Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері 5 сыныпта, Мен таулықпын, 6 сыныпта, Қайырлы түн


Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері 5 сыныпта, Мен таулықпын, 6 сыныпта, Қайырлы түн

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері 5 сыныпта, Мен таулықпын, 6 сыныпта, Қайырлы түн

Қостанай обылысы Ұзынкөл ауданы,Федоров орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оспанова Сабира Мұқашқызының шағын жинақталған 5-6 сыныпқа берген ашық сабағы.

(5-6 шағын жинақталған) сыныптарға ашық сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың  өлеңдері  5 сыныпта , «Мен таулықпын»,   6  сыныпта «Қайырлы түн»

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік; Оқушыларды қазақ  жырының қара бурасы атанған Мұқағали  Мақатаевтың  бай шығармашылық  дүниесімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату,өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелігіне көніл бөлу,өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру.

2)Дамытушылық:Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны  дайындау,логикалық ойлау қабілетін, сана – сезімін дамыту.

3Тәрбиелік;Оқушыларды болашаққа деген сенімге баулу,Отаншылдыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрсені  қадыр тұтуға ,ақын жырларынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі;  Интерактивті тақта, презентация, бейне таспадан ақынның  өлеңдерің тындау, үлестірмелі қәртішке,ақын портреті,қосымша кітаптары

Сабақтың түрі; Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі;   сұрақ-жауап іздендіру,сын тұрғысынан ойлау стратегиясынын элементтері

Сабақтың эпиграфы;  «Қазақ жырының аспандағы азғана жұлдыздардың

Арысынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік.

Сенің жұлдызың- ең шұғылалы,ең мейрімді жұлдыз.»

 (Тұманбай Молдағалиев)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушыларды   сабаққа  жұмылдыру, амандасу, түгендеу, ынталандыру, жағымды көңіл-күй туғызу  «Шаттық шеңбері»  тренингісін өткізу.6 сыныпты топқа бөлу, 5 сынып жұп болып жұмыс істеу.

2.Үй жұмысын тексеру;

5сынып   Үй шығармасын жазып келген,талдау жинақтау.

6 сыныпта          Б. Соқпақбаевтың

 «Менің атым Қожа» повесінің мазмұның сұрау; Тақтада

 «Сандар сөйлейді»( үй тапсырмасы)   1924,15, 1951, 1963,1967   осы сандар нені білдіреді?

Мысалы;      -1  оқушы.   Ақын  1924 жылы 15 қазанда Алматы обылысы Нарынқол ауылында туған.

Қызығушылығын ояту;Екі сыныптағаламтор желісіне назар аударыңдар,  аудио таспадан ақынның  өлеңдерің тындату; «Ой қозғау стратегиясы».

Мұғалім балаларға сұрақ қояды.

-Кімнің  өлеңдерін тыңдадындар?

-М. Мақатаевтың.

-Өлеңдері  не жайында айтылған?

Ақын балалық шақты , Отан, туған ел, табиғат, халқына деген сүйіспеншілікті жырлайды.

Сонымен балалар, екі сыныптада бүгінгі өтетін  тақырыбымыз  ақиық ақынның өлеңдеріменен танысамыз.

3. Жаңа сабақ;Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері

5 сыныптың тақырыбы

  6 сыныптың тақырыбы

«Мен таулықпын»,

«Қайырлы түн».

 

Екі сыныпқа слайд арқылы презентациясын көрсету;Көрген слайдтары бойынша сұрақ- жауап.

6  сынып  оқушыларын « түстер бойынша»  топқа бөлдім.Екі топ құрылды.

Бағалау парақшалары үлестірілді.Топ жетекшісі тағайындалды.

Топтың аты

Үй жұмысы

Орындаған тапсырмалары

Жалпы ұпай саны

Балапан

5

4,5,5,5

24

Қарлығаш

 

 

 

 

1-топ    Ақынның өмірі шығармашылығы  туралы қысқаша баяндау.

2-топ  Мәтіннен қарамен жазылған  өлеңдерін теріп дәптерге жазу.Әр топтың жетекшілері бағалап отырды.

5 сынып

6 сынып 

5 сынып оқушылары  « Мен таулықпын» өлеңін мәнерлеп оқу,талдау

6 сынып  Жазбаша жұмыс дәптерге «Қайырлы түн»өлеңінде мынадай сөздер ( дін аман,шәйіге, кесел,боз көрпе) деген сөздер кездеседі оларды дәптерге жазып мағынасын ажырату. «Дін аман»деген сөзі яғни Отанымыз тыныш болсын дегені.

 

5сыныпқа тапсырма; Жұппен жұмыс  «Кластер» құру.   Постермен жұмысты тақтаға шығып қорғады.   Мұқағали қандай ақын

Сергіту сәті; Екі сыныпқа ортақ «Қара жоға кірпі биің» ( ғаламторға  қарап билеу.)

Мағынаны ажырату. Біріккен сынып оқушыларына тапсырма

 «Инсерт стратегиясы»

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

-М. Мақатаев туралы не білесіңдер?

- Не білгілерің келеді?

Екі сыныпта жеке- жеке өз ойларын ортаға салады, кестені толтырады.

Сұрақ:-Балалар, ақынның әні мен айтылатын өлеңін кім біледі?

  Нұрғиса Тілендиевке шығарған өлеңі «Есіңе мені алғайсың» 5 сынып  оқушысы  Қабдешов Бейбіттің орындағаның тындау.

Бекіту.-Сонымен балалар, сабақта кіммен таныстық?

   - М. Мақатаевпен таныстық.

Ақын деп кімді айтуға болады?

Өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі.

Бағалау.6 сынып оқушылары бағалау парақшаға қояды бағаларын.

Үйге тапсырма:  5 сыныпқа өлеңді жаттауға.6 сынып өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен түсіндіру

Ақынның балалық шағы

Ақынның өзі жазған кітаптары

Федоров орта мектебі

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері «Мен таулықпын», «Қайырлы түн» сабақ жоспары.

Өткізген:   қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оспанова Сәбира Мұқашқызы

Түсініктеме хат

Мен, Оспанова Сәбира Мұқашқызы осы оқу жылында шағын жинақты біріктірілген  5,6 сыныптарында  қазақ әдебиетінен өткізген сабағымның үлгісін  ұсынып отырмын.Сабақтың тақырыбы:Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері,5 сыныпта «Мен таулықпын», 6 сыныпта «Қайырлы түн».

Мақсат екі сыныпқада ортақ құрылды.Жалпылама алғанда сабақ үш мақсатпен қамтылды: дамыту, үйрету, тәрбиелеу. Бұл мақсаттар сабақ барысында орындалды.Сабақта мынадай көрнекі құралдар қолданылды: Ғаламтор желісінен интер белсенді тақтада ,ақынны өз дауысымен айтқан «аудио таспа», презентация,портреті, үлестірме кеспелер.Жалпы оқушылар саны; 5 сыныпта -5( оқушы),  6 сыныпта ( 6 оқушы) , Алтыншы сынып оқушыларың топқа бөлдім .       .Ал бесінші сынып оқушылары жұппен жұмыс істеді.

Шағын мектептер жылдан жылға көбейіп келе жатыр, жалпы білім беретін мектептерден айырмашылығы –оқушы санының аздығына байланысты бірнеше сыныптардың біріктіріліп оқытылуы. Сол себептен де мұғалімнің апталық жүктемесіне де өзгерістер енгізіледі. Мен  45минуттың  ішінде екі сыныппен қатар сабақты жүргіземін.    Біріктірілген 5-6  сыныптарыңда  қазақ әдебиетінен   жүргізген сабағымды назарларыңызға үлғісін ұсынып отырмын.

Әдебиет пәнінің кез келген оқушының ой өрісін жетілдіруде, оның рухани әлемін кеңейтуде ,адамгершілік қасиеттерін ,сезімін,тілін дамытуда ерекше орын алатыны сөзсіз. Сондықтан да шағын мектептерде де біріктірілген сыныптарда әдебиет сабағының қызықты  өткізу мен үшін маңызды.Мазмұны ұқсас тақырып кіріктіріліп отыр,жаңа тақырып екі сыныпқа ортақ  беріліп отыр.

Екі сыныптыңоқушыларының   назарын Мұқағали Мақатаевтың  өмірі мен шығармашылығына аударуға мүмкіндік туғыздым.Ал бірақ кейбір тапсырмаладың мазмұны әр тектес болып саналады.

Біріктірілген сыныптарға  ортақ тренинг: «Шаттық шеңберің», «Миға шабыл» жасау, сергіту сәті, «ИНСЕРТ » т.т б.әдіс – тәсілдерді қолдандым..Сабаққа деген қызығушылықтарың ояттым. Сабақ өту барысында белсенділік танытқан балалар болды. Мұндай сабақтарда әр баланың жеке көз қарасы қалыптасып, мол тәжірибе алады, әрі есінде қалады. Бұл мен үшін өте маңызды болып есептеледі. Сабақ өту барысында жетістіктерге қол жеткізген жетістіктерім: Берілген тапсырманы түсініп орындай алды. Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге тырысты. Сабақта үстінде балалардың өзін- өзі ұстау мәдениеті өте жоғары болды


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
Өзіңсің поэзия Пайғамбары
Жырлайды жүрек
Халықтық педагогиканы пайдалана отырып, ой өрісі кең , шығармашыл, ізденімпаз жеке тұлға тәрбиелеу
Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
М. Мақатаев. Үш бақытым
М. Мақатаев Фантазия
Қазақ поэзиясының Хантәңірі
Жырлайды жүрек
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 7706 | Қосты: Оспанова Сабира Мукашевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык