Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ертегілер әлемі


Ертегілер әлемі

Ертегілер әлемі

«Ертегілер елінде» - электронды көрме

ХХІ ғасырда ғылым мен білім жетістігі жемісін беріп, бар адамзат техниканың сан алуан түріне тәуелді болып отыр.  Бұл әрине жұмыс күші мен уақытты ұтымды пайдаланудың бірден бір көзі. Қазір компьютерсіз, ғаламторсыз қалса, өзін барлық дүниеден мақұрым қалғандай сезінетін адамзат буыны қалыптасты. Бұл керемет техника ақпарат алмасып, құжат берісуде түрлі есептік амалдарды, түрлі ақша аударымы, ішкі-сыртқы байланыс т.б. қызметтерді атқаруда теңдесі жоқ екені рас.

Кітапханашының мақсаты кітапханаға оқырман тарту, кітап сөресіндегі кітаптарды оқырман қолына жеткізу, насихаттау. Кітапхананың әрбір кітабын оқырманға насихаттауда кітап көрмесінің маңызы зор. Кітапханаға оқушылар келіп қажетті әдебиетін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады.Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді.

Кітапханаға оқырмандарды тартуда оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға электронды көрме ұйымдастырудың жақсы нәтиже беретін өз тәжірибемнен көрдім. Көрме презентациямыздың аты «Ертегілер елінде»  деп аталды. Көрмеге тақырып қойып, дәйек сөз дайындадым.

Кел, балалар келіңдер,

Жаңа кітап көріңдер.

Қане, оқып шығыңдар,

Кітап сырын ұғыңдар,  - деп балаларды презентацияны көруге шақырамын.

Тақырып: Ертегілер әлемі

Мақсаты: Ертегілер елінен келген кітап кейіпкерлері арқылы оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға қызықтыру, кітапхана өмірімен таныстырып, кітап сүйе білуге, бағалай беруге баулу.

Дәйек сөз:     Ертегі деген бір әлем,

Қиялың қанат қағатын.

Ертегі деген бір әлем,

Арманның өзін табатын.

Алматы қаласы «Аруна» баспасынан шыққан «Ертегілер әлемі» топтамасымен шыққан ертегілерді назарларыңызға ұсынамыз.

Жүрісі:

Кітапханашы:- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мінекей кеше ғана мектебіміздің алғаш табалдырығын аттап, 1 сынып қатарына қабылдандыңыз. Сіздер мектеп пен, асханамызбен танысқан боларсыңыздар. Бүгін міне кітапханамен таныстырғалы отырмыз. Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Біздің кітапханамызда «Ертегілер әлемі» атты көрме бар. Ол көрмеде «Шалқан», «Бақа ханшайым», «Шошақай шелпек», «Су перісі», «Алпамыс», «Ақымақ қасқыр», «Джек пен үрмебұршақ», «Қызыл телпек» т.б ертегі кітаптар, «Тышқан қалай жылбасы болды?», «Тұмарбас», «Алтын балық», «Сұмырай хан», «Сиқырлы тас», «Аламан мен Жоламан», «Керқұла атты Кендебай», «Жақсылық пен жамандық» т.б. аудио кітаптар бар.

Осы ертегі кейіпкерлерінен кімдерді жақсы танимыз.

Балалар:- Алдар Көсе, Арыстан, Түлкі, Қасқыр, Қызыл телпек, Бауырсақ, Мысық, Тышқан.

Кітапханашы:- Әжеден де қашты, атадан да қашты. Бірақ түлкіден қаша алмады. Бұл кім?

Балалар: - Бауырсақ.

Кітапханашы:- Өте жақсы балалар. Сендердің естеріңде ертегі кейіпкерлері қалған екен. Балалар,сендерге мен жұмбақ жасырайын.

Қабат – қабат қатпаршақ,

Ақыл айтар ақтарсақ.

Балалар: - Кітап.

Кітапханашы:- Дұрыс. Төрт аяқты шалғы,

Шауып кетер малды.

Балалар: - Қасқыр

Кітапханашы:-Дұрыс. Өзі айлакер, өзі бір қу

Жүрген жері айқай –шу.

Бұл кім?

Балалар: - Түлкі.

Кітапханашы:- Дұрыс. Түлкі өте қу аң, оған сенуге болмайды.

 Қымбатты балалар! Сендер ертегілерден жақсылық, бақыт, азаттық, теңдік, халықтың мәңгілік арманы мен үміті болғанын, қайырымдылық жасау, тарыққан мен торыққанға қол ұшын беру, жасаған жақсылықты парызым деп есептеу адам баласы биік мұраты екенін түсінесіңдер. Сендердің ой-өрістерің дамып, тілдерің баюы үшін ертегінің маңызы зор. Сондықтан ертегі кітаптарды біздің кітапханадан жаздырып алып оқыңдар.

Алдар Көсе:  - Сәлеметсіз бе, балалар! Мен сіздерге қонаққа келдім, мені танисыңдар ма?

Балалар:  - Ия. Сен Алдар Көсе.

Алдар Көсе:  - Мен Алдармын, мен Алдармын,

Досымын адал жандардың.

Жақсыға талай серік боп,

Жаманды талай алдадым.

Кітапханашы:   - Алдар Көсе, балалардың дайындаған «Қызыл телпек» ертегісін бірге тамашалайық.

(«Қызыл телпек» ертегісінің қойылымы)

Кітапханашы: - Балалар, ертегіні жақсы ойнап шықтыңдар. Мә, тағы да қонақтар келіпті.  Ата, әже, немере, ит, мысық, тышқан.  Бұл қайсы ертегі, балалар?

Балалар:  - Шалғам.

Кітапханашы:  - Дұрыс.Келіңдер, бірге «Шалғам» ертегісін тамашалайық.

(«Шалғам» ертегісінің қойылымы)

Кітапханашы:  - Балалар, бәрекелді, сіздер бірнеше ертегі үйренген екенсіңдер. Енді басқа да, ертегілерді оқып естеріңде сақтап жүріңдер.

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,

Кітап сенің айналады досыңа.

Талаптансаң үйренуге ұмтылып,

Келгін, жас дос, ізденейік қосыла, - деген сөздермен көрмені аяқтадым.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Кітапхана – білімпаздар мекені.
Ертегілер еліндегі шалқан
Ертегілер елінде
Кітап – рухани байлық, Кітап оқи білесің бе?
Кітап- сарқылмас қазына
Ертегі мазмұнына иллюстрация
Ертегі еліне саяхат
Ойнайық
ертегілер елінде
Менің сүйікті кейіпкерім
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 7736 | Қосты: Аманова Нурсулу Кадирбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык