Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дыбыстар.


Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дыбыстар.

БҚО. Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы огрта жалпы білім беретін меткеп- балабақша

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Бериккалиева Лидия Куанышбековна           

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дыбыстар.

 

Сабақтың мақсаты:   Дауысты дыбыс түрлері жайлы  алған білімдерін толықтыру, ссөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту, дыбысық талдау жасау дағдыларын жетілдіру, оқушыларды дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге  баулу.

 

 

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ

 

Сабақтың әдісі: топтық, ұжымдық, сұрақ- жауап

 

Сабақтың көрнекілігі:  сызба, плкаттар, бағалау парақтары, сандықша.

 

 

Сабақта қолданылатын стратегиялар:  «Кубизм», «Түртіп алу», «Ой қозғау», «Сиқырлы сандықша»

 

Сабақтың барысы:

  І. Ұйымдастыру  кезеңі.

 

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

«Сиқырлы сандықша» стратегиясы бойынша үй тапсырмасы сұралады.

Сұрақтары:

  1. Фонетика деген не?
  2. Фонетика нені қарастырады?
  3. Әріп ненің жазудағы таңбасы? (дыбыстық)
  4. Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін неше әріп бар?  (9)
  5. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар, қандай? (ә, ғ, қ, ң, ө ,ү, ұ, һ, і)
  6. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
  7. Дыбыс нешеге бөлінеді? ()
  8.  «Сиқырлы сандықша» сізге 5 ұпайды сыйға тартады. Ұтысыңыз құтты болсын!

 

 

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. Әріп дыбыстардың таңбасы. Дыбыс дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар деп атаймыз.

 Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары тоғыз. Олар: а, ә, ө, о, ы, і, ү ,ұ..

 Орыс тілінен енген и,у,э дыбыстары кездеседі. Қазақтың төл сөздерінде и,у жазылғанымен, олар дербес дауыстылар емес. И әрпі ы+й, і+и дыбыстарының, У әрпі ұ+ү, ү+у дыбыстарының тіркесі жазылуы қи,ит, су, сурет; айтылуы-қый, ійт, сұу, сүурет.

 

  Жуан және жіңішке дауыстылар.

А                                Ә Э

О                                Ө Е

Ұ У                             Ү У

 Ы                               І   И

 

Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан  дауыстылар дейміз. Олар: а, о, ұ, ы, у.

 

 Тіл  ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Олар: ә, ө, ү, і, е, э, и ,у.

 

  Қазақтың төл сөздеріндегі дауысты дыбыстар негізінен не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Түбір сөзге жалғанатын қосымшалар да осы заңға бағынады.

 Ескерту: У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан, әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады.

 

ІV. «Түртіп алу»  стратегиясы.

 Қазір мен сіздерге оқулықтың 103-104 бет аралығындағы 242- жаттығуды оқимын. Сіздер сол жаттығуда берілген жуан сөздерді бір бөлек, жіңішке сөздерді бір бөлек, аралас сөздерді бір бөлек жазасыздар. Мен сендердің алдарыңызға 1 парақтан үлестіремін. Сол парақта үш бағанға бөлінген. Сол бойынша топтастырып жазасыздар.

  1. «Ой толғаныс» 

Кітаппен жұмыс.

240- жаттығу.

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.    ( жұмыртқа)

 

Әкесі- тышқан,

Шешесі – құстан.               (жарқанат)

 

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Міңсең- қанат, сүті дәрі.

Еті тамақ                                    (жылқы)

 

 

 

 

243- жаттығу.

1. Әнде бар,                                         2. Жаңада бар,

Күйде жоқ.                                               Ескіде жоқ.

Сәнде бар,                                                Танада бар,

Биде жоқ.  «Ә»                                          Ешкіде жоқ.  «А»

 

 

3. Жерде жоқ,                                    4. Шөлде бар,

 Отта бар.                                            Суда жоқ.

 Барда жоқ,                                          Көлде бар, 

 Жоқта бар. «О»                                   Буда жоқ. «Ө»

 

 

VІ. Кубизм стратегиясы.

 

 Салыстырыңыз.                                  Суреттеңіз.

 Талдаңыз.                                             Қолданыңыз.                                        

  Зерттеңіз.                                             Болжаңыз.

 

VІІ. Қортынды.

 «Дөңгелек үстел» стратегиясы.

Бірінші оқушы бүгінгі сабақ бойынша не түйді соны бастап жазады. Ал оқушылар жалғастырады. Соңғы оқушы оқиды.

 

 

Біз бүгін не үйрендік, не түйдік?

VІІІ. Үйге тапсырма. Ереже жаттау. 241- жаттығу.

 Бағалау.

 

Бағалау парағы.

Оқушының аты- жөні

«Сиқырлы сандықша»

«Түртіп алу»

«Ой толғаныс»

Кубизм

«Дөңгелек үстел»

Қорытынды

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

 

 

9

 

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Фонетикалық талдау
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
Фонетика
Ашық және қысаң дауыстар
Дауысты дыбыстар
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Жуан және жіңішке дауыстылар
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 108658 | Қосты: Бериккалиева Лидия Куанышбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык