Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі


Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі

Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі

Сабақтың мақсаты: Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуін және ішкі талас-тартысты пайдаланған патша үкіметінің хандық өкіметті жойып, басқарудың жаңа әкімшілік басқару жүйесін енгізуін, отаршылдық тәртіпті күшейтуді көздеп, 1867-1868 жж. әкімшілік реформаны қабылдағанын, сонымен қатар XIX ғасырдың 80-90 жылдарында қазақ жерінде енгізілген басқару, сот реформаларының отаршылдық, таптық мәнін ашып, анықтау.
Сабақтың міндеті: 1. Патша өкіметінің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуінің отаршылдық сипатын ашу.
2. Қазақ жеріне жүргізілген реформаның жағымды және жағымсыз жақтарын көрсету.
3. Өз ойларын тұжырымдай білу.
 
Сабақтың нәтижесі:
1. Оқушылар 1822,1824 жылғы реформаның қабылдануының мақсатын және                      
     1867-1868 жж. қабылданған реформа бойынша қазақ жері қандай әкімшілік    
    бөліктерге бөлінгенін  біледі.
2. 1886-1891 жылдары қабылданған реформаның алдыңғы реформалардан ерекшелігін 
    салыстырады. 
3.Сын тұрғысынан ойлау дағдылары мен біліктіліктерін шыңдайды, білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтырады, өз пікірін еркін айта алады, салыстырмалы көзқарасы қалыптасады.
 
Сабақтың көрнекілігі: 1. «Қазақстан XIX ғасырдың I жартысында» картасы
                                           2. «Қазақстан XIX ғасырдың II жартысында» картасы
                                           3. Қазақстан Республикасының картасы
                                          4. Интерактивті тақта, слайдтар
 
 
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. Оқушыларға бағалау парағын таратып, түсінік жұмысын жүргізу. 
 
Үй тапсырмасын тексеру:               
3-деңгей
 «Тұлғаны таны» портреттер көрсетіледі. Оқушылар кім екенін тауып, осы тақырыпқа қандай қатысы бар екенін айтады. 
                  
2-деңгей
 «Даталар сөйлейді» (Жылдар көрсетіледі, осы жылдарда қандай оқиғалар болғанын айтады)
1731 жылы-          1771-1781 жылдары-                              1859 жылы-
1734 жылы-          XIX ғасырдың 20-30 жылдары-             1864 жылы
1740 жылы-           1851 жылы-
1757 жылы-           1854 жылы-
1-деңгей
(Шығармашылық деңгей)
Қазақстанның Ресейге қосылуының тиімді және тиімсіз жағын айтады.
Жаңа сабақ:  
Жоспар:
1. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы»Жарғы және хандық өкіметтің жойылуы 
2.Патша өкіметінің 1867-1868 жылдардағы қазақ жерін әкімшілік-саяси басқару реформасы
3. 1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер
130 жылдай уақыт ішінде Қазақ хандығының жері Ресейдің қол астына өтіп, отарына айналды. 1822,1824, 1867-1868, 1886-1891 жылдары қазақ жерлерін басқарудың жаңа реформалары енгізілді. 
Оқушыларды осы реформаларды талдап, ерекшеліктерін ашып көрсетіп, қорытынды жасауына мүмкіндік туғызу мақсатында сабақ топтық жұмыс арқылы ұйымдастырылады.Ол үшін 3 топқа тақырыптың 3 жоспарын  оқып-танысу үшін бөліп беремін.Әр топ оқушылары мәтінді жеке-жеке оқып дайындалады. 
INSERT әдісін пайдаланып оқу.
 v  білемін
+ жаңа білім
- түсініксіз
Оқып болған соң топта талқылайды.Талқылау уақыты аяқталған соң оқулықты жауып қояды. Әр топқа карточкалық сұрақтар таратылып беріледі. Сұрақтар бойынша жауапты плакатқа кесте арқылы түсіреді. 
 
1-топқа:
1. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қай жылы, кімдердің қатысуымен жазылды?
2. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қазақ жерлері қандай әкімшілік бөліктерге бөлінді және басқару ісі қалай жүргізілді?
3. Жарғы бойынша сот істері қалай құрылды?
4. «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» Кіші жүзде қандай басқару жүйесін енгізді, ерекшелігі қандай?
 2-топқа:
1. Патша өкіметінің 1867-1868 жылдары қазақ жеріне жаңа реформа енгізуінің себебі неде?
2. Реформа бойынша патша өкіметі басқарудың қандай жүйесін енгізді?
3. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар қалай құрылды?
4. Реформалар салық және жер мәселесіне қандай өзгерістер енгізді?
 
3-топқа:
1. Патша өкіметінің XIX ғасырдың 80-90 жылдары жаңа реформа енгізуінің себебі неде?
2. 1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша қандай жаңалықтар болды?
3. «Ереже» бойынша сот ісіне қандай өзгеріс енгізілді?
4. Ресей өкіметінің реформалары отарлау мақсатында қандай роль атқарды?
 
Әр топ дайын болған жұмысын ортаға шығып қорғайды. 3 топтан сұрақ қоюшы оқушыны тағайындау. Олар тақтадағы оқушыға қорғап тұрған жұмысы бойынша сұрақ қояды. Өз жұмыстарын қорғап болған соң интерактив тақтадан слайд арқылы дұрыс жауаптары көрсетіледі. Дұрыс жауаппен салыстырады. 
      
       
Сабақтың бекіту кезеңінде тақырып бойынша тест сұрақтары беріледі.
1. Қай хан қайтыс болғаннан кейін патша өкіметі орта жүздегі хандық өкіметті жоюға тырысты?
А) Уәли
В) Бөкей 
С) Жәңгір
Д) Абылай
Е) Әбілмәмбет 
2. 1824 жылы хандық өкімет жойылды:
А) Қазақ хандығында 
В) Орта жүзде 
С) Ұлы жүзде 
Д) Бөкей хандығында 
Е) Кіші жүзде 
 
3.Жетісу және Сырдария облысарын басқару туралы «Уақытша Ереже» қабылданды:
А) 1865 жылы шілдеде 
В) 1868 жылы шілдеде
С) 1869 жылы шілдеде
Д) 1866 жылы шілдеде
Е) 1867 жылы шілдеде 
4. 1867-1868 жж. реформалар бойынша билерді бекітті:
А) Аға сұлтан 
В) Болыс  сұлтаны 
С) Әскери губернатор
Д) Ауыл старшыны 
Е) Жергілікті шенеунік 
5. 1897 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының қарауына  берілген  облыс:
А) Жетісу облысы 
В) Семей облысы
С) Торғай облысы 
Д) Орал облысы
Е) Ақмола облысы 
Оқушылар тест тапсырмасын орындап болған соң, тақтадан жауабы шығарылады. Оқушылар өздерін тексереді. 
Қорытындылау
Бағалау критериі бойынша бағалау. Шығу парағын толтыру. 
Үйге тапсырма беру: 
1. §31.« Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі» тақырыбын оқу
2. Реформаның қазақ елі үшін жағымды және жағымсыз жақтарын жазып келу. 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
28 ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы әкімшілік реформалар.
XIX ғ. 60-90 жж әкімшілік реформалар Орал, Торғай, Маңғыстау көтерілісі
XIXғ 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары
1867-1868 жылдардағы реформа
ХІХ ғ 80-90 жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа
1867-1868ж " Басқару туралы уақытша ережелер"
Қазақстандағы 1867- 1868 жылғы әкімшілік реформа
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6310 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык