Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жазғы саяхат


Жазғы саяхат

Жазғы саяхат

Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы

Суворов орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Бейсекова Асыл Қабдолқызы

Қазақ тілінен 5-сыныпта ашық сабақ

Тақырыбы: Жазғы саяхат

Мақсаты: білімділік- балаларға жазғы саяхат туралы түсінік беріп, жаз туралы ұғымдарын жетілдіру, әр мезгілдің ерекшеліктерін салыстырып айтып беруге жаттықтыру. Сөз тіркестері мен сөйлем құрау шеберліктерін арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап айтуға үйрету;

дамытушылық – жазғы саяхаттуралы айта келіп, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын молайту. Берілген сұраққа толық, нақты, дұрыс жауап беруге дағдыландыру;

тәрбиелік – табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, оны аялай білуге, өз денсаулығын шыңдауға пайдалана білуге тәрбиелеу, жазғы еңбекке баулу.

Түрі: жаңа сабақ ( саяхат сабақ).

Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, ой қозғау, пікірлесу, ой түйіндеу.

Көрнекіліктер:  АКТ, тірек сызбалар, ребус, «Жаз» тақырыбына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Сабаққа керекті құрал- жабдықтарын дайындату.

Психологиялық дайындық

 Үстелдің үстіндегі гүлге назар аудартып, әдемі гүлдерге қарағанда, не сезінетіндерін, естеріне не түсетіндерін сұрау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

Үйде  «Жаз» тақырыбына салған суреттері бойынша әңгімелету.

Оқушыларды топқа бөлу. Геометриялық фигуралар бойынша бөлінеді.

ІІІ Жаңа сабақ.

Енді, балалар барлығымыз тақтаға назар аударайық. Тақтада ребус берілген. Сол ребусты шешейік. Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.  (ребус шешу).

 Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Жазғы саяхат». (аудармасын айтып өту)

-          Балалар, саяхаттың әр түрі болады, олай болса есімізге түсірейік.

Балалар, енді, Бәйтерекке саяхат жасайық. Бәйтерекке бару үшін автобусқа отырамыз. Әр аялдамаға тоқтаған сайын   біз бір тапсырманы орындауымыз керек. Бір тапсырма бір топқа беріледі, ал екінші топ жауаптың дұрыс – бұрыстығын бақылап бағалау парақтарына белгілеп отырады.

-          Сонымен, бірінші,  «Медициналық академия» аялдамасында бізге қандай тапсырма беріледі екен?

Жаңа сөздермен жұмыс. Олай болса жаңа сөздермен танысайық.

Саяхатшы – путешественник;

Жазғы –летний;

Шомылу-купаться;

Қыздырыну  -загорать.

Тапсырма:

  1. Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды. Оқушылар қайталайды.
  2. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрау.

2- аялдама – «Жастар сарайы» аялдамасы қай көшеде орналасқан? Бұл аялдаманың аты қалай аударылады?

Тапсырма. Мәтінді оқып, аудару.

Жазғы демалыста  мен ағаммен бірге Астанаға бардым. Астананы мен бірінші рет көрдім.

  Астана -  үлкен қала. Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелерде неше түрлі гүлдер өсіп тұр.Биік ағаштар көп.  Қаланың көшелері таза, кең. Әдемі ғимараттар көп.Қаланың қасында өзен бар. Маған Астана өте ұнады.

3-аялдама – «Мега ойын-сауық орталығы» аялдамасы.

Диалогпен жұмыс жүргізу (178-бет, 3-тапсырма)

-          Жазда ауылға бардың ба?

-          Иә, мен жазда ауылға бардым.

-          Көл жағасында болдың ба?

-          Иә, болдым.

-          Ауа-райы қандай болды

-          Өте ыстық болды.

-          Ауылдағы адамдар қандай жұмыс істеді?

-          Бақша егіп оны суарды, шөп шауып, қысқа дайындалды.

-          Өзің көмектестің бе?

-          Иә, мен бақша суарысуға, аула жинауға көмектестім.

-          Ауылға барғанда қалай демалдың?

-          Өте жақсы дем алдым.

4-аялдама – «Жамбыл Жабаев саябағы» аялдамасы. Жамбыл Жабаев деген кім? Кәне, бұл аялдамада бізге қандай тапсырма берілген екен?

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.

Б...з  с...ға т...стік. Су өт...  ж...лы болд... .  Б...з ш...лдеп ш...й ішт...к. Д...п ойнад...қ. Кешк... қара... жаңб...р жауд... . Біз үй...е қайтт...қ.

5-аялдама – «Ұлттық кітапхана» аялдамасы. Сендер кітапханаға барасыңдар ма? Қандай қазақша шығармалар оқыдыңдар?

Тапсырма: орман, көл, гүл, жаңбыр сөздерін қатыстырып сөйлем құраңдар.

IV. Бекіту .

Сонымен, балалар, біз Бәйтерекке де келдік. Бәйтерек аялдамасы бізге тапсырмалар дайындап қойыпты.

Тапсырмалары:

  1. Балалар, бүгін біз қайда саяхатқа шықық?
  2. Саяхатқа шыққанда сендер нелер көрдіңдер?
  3. Нелермен таныс болдыңдар?
  4. Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Несімен?
  5. Жаз туралы қандай мақал- мәтел, өлеңдер, жұмбақтар  білесіңдер?
  6. Жазда сендер қайда саяхатқа  шығасыңдар?

V. Қорытындылау: Балалар, біз бүгінгі өткен тақырыпты біраз пысықтап алдық. Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Тағыда саяхатқа шыққыларың келе ме? Оқушылардың сабаққа қалай қатысқандарын сөз етіп, мақтау айту. Vavada – это онлайн-платформа для азартных игр, которая привлекает игроков своим широким ассортиментом развлечений и высокими стандартами обслуживания. Здесь каждый найдет что-то по вкусу: слоты, настольные игры, рулетка и даже live-казино. Удобный интерфейс и современный дизайн делают игру на vavada комфортной и увлекательной. Пользователи также отмечают быстрые выплаты и разнообразие бонусных программ. Поддержка клиентов работает круглосуточно, что создает чувство безопасности и доверия. Vavada – это мир ярких эмоций, который всегда под рукой!

VI. Үй тапсырмасын беру: «Табиғатқа саяхат» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

VII. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ертегілер еліне саяхат»
Жұрнақ пен жалғау
Астана. Көмекші есімдер.
Менің қалам
Қазақстанның елордасы - Астана
Қалада
Қош бол, сүйікті даярлық!
Еңбек қаласына саяхат
Жазғы еңбек
Менің Қазақстаным. Үндестік заңы.Буын.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 12374 | Қосты: Бейсекова Асыл Қабдолқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык