с)

  1.  Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы:  қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен). 
  2. Жүрілген жол дегеніміз не ? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу  белгілейді)
  3.   Орын ауыстыру деп нені атайды?(Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесіндіні айтады.Орын ауыстыру векторлық шама болғандықтан,  оны нұсқама  қойып, S әрпімен белгілейді)

Сiздер  екi бағанадан тұратын кестені көріп тұрсыздар .  Бірінші бағанада  жол  , еінші бағанада   уақыт  .  Сіздің міндетіңіз теңдікті түрлендіру. Тапсырманы  орындауға 3 минутты уақыт беріледі.   Сәттілік  тiлеймiн! (берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне   орындайды)   

 2. Теңдікті   түрлендір: (2 мин)

Жол (м)

Уақыт (с)

7км = .......  м

12сағ = .......с

65см = ......м

45мин = ......с

300мм = ....м

0,5сағ= .......с

 

Жол (м)

Уақыт (с)

7км = 7000м

12сағ = 43200с

65см = 0,65м

45мин = 2700с

300мм = 0,3м

0,5сағ= 1800с

Тапсырма орындалды. Дәптерлеріңіді топ жетекшілері бір-біріңізбен алмастырып, қолыңызға қалам алып, экранға назар аударыңыздар. Сіздер дұрыс жауапты көріп тұрсыздар , берілген тапсырманы өзіңіз тексеріңіздер.  Кестеге дұрыс жауап санын көрсетіңіздер.

Ендеше, біз бүгінгі сабағымыздың бірінші  нәтижесін  алдық . Бұл нәтижелерді есептер шығару кезінде міндетті түрде ескереміз. Енді бүгінгі тақырыбымызға көшейік: экранға назар аударыңыздар.

Бүгін сіздермен  «Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар», Жылдамдық және оның бірліктері» -  туралы негізгі ұғымдармен танысамыз.

Сабақтың жоспары:

  • Бірқалыпты қозғалыс .
  • Бірқалыпты емес қозғалыс.
  • Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

ІІІ.  Жаңа сабақ. (10 мин). 

Біз көріп жүрген денелердің,  көлік түрлерінің қозғалуы, жол жүруі әр түрлі болуы мүмкін. Бір денелер, мысалы атарба, бірқалыпты қозғалып отыруы мүмкін.Ал автомобиль  қаланың ішінде ақырын жүріп келе жатып, одан шыққан соң бірте-бірте тезірек жүріп  кетуі, яғни автомобиль бірқалыпты қозғалмауы мүмкін. Олай болса, қозғалыс екі түрлі болады. 

Бірқалыпты қозғалыс

  • Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс   бірқалыпты қозғалыс   деп аталады.

Мысалы, тегіс жердегі арықпен ағып жатқан су қозғалысы бірқалыпты қозғалыстың мысалы бола алады.Сағат тілінің айналуы, жаңбыр тамшысының да қозғалысы  бірқалыпты қозғалыс.

Пойыз ұзақ жолға шыққанда да бірқалыпты қозғалуы мүмкін. Ал ол қалаға жақындағанда қозғалысын бәсеңдетуі тиіс.Сөйтіп, пойыз бүкіл жолының бойында біраз бірқалыпты қозғалып келіп, аяғында қозғалысын баяулатып,бірқалыпсыз қозғалысқа  түсуі мүмкін.

Қысқасы, қозғалған дене не бірқалыпты қозғалуы мүмкін,немесе әрі бірқалыпты ,әрі бірқалыпсыз қозғалуы да мүмкін.Сонымен бірқалыпты қозғалыс механикалық қозғалыстардың ішіндегі ең қарапайым түрі.

Бірқалыпты емес  қозғалыс

  • Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды. 

Біз күнделікті тұрмысымызда, негізінен, бірқалыпты емес қозғалысты көбірек кездестіреміз.Күнделікті көлік түрлерін пайдаланғанда да біз қозғалыстың осы түрімен жиі  кездесеміз.Шынында да, біз пайдаланатын автобустың, жеңіл машинаның  қайсысының болмасын қозғалысы бірқалыпты емес.Олар әрбір аялдамаға тоқтап, қайтадан қозғалып, қозғалысын біраз шапшаңдатып барып,тағы да қозғалысын бәсеңдетеді.Көріп тұрғанымыздай олар , бір аялдамадан олар екінші аялдамаға дейінгі жолының өзінде де  бірқалыпты емес қозғалыспен жылжиды.Бұл көлік түрлері өзінің бүкіл жолының  бойында бірқалыпты емес қозғалыста болады.

Мысалы , жазық  бетте  домалаған  шардың   бірте - бірте  тоқтауы  да  бірқалыпты емес қозғалыс болады. 

Оқушылар! Бірқалыпты емес қозғалысқа қандай мысалдар келтіруге болады?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын екен.

Сонымен бірқалыпты емес қозғалыстағы дене  өзінің бүкіл жолында әр түрлі жылдамдыпен қозғалады. Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын.

Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әртүрлі болуы  мүмкін.  Ал бірдей  орын  ауыстыру  үшін   олар  

әртүрлі уақыт жұмсайды. Мысалы,жаяу адам 1 сағат ішінде 6 км жол жүретін болса,  атты  кісі 1 сағат  ішінде  18 км, жүк машинасы 60 км, ал жеңіл машина 100 км жол жүреді.  Мысалда келтірілген денелер 1 сағат ішінде,  әртүрлі жол жүреді.    Оның себебі неде? Себебі, олардың қозғалу жылдамдықтары өзара бірдей емес.

Келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық - олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса,сол дененің жылдамдығы үлкен болады.

Жылдамдық -  физикалық шама.

Бірқалыпты қозғалатын  дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:

Енді жылдамдықты        әрпімен, орын ауыстыруды S әрпімен, уақытты  t әрпімен белгілесек. Жоғарыдағы тұжырымымыз  былай жазылады:                                                    

S  орын ауыстыру,    t - уақыт.

Сіз  білесіз бе?

  1. 60 км/сағ жылдамдықпен  қозғалатын автомобиль секундына 17 м жол жүреді.
  2.  Спортшы 100 м қашықтыққа  жүгірген кездегі шамамен сағатына 35 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.

ІV. Сабақты пысықтау.    Ендеше келесі кезекті есепке берейік.

Әрбір топ берілген есептерді  орындайды.   Әрбір топ өздеріне берілген есептерді  тақтада орындап, шығру жолдарын түсіндіреді.

ІІІ топ

         в)  750 км/сағ   жылдамдықпаен қозғалатын   ұшақ   6 сағ  ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?

 Берілгені:

          = 750км/сағ               

    t     =  6 сағ                                              S =750км/сағ . 6 сағ =4 500 км     

  т/к :  S=?                                   

V.« Кім жылдам?»

Қатысушы

 Жылдамдық

 Жылдамдық   м/с

 Орын

Акула

 8,3 м/с

Қарға

47 км/сағ

Жираф

14,6 м/с

Қоян

60 км/сағ

 

Қатысушы

 Жылдамдық

 Жылдамдықм/с

 Орын

Акула

 8,3 м/с

8,3 м/с

ынталандыру

Қарға

47 км/сағ

13 м/с

3

Жираф

14,6 м/с

14,6 м/с

2

Қоян

60 км/сағ

16,7 м/с

1

VІ. Сабақты қорыту, бағалау.

Кластер құру:   Топтастыру әдісімен жылдамдық сөзіне анықтама  берейік.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар

1.Бірқалыпты  қозғалыс деген не?  Мысал келтір.

2.Бірқалыпты  емес қозғалыс дегеніміз не?  

3.Қозғалыс жылдамдығы  дегеніміз не ?

4        Жылдамдықтың  қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?

5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?

6. Барлық  денелердің жылдамдықтары  бірдей ме ?

7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?

 VІІ.Үйге тапсырма беру

§17 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

§18.   Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

  5  жаттығу ( 4  )

 Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ілу тапсырылады

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап тілектер жазады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
9 сыныпқа ОЖСБ дайындық тесттер
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Кинематика негіздері
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Инерция. Кеңістік және уақыт
Глоссарий
Материялық нүкте. Қозғалыс троекториясы. Жол және орын ауыстыру
Практикалық жұмыс: Жол, орын ауыстыру және бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің координатасы
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 15314 | Қосты: Жумаева Гулшат Турканқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык