Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М. Өтемісұлы «Мен – құстан туған құмаймын»


М. Өтемісұлы «Мен – құстан туған құмаймын»

М. Өтемісұлы «Мен – құстан туған құмаймын»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Апта:

Күні:  20.11.2014ж..       

Сабақ: қазақ әдебиеті 8-сынып

Сабақтың  тақырыбы:

М. Өтемісұлы «Мен – құстан туған құмаймын»

Жалпы мақсаты

Махамбет өлеңінің идеясын ашуға, әдеби теориялық талдауға бейімдеу, сөйлеу мәдениетін, шығармашылықпен жұмыс жасауларын дамыту.

Оқу нәтижесі:

Түйінді ой айтады, ойды қорытып айту дағдылары қалыптасады, сыныптастары арасында бірлесіп жұмыс істеу мен талқылауға үйренеді.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І.Сергіту сәті:/1 мин/ би қимылы арқылы оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өзіндік ізденіс – білім негізі: /10 мин/

І топ: М. Өтемісұлының күйлері жайында

ІІ топ: Қазіргі кездегі М. Өтемісұлына арналған ескерткіштер мен естеліктер

«Жекпе-жек» ойыны арқылы М. Өтемісұлының өлеңін жатқа мәнерлеп айту. /стикермен бірін-бірі бағалау/

ІІІ. Қызығушылығын ояту: /2мин/

Махамбет өлеңдерін тақтадан оқыта отырып,  құс атаулары арқылы топтардың атын айқындау, суретін көрсету.

Қаршыға деген бір құс бар –                       Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанаты айдың астында.                                 Қанатың қатты, мойның бос,

Ұясы оның саяда,                                           Исатайдан айырылып,

Қарағай, қайың басында.                               Жалғыздықпен болдым дос.

Осындай көптеген тақырыптарда М. Өтемісұлының өлеңдері бар, соның бірі –     М. Өтемісұлының «Мен – құстан туған құмаймын» өлеңі. Мақсаты мен нәтижесі айтылады.

Топ басшысын сайлату, бағалау парағын беру. /1мин/

ІҮ. Мағынаны тану: Топтық жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқыту( табыс критерийін беру) /10 мин/

І топ: «Мен – құстан туған құмаймын» өлеңінің мазмұнын ашу

ІІ топ:  «Мен – құстан туған құмаймын» өлеңінің көркемдік ерекшелігін табу

Табыс критерийі (өлеңнің мағынасын ашу)

Өлең арқылы ақын қандай ой айтқысы келген?

Өз ойын қандай ерекше сөздермен жеткізген?

Ақын ойын қазіргі заманмен салыстырып баяндаңдар

Табыс критерийі (өлеңнің көркемдік ерекшелігін табу)

Көркемдік ерекшеліктер

Өлеңнен мысал келтіру

Өлең құрылысы

 

Аллитерация

 

Ассонанс

 

Қайталау

 

Риторикалық сұрау

 

Балама сөздер

 

Ү. Өлеңмен сырласу: /5мин/

  1. М. Өтемісұлы ХХ ғасыр ұрпағына өзін қалай таныстырды? (Мен, мен едім мен едім. Махамбет деген батырмын. Өтемістен туған 10 едік)
  2. Алдына қойған мақсаты қандай? (Ұлы арман. )
  3. Қандай игілікті істер атқарды? (Исатай – басшы, мен – қосшы. Соғыс,...)
  4. Қандай арманы болды? (....)

ҮІ. Қорытынды: Шығармашылық тапсырма: (7 мин.)

І топ: Жазушы. «Ұрпақ үні»  хат жазу.

ІІ топ: Журналистер. «Махамбет сенімі бүгінгі күні ақталды ма?» ойтолғаныс

Мұғалім: /1мин/

«Махамбет өлеңі қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті, шығармалары тап-таза қорғасыннан құйылғанап-ауыр асыл сөз, қазақтан басқа жер бетіндегі өлең-жырында жоқ» – деп академик жазушы Зейнолла Қабдолов айтқан.

Өмір – өткінші дүние, өнер –мәңгілік. Олай болса, Махамбет жырлары да – мәңгілік.

Дереккөздер және жабдықтар: флипчарт, маркер, интер. тақта,  «Google веб-сайтынан» ақпарат, стикер, смайлик

Үйге тапсырма беру

М. Өтемісұлына өзге ақын-жазушылардың арнаған шығармалары мен пікірлерін іздеу жұмысы және  бір   шығармаға  тоқталу. / 1мин/

Сабақты бағалау

Критерийлер бойынша топ басшысы бағалайды

(4 мин.)

Рефлексия: «Сабақ ұнады ма, несімен ұнады, сен үшін ең қызықты жұмыс түрі, қиын болған тапсырмалар, сенің ұсынысың» (стикерге жазу)/3мин/

Сабақтағы өзгертулер

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
М. Өтемісұлы «Мен –құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен өлеңдері
Махамбет – өр рухты ақын
ХІХ ғасыр әдебиеті Махамбет Өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы өлеңдері
Мен- құстан туған құмаймын
Махамбет Өтемісұлы өмір жолы, шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлы өмір жолы, шығармашылығы
Біріккен сыныптарда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
М. Өтемісұлы «Мен –құстан туған құмаймын», «Жалғыздық»
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 7083 | Қосты: Султанова Гулден Макышовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык