Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Бала тәрбиесіндегі жетістік –мектеп пен отбасы ынтымақтастығында»


«Бала тәрбиесіндегі жетістік –мектеп пен отбасы ынтымақтастығында»

«Бала тәрбиесіндегі жетістік –мектеп пен отбасы ынтымақтастығында»

(Ата-аналарға арналған workshop)

Рефлексиялық есеп

Мектептің акт залына құрылған дөгелек үстелдерге орналасқан ата-аналардың бет-жүзінен таңданыс пен қобалжу байқалады. Ортада құрылған үстел басына отыруға ықыласты емес.

«Бүгін сіздермен осындай әдемі де кең , жайлы ортада кездескенімізге қуаныштымыз» деп басталған  мектеп тәрбие ісінің меңгерушісі Ашықбаева Мағрифа іс-шараны әр топқа ортақ сауалнама тастаудан бастады. 1,2-топқа «Сіз қандай ата-анасыз?», 3,4-топқа «Ұстаз бен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?» деген сауалдар шеңберінде топ мүшелері ақылдаса келіп, әрқайсысы бір-бір сұраққа шеңбер бойынша жауап берді.  Бұл жерде біздің

ұтқанымыз: Бір-біріне жатырқай қарап, тартыншақтап отырған ата-аналар бір мақсатқа жұмылып, бір-біріне көмектесіп, әр топтың кідірмей жауап беруіне жағдай жасады

Ұтылғанымыз: Бұл тест бойынша нақты қорытынды шығара алмайтынымыз болды. Нәтижесінде диалогтік әдіс арқылы ата-аналар арасында ынтымақтастық атмосфера қалыптаса бастады. Ата-аналардың өз-өзіне сын көзбен  қарауына, ұстаз бен ата-ана арасындағы байланысқа сындарлы көзқарас қалыптаса бастады.

 Келесі кезекте мектеп психологі Қоесова Жазираның «Суретті тест» әдістемесі жүргізілді.

Мақсаты: әр ата-ананың өзін-өзі тануы, өзіне-өзі баға беруі, өз жанұясы арасындағы, бала тәрбиесіндесіне орынын  анықтау. Тренинг барысында психолог оларға төмендегідей тапсырма берді: үйдің, гүлдің, жолдың, жыланның, ағаштың, шалбар мен орамалдың суреттерін салуды тапсырды. Басында тартыншақтаса да ата-аналар ерекше ықыласпен орындады. Кейбір ата-аналар әдемілеп салу үшін бір-бірінен түсті бояуларды сұрап алып жатты.

Ең тамашасы психолог суреттегі детельдардың орналасуына қарай әркімнің мінезі мен жанұядағы орны туралы айтыла  бастаған кезде басталды. Жаңа ғана тым-тырыс отырған ата-аналар бір –біріне «Сіз қандай адамсыз? Сіздің жанұядағы орыныңыз қандай?» деген сұрақтаға өздері салған суреттерден жауап тауып, бейне бір бала кейпіне еніп кетті. Бір-біріне өз суреттерін көрсетіп, бір-бірінің суретіне қарап мәз болды. Бұл бір сәтті таңдаған тренинг болды!  Ата-ана мен мектеп, ұстаздар арасында жылы леп есіп кеткендей әсер қалдырды. Бұл психологиялық тренинг алдыңғы сауалнамада кеткен олқылықтардың  орынын толтырып кетті.

Одан әрі квик-баптаушының көмегімен ситуациялық жағдаяттар таратылып, әр әңгімені топта талқылап, көпшілікпен бөлісу тапсырмалары берілді. Нәтижесінде 1-топ ата-аналары оқиғаны сахналап, жанұядағы ата мен әженің тәрбиесі туралы ой толғаса, 2-топ жұмыстан келген анасын қарсылап алған бір үйдің 7 қызы туралы көріністі сахналады. Олардың сахнада ойнау шеберліктері, қиялдарының ұшқырлығы сондай – ата-аналар, ұстаздар тұрып қол сақты. Олар  Анаға деген құрметтің қалай болатындығын көрсете білді. 3-топ ата-аналары отбасындағы әкенің орынын көрсете білді. Олар дайындаған декорация, рөлдеу, әкелердің белсенділік танытуы- ата-аналардың оқу-тәрбие ісінде  ұстаздарға сенімді серіктес,  балаларының қиялын ұштап шабыттандыруға ынталы жандар екенін көрсетті. Барлық жағдаятты сырттай тамашалап отырған 4-топ мүшелерімен шағын сұхбат жүргізу арқылы кері байланыс жүргізілді. Атаналар бала тәрбиесінде  Анаға деген құрмет,  Әке беделі, Ата-Әже қадірі туралы келелі пікірлер білдірді.

Осындай көңіл күймен флешмобқа ұласқан ата-аналар кері байланыста өз әсерлерін бөлісіп жатты.

Workshopтан көріністер

Келесі кезекте сөз алған мектеп директоры ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, өткен оқу жылының қорытындысымен  білімдегі, өнердегі жетістіктерімен танылған оқушылардың ата-аналарына Алғыс хаттар ұсынды. Баласының жақсы деген атқа лайық болып, ата-ананың мерейі асқақтаған сәтті көру кім-кімді де бей-жай қалдырмады.

«Жаңа оқу жылында қандай өзгерістермен барамыз?  Кімнің міндеті қандай? Нәтижелі оқудың  көрсеткіші не?» деген сұрақтарға  бір кез ата-аналардың көзімен қарауға мүмкіндік беру мақсатында Топтарға «Мінсіз мұғалім, ол қандай?», «Мінсіз оқушы, ол қандай?», «Мінсіз ата –ана , ол қандай?» деген сұрақтар ортаға  тасталып, ата-аналардың көзқарастары мен талап-тілектерін, түсінік-пайымдарын білуге тырыстық. Қорытындысында жаңаша  оқу мен оқытудың белсенді технологияларымен, білім берудің заманауи мақсаттары мен міндеттері туралы  білімдерінің молдығы қуантты.

Workshop соңында  ІІ деңгей тыңдаушысы Б. Нұрмұхан «Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу» тақырыбында «Шар» тренингін  өткізіп, ренжу, ашулану жағдайында мінезді қалай реттеу керектігі туралы кеңестер берді.

Одан әрі «Жарнама» бөлімінде оқушылардың жаздық демалысын дұрыс ұйымдастыру жолдарын насихаттау мақсатында лагерде болған оқушылармен сұхбат видеосы көрсетілді. Воркшоп  «2  жұлдыз, 1 тілек» арқылы қорытындыланды.

Қол жеткізген нәтиже:

-          ата-аналар мектеп өмірінде үлкен өзгеріс бар екенін сезінді және соны қолдайтындықтарын бідірді;

-         жаңаша оқытудың мақсаты мен міндеттері, ерекшеліктері туралы түсінік алды;

-         жаңаша оқу – балаларын жетістікке жеткізетін қадам екенін ұғынды; 

Гумарова Ағзия Зулхарнаевна Атырау облысы Исатай ауданы Исатай орта мектебінің «Өркен» кәсіби қоғамдастығының менторы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мектеп пен жанұяның мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі бірлескен жұмысының кейбір ерекшеліктері
«Өркен» кәсіби қоғамдастығының 2014-2015 оқу жылының І тоқсанында ұйымдастырған іс-шараларының есебі
Ата-аналармен жұмыс
Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас
Балам – болашағым өмірімнің жалғасы
Менің туған үйім
Отбасы және мектеп (ата-аналармен тренинг)
Бала тәрбиесі
Отбасы өмір өзегі
«Мен және менің балам» (тақырыбындағы дөңгелек үстел)
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 4286 | Қосты: Гумарова Агзия Зулхарнаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык