Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Астана. Көмекші есімдер.


Астана. Көмекші есімдер.

Астана. Көмекші есімдер.

Сабақтың тақырыбы: Астана. Көмекші есімдер.

Сабақтың мақсаты:Елорда туралы түсініктерін кеңейту,мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,

Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір –біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

 Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, суреттер

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)

Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу

- Бүгін сыныпта кезекші кім?

- Сыныпта кім жоқ?

- Оқу құралдарын тексеру (оқулық,дәптер,қалам,сөздік дәптер)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут)  (Мақал-мәтелдер.)

-Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы . Елордамызға саяхатқа шығамыз.

-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?

-Карта.

-Дұрыс айтасыңдар,ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.

-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер? )

Әр топ жетекшілері алдарындағы бағалау парағына топ мүшелерінің жауаптарын  бағалап отырады.

 

 

Саяхат картасы

3.Пирамида

                     2. Бәйтерек                                        4.Ақ Орда

1. Вокзал                                                                                   5.  «Думан»

                                                    6. «Хан шатыры»

 

1-аялдама. Сөздік алқабы.

ғимарат- здание

аялдама-остановка

көрікті-красивий

жаға-берег

орталық-центр

ойын-сауық орталығы-развлекательный центр

Сөз тізбегі    Сөз тіркесі тізбегі    Сөйлем тізбегі

2-аялдама. «Бәйтерек»

2.                                          Астана

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы –Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.

          Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды.

Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.

          Астана – болашағы үлкен қала.

 

Тапсырма. Көмекші есімдердіөзі байланысып тұрған зат есімдермен бірге теріп жазыңдар.

 

3-аялдама «Пирамида»

 

Тапсырма. Берілген сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңдар.

 

Есіл өзенінің                        үлкен қала                 1. Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан.

Парламент                         өкілдері

Жастар                               ортасында

тұрғын                                алдында

Парламент  үйінің                         бойында

қаланың                              үйі

ұлт                                      сарайы

болашағы                            үйлер

 

Жатқа жазу. 

                                 Астана

Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның –

Мақтанышым – Астанам.

 

4-аялдама «Ақ Орда»

Тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып оқыңдар.

Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көше бойы... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты... орналасқан. Мектептің қасы... үлкен саябақ бар. Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасы... жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіштің арты... үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... әдемі гүлдер егілген.

 

5- аялдама «Думан»

Тапсырма. Ғимарат, ескерткіш сөздерін септеңдер.

6-аялдама «Хан шатыры»

Тапсырма. Қазақ тіліне аудар.

В Казахстане много больших красивых городов. В Астане есть музеи, театры, институты. Улицы Астаны широкие, прямые. Астана – столица Казахстана. Я прочитал книгу про Казахстан.

-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.

-Саяхат сендерге ұнады ма?

-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік.

« Cиқырлы сандық» . Берілген сандарды таңдап,жасырынған сұрақтарға жауап беру.

1    2    3    4     5    6      7      8      9    10

1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?

2. Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?

 3. Көмекші есімдерді ата?

4.Қ.Р тұңғыш президенті кім?

5.Астананың символы?

6.Бір сөзбен ата.

Әнұран,елтаңба,ту.

7. Парламент үйінің алдында кімдердің ескерткіштері қойылған?

8. Астана сөзіне барыс септігін жалға.

9.Адасқан сөздерді орнына қой.

     Астана, орналасқан,қаласы,Солтүстік,аймағында.

10.Астанаға қандай тілек айтасың?

 

Үй тапсырмасы: 5-6 тапсырмалар

Сабақты қорытындылау.

Бағалау: Топ басшылары бағалайды.

Бағалау парағы.

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

1-аялдама

2-аялдама

3-аялдама

4-аялдама

5-аялдама

6-аялдама

Сиқырлы сандық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұрнақ пен жалғау
Астана-арман қала
Менің қалам
Қазақстанның елордасы - Астана
Көмекші есімдер, Астана қаласы
Сөйлем мүшелері
Астана қаласы
Елорда ашық сабақ
Сын есім
Менің Қазақстаным. Үндестік заңы.Буын.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3006 | Қосты: Сатубалиева Айнур Набиуллиновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык