Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Өркен» кәсіби қоғамдастығының 2014-2015 оқу жылының І тоқсанында ұйымдастырған іс-шараларының есебі


«Өркен» кәсіби қоғамдастығының 2014-2015 оқу жылының І тоқсанында ұйымдастырған іс-шараларының есебі

«Өркен» кәсіби қоғамдастығының 2014-2015 оқу жылының І тоқсанында  ұйымдастырған іс-шараларының есебі

Адам философиясы өзгерген

жағдайдабәрі де өзгереді...

Абрахам Маслоу

Егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару білім беру саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер жүктейді. Сол міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалып отыр. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді. Осы бағытта2013 жылы  ****аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО жанынан І (ілгері) деңгей курсын аяқтап,алған білімім мен тәжірибемді әріптестермен бөлісіп,Исатай орта мектебінде  көшбасшылық етіп келемін.

Мектеп бойынша деңгейлік курсынан І (ілгері) деңгей бойынша 2 мұғалім,   ІІІ (базалық) деңгейден  7 мұғалім өтті. Қазіргі таңда олардың екеуі үйде бала күтімімен отырса, қалған әріптестер ынтымақтастықпен жұмыс жасап келеміз.

2014-2015 оқу жылының 3 қыркүйегі күні «Өркен» кәсіби қауымдастық мүшелеріөз шеберханамызда бас қосып, алғашқы мәжілісімізді өткіздік. Алдымен өткен оқу жылындағы жұмыс нәтижелері мен кедергілер туралы пікір алмаса отырып,  МДЖ жоспарын жоспарлауда басым бағыттарды анықтаудың жолдарын талқыладық. Өткен оқу жылында анықтағанымыздай,оқушыларымыздың «оқуды игі қабылдайтындар» санатынан «ықпал ететін оқушылар» санатына қалай өтеміз, ұстаздардың «ұжымдық, бірақ шектеулі білім» санатынан "білімдітереңдету, қорыту және тарату» санатына қалай қол жеткізуге боладын рақ шектеулі білім"өңірегінде ойдық. күні алғашрылған деңгейлік курстан  деген сұрақтар төңірегінде ой бөлістік.Соңында мәжіліс қаулысымен ата-аналарға, мұғалімдерге, оқушыларға аудит жүргізіп, басым бағыттарды анықтау міндетін І санатты мұғалім Мулдагалиева Светлана екеуміз бөлісіп алдық. Сауалнамаға мектеп мұғалімдері түгел(43), 80 ата-ана, 125 оқушықатыстырылды.Ондағы мақсатымыз: мектептің бастапқы ахуалын жеткілікті дәрежеде рефликсивті бағалау, ішкі ресурстарды пайдалану, мектептің объективті жағдайына шынайы баға беру. Сауалнама жүргізу барысында мектеп ұжымының, оқушылар мен ата-аналардың  басым бөлігі оқыту үдерісінде жаңаша оқыту тәсілдерінің қажеттігін, кері байланыстың маңыздылығын атап көрсетті. «Сабақ барысындағы әр түрлі әдіс-тәсілдер біздің сабаққа ынтамызды арттырады» деген пікірді оқушылардың 63 пайызы, «Балаларымыздың мектепке, ұстаздарының еңбектеріне көзқарасы өте жақсы.Біз баламыздың оқуға деген көзқарасын үнемі қолдап отырамыз»  деген пікірді ата-аналардың 83 пайызы білдірген.

Қыркүйек айының 12 күні мектептегі «Өркен» кәсіби қоғамдастық мүшелері дөңгелек үстел басында бас қосып, оқудағы кедергілерді анықтау, білім мен тәрбие беру саласында ата-аналар мен оқушылардың сұраныстары мен қажеттіліктерін білу  мақсатында жүргізілген сауалнама қорытындылары  бойынша МДЖ жоспарының тақырыбын Оқытуды  басқару мен көшбасшылық  арқылы  мұғалімдердің  кәсіби құзыреттілігін дамытудепбелгіледік.Мақсатымыз: Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін оқу-тәрбие үдерісіне енгізуге ықпалдасу. Сондай-ақ, бөлінген көшбасшылық арқылы тәлімгерлік ету,  жоспарға сәйкес  жұмыстарды атқару, қажет болған жағдайда қайта жоспарлау, ашық сабақтар, тәжірибе алмасу семинарлары, іс-әрекетті зерттеу- L.S (2а,7,8,9б) сабақтары, ата-аналармен ворк-шоп өткізу т.б. шараларды жоспарладық. (Қосымша-1) Әріптесім Светлана Халиоллақызы екеуміз бөлінген көшбасшылық жоспарын жасақтап,4-4-тен тәлімгер алып,  деңгейлік курстан өтпеген әріптестерімізді өз қатарымызға тарта отырып, 3-деңгей курс бағдарламасы аясында қысқа мерзім, орта мерзім жоспар жасау жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сабақтарына қатынасып, кері байланыс жасап отырамыз.

Алғашқы кездегі қобалжулар мен сәтсіздіктер артта қалып, атқарылып жатқан жұмыстар мен ұжымдастардың, ата-аналардың қолдауы бізге күш беріп, алға қарай ынталандырып отырды.

Тиімді көшбасшылық жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыруда ата-аналарды  мектепке тарту, оқу-тәрбие ісіне араластыру,өзара әрекет ету үдерісіне жұмылдыру,белсенді шығармашылық атмосфера құруды басты мақсат ете отырып, сол арқылы жоғары білім сапасына қол жеткізуді назарда ұстап келеміз. Қыркүйек айының басында «Бала тәрбиесіндегі жетістік – мектеп пен ата-ананың өзара ынтымақастығында» тақырыбында workshop өткіздік. Шара аясында түрлі психологиялық тренингтер мен топтық тапсырмалар, сауалнамалар мен флешмоб, кері байланыс жұмыстары жүргізілді. Мектеп бойынша «Ынтымақ» желілік байланысының тұсауы кесілді. Жаңа форматта ұйымдастырылған іс-шараға ата-аналар ризашылығы шексіз болды. Оны «Өмір ағашына» жазылған парақшалардан анық байқадық. (Толық рефлексиялық есеп соңына тіркелді)

Ата-аналармен өткізілген ворк-шоптан  көріністер

Әріптесіміз Нұрмұхан Бибігүлдің ІІ(негізгі) деңгейдің бірінші бетпе-бет кезеңін аяқтап, «мектептегі тәжірибе кезеңіне» келуі біз үшін үлкен қуаныш болды. Осыған дейін мектебімізде коуч мұғалімнің болмауынан ұстаздардың сұрауы бойынша Мулдагалиева Светлана 18қыркүйекте «Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы», мен 29 қыркүйек күні «Жиынтық бағалау- оқушы білімінің көрсеткіші» тақырытында коучинг- сессиялар өткіздік. Мақсатымыз:Нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылар уәжін көтермелеу арқылы оқу мен оқыту сапасын жақсартудағы формативті және суммативті бағалаудың маңызын ұғындыру. Бұдан күтілетін нәтиже: оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, «білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екенін»(МАН 25-бет) біледі.

ІІ деңгей тыңдаушысы Бибігүлдің ұйымдастыруымен «Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандырудың және дамытудың негізі»(28.10.14), «Оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы дарынды және талантты балалардың қабілетін анықтау» коучинг-сессиясына (16.10.14) қолдау көрсетіп,тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауға, оның сәтті өтуіне  барлық деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің мүдделі болуын бақыладым.

Деңгейлік курстан өткен ұстаздардың мәртебесін көтеру, жұмыстарын насихаттау, іс-тәжірибесін тарату мақсатында 13-18.10.14 аралығында «Ашық сабақтар жәрмеңкесін» ұйымдастырып, соңында «Сапалы білім беру: ізденістер мен мәселелер» тақырыбында семинармен қорытындыладық. Апталық аясында ІІІ деңгей бітірген сынып көшбасшылары - 2-сынып жетекшісі Шеруенова Мәншүк «Мінез - адам айнасы» тақырыбында тәрбие сағатын, география пәнінен Дүсіпова Гүлфайрус 8-сыныпта «Аласа таулар» тақырыбында ашық сабақ, тарихтан Тенизова Айгүл 7-сыныпқа «Наймандар, керейіттер, жалайырлар»тақырыбында ашық  сабақ, Өтешқалиева Тойдық 1-сыныпқа «Берекелі, мерекелі алтын күз» тәрбие сағатын ұйымдастырды. Өз шараларын жаңа әдіспен, белсенді технология, топтық, жұптық жұмыспен ұйымдастырған ұстаздарға әріптестері ризашылықтарын білдірді.

 

Алға қарай L.S. зерттеу сабағын ұйымдастыру(2,8,7,9-с), шеберлік- сыныптарын өткізу, дарынды-талантты балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, желілік қауымдастықтың жұмысын жандандыру, көрші мектептермен, аудандармен Веб-семинар, он-лайн сабақтар өткізуді жоспарлап отырмыз. Ұстаздар өздерінің сәтті шыққан сабақтарын / сайттарына жариялап әріптестерімен бөлісуде. Аудан, облыс көлеміндегі желілік байланыстар –«Серпер», Исатайлық көшбасшылар  конференциясы «Тұлпарлар», группаның «1топ,  1 деңгей», «Асу2014» парталы,т.б сайттармен жұмыс жасап келеді. Мектеп мұғалімдері 100% ақпараттық курстан өткен, барлық мұғалімдердің де жеке сайттары бар.

«Бала тәрбиесіндегі жетістік –мектеп пен отбасы ынтымақтастығында»

 (Ата-аналарға арналған workshop)

Рефлексиялық есеп

Мектептің акт залына құрылған дөгелек үстелдерге орналасқан ата-аналардың бет-жүзінен таңданыс пен қобалжу байқалады. Ортада құрылған үстел басына отыруға ықыласты емес.

«Бүгін сіздермен осындай әдемі де кең , жайлы ортада кездескенімізге қуаныштымыз» деп басталған  мектеп тәрбие ісінің меңгерушісі Ашықбаева Мағрифа іс-шараны әр топқа ортақ сауалнама тастаудан бастады. 1,2-топқа «Сіз қандай ата-анасыз?», 3,4-топқа «Ұстаз бен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?» деген сауалдар шеңберінде топ мүшелері ақылдаса келіп, әрқайсысы бір-бір сұраққа шеңбер бойынша жауап берді.  Бұл жерде біздің ұтқанымыз: Бір-біріне жатырқай қарап, тартыншақтап отырған ата-аналар бір мақсатқа жұмылып, бір-біріне көмектесіп, әр топтың кідірмей жауап беруіне жағдай жасады.  Ұтылғанымыз: Бұл тест бойынша нақты қорытынды шығара алмайтынымыз болды. Нәтижесінде диалогтік әдіс арқылы ата-аналар арасында ынтымақтастық атмосфера қалыптаса бастады. Ата-аналардың өз-өзіне сын көзбен  қарауына, ұстаз бен ата-ана арасындағы байланысқа сындарлы көзқарас қалыптаса бастады.

Келесі кезекте мектеп психологі Қоесова Жазираның «Суретті тест» әдістемесі жүргізілді. Мақсаты: әр ата-ананың өзін-өзі тануы, өзіне-өзі баға беруі, өз жанұясы арасындағы, бала тәрбиесіндесіне орынын  анықтау. Тренинг барысында психолог оларға төмендегідей тапсырма берді: үйдің, гүлдің, жолдың, жыланның, ағаштың, шалбар мен орамалдың суреттерін салуды тапсырды. Басында тартыншақтаса да ата-аналар ерекше ықыласпен орындады. Кейбір ата-аналар әдемілеп салу үшін бір-бірінен түсті бояуларды сұрап алып жатты. Ең тамашасы психолог суреттегі детельдардың орналасуына қарай әркімнің мінезі мен жанұядағы орны туралы айтыла бастаған кезде басталды. Жаңа ғана тым-тырыс отырған ата-аналар бір –біріне «Сіз қандай адамсыз? Сіздің жанұядағы орыныңыз қандай?» деген сұрақтаға өздері салған суреттерден жауап тауып, бейне бір бала кейпіне еніп кетті. Бір-біріне өз суреттерін көрсетіп, бір-бірінің суретіне қарап мәз болды. Бұл бір сәтті таңдаған тренинг болды!  Ата-ана мен мектеп, ұстаздар арасында жылы леп есіп кеткендей әсер қалдырды. Бұл психологиялық тренинг алдыңғы сауалнамада кеткен олқылықтардың  орынын толтырып кетті.

Одан әрі квик-баптаушының көмегімен ситуациялық жағдаяттар таратылып, әр әңгімені топта талқылап, көпшілікпен бөлісу тапсырмалары берілді. Нәтижесінде 1-топ ата-аналары оқиғаны сахналап, жанұядағы ата мен әженің тәрбиесі туралы ой толғаса, 2-топ жұмыстан келген анасын қарсылап алған бір үйдің 7 қызы туралы көріністі сахналады. Олардың сахнада ойнау шеберліктері, қиялдарының ұшқырлығы сондай – ата-аналар, ұстаздар тұрып қол сақты. Олар  Анаға деген құрметтің қалай болатындығын көрсете білді. 3-топ ата-аналары отбасындағы әкенің орынын көрсете білді. Олар дайындаған декорация, рөлдеу, әкелердің белсенділік танытуы- ата-аналардың оқу-тәрбие ісінде  ұстаздарға сенімді серіктес,  балаларының қиялын ұштап шабыттандыруға ынталы жандар екенін көрсетті. Барлық жағдаятты сырттай тамашалап отырған 4-топ мүшелерімен шағын сұхбат жүргізу арқылы кері байланыс жүргізілді. Атаналар бала тәрбиесінде  Анаға деген құрмет,  Әке беделі, Ата-Әже қадірі туралы келелі пікірлер білдірді.

Осындай көңіл күймен флешмобқа ұласқан ата-аналар кері байланыста өз әсерлерін бөлісіп жатты.

Келесі кезекте сөз алған мектеп директоры ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, өткен оқу жылының қорытындысымен  білімдегі, өнердегі жетістіктерімен танылған оқушылардың ата-аналарына Алғыс хаттар ұсынды. Баласының жақсы деген атқа лайық болып, ата-ананың мерейі асқақтаған сәтті көру кім-кімді де бей-жай қалдырмады.

«Жаңа оқу жылында қандай өзгерістермен барамыз?  Кімнің міндеті қандай? Нәтижелі оқудың  көрсеткіші не?» деген сұрақтарға  бір кез ата-аналардың көзімен қарауға мүмкіндік беру мақсатында Топтарға «Мінсіз мұғалім, ол қандай?», «Мінсіз оқушы, ол қандай?», «Мінсіз ата –ана , ол қандай?» деген сұрақтар ортаға  тасталып, ата-аналардың көзқарастары мен талап-тілектерін, түсінік-пайымдарын білуге тырыстық. Қорытындысында жаңаша  оқу мен оқытудың белсенді технологияларымен, білім берудің заманауи мақсаттары мен міндеттері туралы  білімдерінің молдығы қуантты.

 Workshopсоңында  ІІ деңгей тыңдаушысы Б.Нұрмұхан «Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу» тақырыбында «Шар» тренингін  өткізіп, ренжу, ашулану жағдайында мінезді қалай реттеу керектігі туралы кеңестер берді.

Обан әрі «Жарнама» бөлімінде оқушылардың жаздық демалысын дұрыс ұйымдастыру жолдарын насихаттау мақсатында лагерде болған оқушылармен сұхбат видеосы көрсетілді. Воркшоп  «2  жұлдыз, 1 тілек» арқылы қорытындыланды.

Қол жеткізген нәтиже:

-          ата-аналар мектеп өмірінде үлкен өзгеріс бар екенін сезінді және соны қолдайтындықтарын бідірді;

-         жаңаша оқытудың мақсаты мен міндеттері, ерекшеліктері туралы түсінік алды;

-         жаңаша оқу – балаларын жетістікке жеткізетін қадам екенін ұғынды; 

Гумарова Ағзия ЗулхарнаевнаАтырау облысы Исатай ауданы Исатай орта мектебінің «Өркен» кәсіби қоғамдастығының менторы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Желілік қоғамдастық - ұстаздар қауымын жетістікке бастайды"
Ашық есік күні
Ата-аналармен жұмыс
МДЖ жоспары-2014-2015 оқу жылы
«Бала тәрбиесіндегі жетістік –мектеп пен отбасы ынтымақтастығында»
Мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы
Мектепті дамыту жоспар
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Мектептің кәсіби желілік қауымдастығы – оқыту үдерісін жаңартуды
Бала тәрбиесі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 8900 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз