Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары


Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары

Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары

Сыныбы: 8

Мұғалім: Рахимова Альмира Мелисовна

Тақырыбы: Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  Анализатор түсінігін нақтылауды жалғастыру; адам өміріндегі анализаторлардың әрқайсысының маңызы, олардың өзара байланысы мен өзара бақылауы туралы білімді тұжырымдау; оқушылардың сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметтері арасындағы байланыс туралы қорытынды шығара білу біліктілігін қалыптастыру.

Дамытушылығы:  тепе-теңдік, дәм сезу, иіс сезу анализаторларының құрылысы мен қызметтері туралы анатомиялық-физиологиялық жаңа түсініктерді тұжырымдау.

Тәрбиелігі: Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу гигиеналарын сақтауға тәрбиелеу

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: топтық оқу,СТО,сұрақ-жауап

Құрал – жабдықтар: оқулықтағы суреттер, кестелер, бейне көрсетілім,слайдтар,интербелсенді тақта

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушыларды топқа бөлу

Суреттер арқылы топқа бөлінеді.

1 топ:  Тіл                        3 топ:  Мұрын

2 топ:  тері                       4 топ:  Вестибула аппараты

ІІ. Оқытылған тақырып бойынша білімді өзектеу.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

-      Мылтық атылғанда, жарылыс болғанда, ауызды ашу ұсынылады. Неліктен?

(Құлақтағы дабыл жарғағына түсетін қысымды тепе-теңдікте сақтау мақсатымен.)

-      Құлақ иіріміндегі сұйықтықтың музыка әсерінен болатын ырғақты тербелісі

рефлексті түрде бұлшық ет тонусын арттырады. Неліктен музыка тыңдап жүру, жаттығу жасау, билеу әлдеқайда жағымды? (Ырғақ қимыл-қозғалысты дәл, нақты етеді. Егер тонус жоғарыласа, барлық қимылдар жеңіл жасалады да, қажу баяу басталады.)

Қатты шу жүйке жүйесіне кері әсерін тигізіп, шектен тыс қажуды, психикалық ауруларды тудырып, ұйқыны қашырады. Шудың әсерін азайту үшін қандай шаралар ұсынуға болады?

2.«Ұқсастық пен даралық » стратегиясы.

Сыртқы құлақ

1 топ

Ортаңғы құлақ

2 топ

Ішкі құлақ

3 топ

 

Ұқсастығы

4 топ

 

ІІІ. Жаңа материалды оқыту. 

Тіректік білімді өзектеу. Мынандай терминнің мағынасын түсіндіріңдер.

Анализатор – сенсорлық жүйе.

Анализатор.......... тұрады.

Сезіну дегеніміз не?

Сезіну (түйсік) – тітіркендіргіштердің сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде пайда болатын психикалық күй.

Жаңа тақырыпты оқушылар өздері ашады.

Мұғалім. Түйсік сыртқы әлем туралы білім көзі болып табылады. Бұл сыртқы әлемдегі құбылыстар туралы ақпаратты миға дейін жеткізіп, адамға қоршаған әлемде бағытын табуға мүмкіндік беретін негізгі жол болып табылады.

Түйсіктер қандай болады? Көру, дәм сезу, иіс сезу, есту, сипап сезу түйсіктері болады. Олар бізді қоршаған заттар мен құбылстардың қасиеттерін көрсетеді.

«Әткеншек» стратегиясы.

1 топ:  Вестибула аппараты

2 топ:  Иіс сезу

3 топ:  Дәм сезу

4 топ:  Сипап сезу

Әр топ өзіне берілген тақырыпты постерлерге түсіреді.Белгілі бір уақыт беріледі. Сол уақыт өткеннен кейін жұмыстар алмастырылады.

Соңында 4 топта өзіндік ойларын әр тапсырмаға қосады. Әр топ өз жұмысын қорғайды.

  1. Сабақты бекіту.

«Ыстық картоп» ойыны.

Оқушыға мұғалім бір сұрақ қояды да қолындағы ыстық картопты оағн лақтырып жібереді,ол қағып ала отырып қойылған сұраққа әрі нақты,әрі тез жауап береді.Егер кідірсе қолы күйіп қалады.Жауап берілгеннен кейін ол оқушы келесі оқушыға жалғастырылады. Осылайша сұрақтар қойыла беріледі.

Сипап сезу дегеніміз не?

Барлық анализаторлардың өзара байланысты жұмысы не үшін қажет?

Неліктен көзді жұмып, мұрнымызға сұқ саусақты тигізе аламыз?

Тағамды қабылдауға қандай сезім мүшелері қатысады?

  1. Қорытындылау.
  2. Рефлексия.    «Бағдаршам»

Оқушалар сабақты толықтай  түсінсе бағдаршамның жасыл түсін

Жартылай түсінсе бағдаршамның сары түсін

Егерде мүлде түсінбесе бағдаршамның қызыл түсін бояйды.

VII. Бағалау

VIII. Үй тапсырмасы.Тақырыпты оқу.

«РАФТ-1 стратегиясы».

Тірек сөздер:  тіл,адам,мұрын,ауа ,т.б. ала отырып аңыз,әңгіме,ертегі,өлең жолдарын,диалог құрастыру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұрын-иіс сезу мүшесі. Тіл- дәм сезу мүшесі
Адамның сезім мүшелері. Құлақ-есту мүшесі. Мұрын-иіс сезу мүшесі
Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері
Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері
САЯХАТ ОЙЫН САБАҒЫ
ТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТ СЕЗІМІ, ИІС СЕЗУ ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ
Сипап сезу, дәм сезу және иіс сезу мүшелері
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Сезім мүшелері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 3867 | Қосты: Альмира Рахимова Мелисовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык