Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі


Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі

Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі

№36 мектеп – гимназиясының биология пәні мұғалімі Рахимова Альмира

Сабақтың тақырыбы: Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Көздің құрылысы  мен қызметі,оның бөліктері,көздің қоршаған әлемді қабылдау ерекшеліктері мен көру гигиенасы туралы білім беру.

 Дамытушылығы: Оқушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту.Салыстыру мен қорыту біліктілігін дамыту.

Тәрбиелілігі:Оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру.Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу.Салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Музейге саяхат (Сырттай экскурсия)

Сабақтың көрнекілігі:Интербелсенді тақта,«Көздің  құрылысы » суреті,көз макеті, видео көрсетілім

Пәнаралық байланыс: медицина,тарих,қазақ әдебиеті

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру.

Оқушылар біз айналаны қандай мүше арқылы көреміз?

Бүгінгі сабағымыз «Көз» жайында болмақ.

«Офтальмология»  музейінің бағыт бетшесі.

1.Музейді араламас бұрын мынадай ережелерді есте ұстайық.

- шуламау

- сөйлеуге болмайды

- сұрақ қоюларыңызға болады

-экспонаттарды бүлдірмей қарауларыңыз сұралады

2.Музейде жүрген уақытта міндетті түрде назар аударыңыз:

- құрылысына

- көздің қызметіне

- терминдерге

3.Музейді аралап болғасын:

- шығармашылық жұмыс орындау

Музейді араламас бұрын міндетті түрде ішке кіруге жолдама ұтып алу керек.Ол үшін мынадай кабинеттерден өтіп,берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Топпен жұмыс.

Әр топқа тапсырма беріледі. Оқушылар топтық жұмысты постерлерге түсіреді. Постерлер қорғалады.

1 топ: Анализаторлар

2 топ: Сезім мүшелерінің маңызы

3 топ: Рецепторлар

4 топ: Сезім мүшелерінің орталықтары

Әрбір топ  мүшелері  музейге кіруге жолдама алады да, музейге кіреді.

Музейдің директоры:  Қасайынов Расул -  анатомия кафедрасының профессоры.

Музейдің директоры:  Біздің жаңа ашылған музейдің экспонанттары  сіздерді қызықтырғанына қуаныштымын.Біздің музейдің аты«Офтальмология».Офтальмология - медицинаның бір саласы,көздің қызметі және көз ауруларын, аурулардың алдын  алу жолдарын +зерттейді.Музейіміз 2013 жылы № 36 орта мектептің 8 а сынып базасында құрылған болатын.Сіздерді музейді таныстыратын қызметкерлермен таныстырайын.

Рахимова Альмира-анатомия кафедрасының доценті.

Тоқтаров Дәурен-аспирант

III.Жаңа сабақты меңгерту.

Экскурсия жетекшісі:

Көздің құрылысы

1.Көз алмасы

2.Көздің қосымша мүшелері

1.Ақ қабық

Қасаң қабық

Қас, қабақ, кірпік, көз жасы бездері,бұлшықеттер

2.Тамырлы қабық

Нұрлы қабық     Қарашық      Көзбұршақ

3.Торқабық

Құтышалар      Таяқшалар

Көз - оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.

Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады.

Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар.

Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.

Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза.

Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған.

Көз « объективі » - фотоаппарат тәрізді көз торында нәрселерді шын, кіші- рейтілген және төңкерілген кескінін береді. Тордың жүйке талшықтарымен тітіркенуі- көру жүйкесі арқылы миға беріліп адамға көру әсерін туғызады, соның нәтижесінде адам нірселерді көреді. Көру процесі мида түзетіледі , сондықтан біз нәрсені тікелей қабылдаймыз. Көз торламасында нәрсе кескінінің пайда болуынан көру сезімі басталады.

Көздің құрылысы  мен қызметі  тақырыбында бейне көрініс көрсетіледі.

IV.Cабақты бекіту

Айнымалы бекеттер.

Музейде 4 жерде 4 түрлі бекет бар.Әр бекетте түрлі түсті қағаздар мен қаламдар орналасқан. Оқушылар әр бекетке отырады.

1 бекет:   Қарашық

2 бекет:   Шыны тәрізді дене

3 бекет.   Құтыша

4 бекет:   Таяқша

Әр топ өз бекетіне барып,ондағы берілген тапсырманы орындайды.

1.Қарашық бекетіне:                    Көру анализаторының қызметі

2 Шыны тәрізді дене бекетіне:   Көрудің бұзылуы

3 Құтыша бекетіне:                      Көздің гигиенасы

4 Таяқша бекетіне:                       Көрудің маңызы

Әр топ өз идеяларын постерлерге өздеріне тиісілі түсті қаламмен жазады.Уақыт аяқталғаннан кейін топтар музейдегі басқа бекеттерге ауысып отырады.Ол бекеттегі бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып,талқылауды жалғастырады.Барлық топтар бекеттердің барлығынан өтіп шығады.Идеялар ортаға салынады.

V.Қорытынды.

1. Көз бұршақтың өз қисықтығын ұлғайтуы. (Аккомодация)
2. Көздің нашар көруі қай витаминге байланысты? (А)
3. Дальтонизм деп көздің қандай ауруы? (түсті ажыратпау)
4. Шылым мен алкогольдің көзге әсері (бұзады)
5. Екі заттың жақын арақашықтығын ажырата алуын не деп айтады? (көргіштігі)

Пайдалы кеңестер.

Темекі шегуді қойыңыз

Егер сіз темеке шегетін болсаңыз, ол тек өкпені ғана зақымдап қоймай көру қабілетіңізді де төмендететіндігін біліп жүргейсіз. Темекі шегу көз ішінінің қысымын көтереді, ал ол түрлі көз ауруларын туындатады.

Қарақат жеңіз

Қарақат көздің көру қабілетін арттырып, шаршауын басады және көз ауруларын алдыналады. Қарақатты дәрі күйінде қолданғаннан гөрі, жеміс күйінде жеген көзе әлдеқайда пайдалы.

Дәрумендер ішіңіз

Статистика дәрумендер ішетін адамдардың көз ауруларына шалдығу қауіпінің төмен екендігін көрсетіп отыр.

Мониторды дұрыстап қойыңыз

Компьютермен жұмыс барысында монитор көз деңгейінен төмен тұруы тиіс. Сол кезде сіздің жоғарғы қабағыңыз төмен түсіп, ол көзің ішіндегі сұйықтықтың азайып «құрғақ көз» синдромының дамуын тежейді.

Көбірек серуеңдеңіз

Таза ауада серуеңдеу барлық ағзаға, соның ішінде көзге жағымды әсер етеді. Өйткені табиғатқа шыққанда біздің денеміз ғана емес көзімізде сергіп қалады. 

Көзілдірік киіп жүріңіз

Күн шығып тұрған кезде күннен қорғайтын сапалы көзілдірік киіп жүру қажет. Көзіңізді қорғаудан бұрын оған зиянын тигізетін арзан көзілдірік алып өзіңіздің көзіңізден ақшаңызды аямаңыз. 

Көбірек көкөніс жеңіз

 Көкөніс көзге өте пайдалы. Әсіресе қызылшаны көбірек жеуге тырысыңыз. Өйткені оның құрамындағы мырыш көздің қырағылығын күшейтсе, темір қанның қызыл түйіршіктерінің қалыптасуына әсер етеді. 

Көзіңізді демалдырып тұрыңыз

Егер сіздің жұмысыңыз компьютермен немесе кітап оқумен байланысты болса көзіңізді демалдырып тұрыңыз. Бір нүктеге 30 секунд қарап тұрудың өзі де көзге жақсы әсер етеді.

Қан қысымының деңгейін қадағалап тұрыңыз

Көптеген көз аурулары қан қысымының жоғарылығынан туындайды.

Жұмыс барысында көзілдірік киюді ұмытпаңыз

Әсіресе сіз хлорланған бассейінде жүзетін болсаңыз немесе көше жұмыстарымен айналысатын болсаңыз көзіңіз зақымданбауы үшін қорғайтын көзілдірік киіп алу керек.

VI.Балаларды бағалау. Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын
«5» - апельсин - тәтті
«4» - алма – қышқыл
«3» - лимон – ащы

«Жүректерден жүректерге»
Сонымен балалар, бүгінгі сабақ қалай өтті сабақтан алған әсерлерің туралы қолдарыңыздағы жүрекшеге бір-бірлеріңізге тілек жазып қалдырыңыздар.
Сау болыңыздар!

VII.Үйге тапсырма . Тақырыпты оқу. Х.Досмұхамедовтың  « Көзді сақтауға беретін кеңестері »


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұрын-иіс сезу мүшесі. Тіл- дәм сезу мүшесі
КОМПЬЮТЕРДІҢ БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
Есту мүшесі және есту анализаторы
Көздің құрылысы мен қызметі
САЯХАТ ОЙЫН САБАҒЫ
Көз - көру мүшесі
Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі
Сипап сезу, дәм сезу және иіс сезу мүшелері
Көздің құрлысы мен қызметі
Оптикалық құралдар
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 33228 | Қосты: Альмира Рахимова Мелисовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык