Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауылға келген мұғалім


Ауылға келген мұғалім

Ауылға келген мұғалім

Сабақтың тақырыбыАуылға келген мұғалім

Сабақтың мақсаты:1. Мәтіннің мазмұнын оқушыға жеткізу арқылы әдеби сауатын рухани байыту;Мәтіннің мазмұны арқылы оқушылардың тілдік, оқырмандық дағдыларын қалыптастыру;

2.Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

3.Ынтымақтастықта жұмыс жасауға,өзгелердің пікірін сыйлауға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, топпен жұмыс

Көрнекілігі: портрет, сызбалар, алма ағашы, слайдтық презентация,ресурстар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық  ахуал.

«Сиқырлы алаңқай»

(Әр түрлі түстерден  қиылған гүлдерді алдын-ала дайындап қою.)

Мұғалім: Қазір күз мезгілі.Гүлдер  құрап,жапырақтар да түсе бастады.Мына гүлдердің барлығы да  үлкен жайма-шуақ алаңқайда өсіп тұрған еді. Бір сәтке  біздің сынып осы жайма шуақ алаңқай екен деп көз алдымызға елестетіп көрейікші.Өздеріңе ұнаған  гүлдерді алып,сыныптың кез келген жеріне  жерге қадап қойыңдаршы. Қараңдаршы-сыныбымыздың іші көңілденіп әрі әдеміленіп кеткен сияқты.  Ендеше  осы тамаша көңіл-күйімізбен сабағымызды бастайық!

-Балалар,сендерді үйде қалай еркелетеді?

-Қошақаным,балапаным,күнім т.б

-Тамаша.Ендеше қазір біз «Ботақандар»,«Қошақандар» және«Балапандар» топтарына бөлінеміз.

Жұмысты бастамас бұрын топпен жұмыс істеудің ережелерін  есімізге түсіріп  алайықшы.

1.Бір-бірін мұқият тыңдау;

2.Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;

3.Бір-бірінің пікірін құрметтеу;

4.Уақытты үнемдеу

ІІ.Жаңа сабақ

-Балалар,осы мұғалім деген кім?(оқушылар өз ойларын айтады)

-Жақсы.Бүгін біз сендермен М.Жұмабаевтың «Ауылға келген мұғалім»атты мәтінімен танысамыз.Мәтінмен таныспас бұрын мен сендерге М.Жұмабаев туралы қысқаша мағлұмат беріп өтейін.(слайд №1М.Жұмабаевтың портреті)

М.Жұмабаев 25 маусым1893жылы  Солтүстік Қазақстан облысында Ақмола губерниясында  дүниеге келген.Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашқан. 1913-1917 ж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны медальмен үздік бітіреді.

Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.1938 жылы  қамауға алынып, ату жазасына кесілді.(слайд №2,М.Жұмабаевтың өмірбаяны)

2.«Жигсо»тәсілі арқылы мәтінді бөлімдерге бөліп,оқушылардың алдына беріледі.(Әр топ өзінің бөлімін оқиды да,мазмұнын айтып береді)

3.Бөлімнің мазмұнына қарай постер жасап, оны қорғау.

ҮІ.Сергіту сәті

4.Мұғалім  мәтіннің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды.

3. «Тұжырымдамалық кесте» толтырту.

Мәтіндегі  кісі аттары.

Олар Мағжанға кім болады?

Ү.Сабақты бекіту:

«Мұғалім»сөзіне синквейн құру.(Әр топ өзінің құрған синквейнің оқып шығады)

ҮІ.рефлексия.Алма ағашы(қызыл және жасыл алмаларға өз пікірлерін жазу) 

ҮІІ.Қорытындылау:бағалау.

Үйге тапсырма:оқу, мазмұны


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Вирус және вирусқа қарсы құралдар.
А. Байтұрсынұлы. «Оқуға шақыру»
Мұғалім. Қ.Ыдырысов.
Мағжан Жұмабаев – қазақ лирикасының хантәңірі
Мұғалім ол біздің. Сөйлем түрлерін қайталау
Көктем сәні. Заттың сынын білдіретін сөздер
Ш. Айтматов: Атадан қалған тұяқ
Мұхтар Әуезов. Әбілмансұр.
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 7033 | Қосты: Рахимова Толкын | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык