Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы


Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы

Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы

«№ 54 жалпы білім беру орта мектебі» КММ тарих және география пәні мұғалімі Балмаганбетова Шолпан Шаймерденовна

Сыныбы: 8 «а», «б» Қазақстан тарихы

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы

Сабақтың мақсаты: Хандық биліктің жойылуының алғышарттарын айқындау, шаруашылық, саяси және қоғамдық дамудағы жаңа бағыттарды сипаттау. 1822 жылғы Сібір қырғыздары және 1824 жылғы Орынбор қырғыздары туралы Жарғылардың нәтижесіндегі өзгерістердің мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

- Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға үйрету;

- Оқушылардың өздік, жұп, топ болып жұмыс істеу қабілетін дамыту. Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ типі: Дағдылар мен іскерлік шеберліктерді қалыптастыру

Сабақ әдісі-тәсілі: Ойын әдістері, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Қ.Р. картасы, Қазақ хандығының картасы, ойын кестелері, тірек сызбалар.

Негізгі түсініктер: хан билігі, империялық басқару жүйесі, заң, бағыныштылардың құқығы мен міндеттері , халықтың жаңа тәртіпке көзқарасы, «Жарғының» отаршылдық сипаты, сыртқы және ішкі округтар, дистанциялар, Орынбор комиссиясы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру :

А) Оқушыларды түгендеу, құрал-саймандарын даярлау. Ә) Оқушыларды алдағы сабаққа психологиялық жағынан дайындау, өтілу барысын таныстыру. Б) Жетондар тарату арқылы топқа бөлу, топтың атын қою.

Бұл бөлімде оқушыларға теориялық дайындық сұрақтары берілген, сол білімдерін тиянақтау барысында білімді шыңдау тапсырмалары орындалады

2. “ Кім тапқыр” ойыны

3. “Үздіктер сайысы” ойыны

4. Топпен жұмыс

5. Қорытынды. Үйге тапсырма. Бағалау.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

І. Топқа бөлу

Шарттары:Әр оқушы стол үстінен кезекпен топтың аты жазылған жасыл, ақ және қызыл жетондарды таңдап алады.

Оқушылар түс және топтың аты бойынша жайғасады

3 топ қалыптасады:

1.Жайық тобы

2.Ертіс тобы

3.Жарғы тобы

І. «Кім тапқыр» ойыны

Шарттары:

1.Қазақ хандарының билігінің жойылуының себептеріне байланысты сұрақтарға жауап беру

2. Оқушылар жауап берген сұрақтарына байланысты жетон жинап отырады.

Сұрақтары:

1. Ресейге қосылу туралы антқа қол қойған Кіші жүздің ханы?

2. Не себепті қазақ хандары дала тұрғындарының алдында беделінен айрылды?

3. Қазақ хандары патша үкіметінен жылына неше сом мөлшерінде жалақы алып отырды?

4. Ертістің оң жағына “мәңгілік көшіп-қонып жүру құқығына” ие болған қазақ сұлтаны?

5. Кіші жүздегі хандық билікті жою мақсатында құрылған Жарғының авторы?

6. Миссионерлерді қазақ жеріне жіберудегі патша үкіметінің мақсаты?

7. Абылай мен Әбілмәмбет хан Ресейдің билігін қай жылы мойындады

8. Патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына қолайлы болған хандық билікті жоюдың алғышарттарының бірі

9. Хандық билікті жоюдың ақырғы себебі

10. Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда қай жылы және қай өзендердің аралығында құрылды?

11. Кіші жүздегі хандық билікті жою туралы Жарғы қай жылы бекітілді .

12. ”Сібір қырғыздары туралы Жарғының” автор

“Үздіктер сайысы” ойыны

Шарттары:

1. Әр топтан 1 оқушыдан шығып берілген тапсырмаға жауап береді

Оқушылар сұрақтың мәнін ашуы тиіс.

2. Жауапты әр топ кезекпен береді.

3. Топ мүшелері ақылдаса келе қарсы топтың ойыншыларын өздері бағалайды. Ол үшін столдағы жасыл (3), сары (4), қызыл (5) түсті жетондарды топтың үлесіне береді

Сұрақтары:

1 сұрақ. Қазақстанда хандық биліктің жойылуының негізгі себептерін ата

2 сұрақ. Қазақ даласындағы шаруашылық пен сауда-саттық саласында қандай өзгерістер орын алды?

3. Денсаулық сақтау, дін және халыққа білім беру саласында болған өзгерістер

Үй тапсырмармасын бекіту арқылы жаңа сабаққа көшу

1822 жылғы “Сібір қырғыздары туралы Жарғының “ мақсаты

- Қазақстанның солтүстік –шығыс өңірінде әкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту

- Рулық – феодалдық тәртіпті әлсірету

- Орта жүздегі хандық билікті жою 1824 жылғы “Орынбор қырғыздары туралы Жарғының” мақсаты

- Кіші жүзде хандық билікті жою

Алғышарттары қалыптасты. Жарғылардың авторларын еске түсіру.

Жаңа сабақ: Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы

Мұғалім қысқаша кіріспе жасап, бағыт береп, оқушыларға тапсырма береді.

Карта бойынша түсіндіріп өту.

Қазақстанда хандық биліктің жойылуы кездейсоқ оқиға болған жоқ. Ресей империясы басынан бастап алдына осындай мақсат қойды. Ол мемлекет ішінде мемлекеттің өмір сүруіне жол беруге тырысты. ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ қоғасының экономикалық, саяси, қоғамдық өмірінде болған өзгерістер, Франциямен соғыстың аяқталуы, халық арасында хандардың беделінің түсіп кетуі Қазақстанда хандық билік институтының жойылуына басты себеп болды. ХІХ ғасырдың басында жүргізілген патша үкіметі реформаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою болды. Өйткені ол қазақ қоғамын шаруашылық жағынан отарлауға бөгет жасады. Кіші жүздегі реформа барысы.1822 жылы Орынбор губернаторы П.К. Эссен дайындаған Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғыда Кіші жүз жерінде үш хан тағайындау жоспарланады,бірақ ол жүзеге аспады.Жарғының да бекітілмеуі осыған байланысты болды.1824 жылы Орынбор губернаторы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, Шекаралық комиссияға лауазымды шенеуніктік қызметке тағайындады. Кіші жүздегі хандық билік осылай жойылды.Тек Еділ мен Жайық арасындағы Бөкей хандығы 1801жылғы құрылған 1845 жылға дейін сақталды.

І топқа тапсырма

№ 3-4 бөлім бойынша жұмыс жасап, Орта жүзде енгізілген басқарудың жаңа жүйесінің тірек – сызбасын жасау, оны түсіндіру

ІІ топқа тапсырма

№ 4 - 5 бөлім бойынша жұмыс жасап Сыртқы округтегі сайлау тәртібін және Округтік приказдардың міндеттерін жазу, оны түсіндіру.

ІІІ топқа тапсырма

№ 11-12 бөлім бойынша жұмыс жасап Кіші жүздегі өзгерістерге байланысты тірек – сызба жасау

Әр топ постер жасау арқылы өз тапсырмаларын қорғап шығады.

Қорытынды сұрақтар :

1. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қай жылы жазылып, қабылданды?

2. «Сібір қырғыздары туралы Жарғының» авторы кім?

3. 1822 жылы «Жарғы» бойынша аға сұлтанды сайлайды (сұлтандар)

4. 1822 жылғы Жарғыға сәйкес ауылдың әкімшілік құрамында қанша шаңырақ болуға тиісті еді? (50-70үй)

5. Аға сұлтан неше жылға сайланатын? (3 жыл)

6. «Орынбор қазақтары туралы Жарғыны» кім құрастырған?

7. 1822 ж. Жарғы бойынша «Сібір қазақтарын» билеу кімге тапсырылды? (ген.губернаторға)

Бағалау

Үйге тапсырма :

1.16 параграфтың 9-13 бөлімдерді оқып, конспектілеу,

2.осы тақырып бойынша 20-25 сұрақтан ашық тест құру.

3.Терминдердің мағынасын түсіндіріңдер.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы
Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
ХІХ ғ. І жартысы ұлт- азаттық көтерілістер
XIXғ 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары
Атажұрт интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын
Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жж. көтерілісі
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы.
Қазақстандағы 1867- 1868 жылғы әкімшілік реформа
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 10533 | Қосты: Сатыбалдина Шолпан | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык