Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жыр жұлдызы - Жұмекен


Жыр жұлдызы - Жұмекен

Жыр жұлдызы - Жұмекен

Кештің тақырыбы: Жыр жұлдызы - Жұмекен

Кештің мақсаты:

Білімділік : Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығын  оқырмандарға терең таныту. Жұмекен жырларының тақырыбын,  поэмаларының мазмұнын терең меңгерту.

 Тәрбиелік: Оқушыларды   патриоттыққа,туған жерді  сүйе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Мәнерлеп оқу дағдыларын және рольде ойнай білу дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Ақын портреті, кітап көрмесі,нақыл сөздер, мультимедиа

Кештің өту барысы:

 Ұйымдастыру бөлімі:Акт залын дайындау,оқушыларды отырғызу.

1. Жұмекен өмірі және шығармашылығы туралы видео фильм көрсету.

2. Слаидтар көрсету

Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу: 7-8сынып оқушылары

″Жұмекен Нәжімеденов: ақын әлемін барлағанда″ атты танымдық ойын сұрақтары

1-сұрақ: Ж. Нәжімеденов қай жылы,қандай шығармасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығына ие болды?

Жауап:  «Жарық пен жылу»атты өлеңдер жинағы мен «Жоқ ұмытуға болмайды»деп аталатын дастандар жинағы үшін ақынға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы тағайындалды

2-сұрақ:Ақынның алғашқы жыр жинағы қалай аталады?Қай жылы жарыққа шықты?

Жауап:  Тұңғыш жинағы «Балауса» 1961 жылы «Жазушы»баспасынан жарық  көрді.

3-сұрақ: Автордың «Кішкентай», «Ақ шағыл» романдарындағы ақынның өз прототипі ретінде кім бейнеленеді?

Жауап:  Ақынның прототипі-Идаят.

4-сұрақ: Ж Нәжімеденов Отан соғысының жиырма жылдығына арнап поэмалар циклін берді.Ол жинақ  қалай аталды?

Жауап:  «Жоқ,ұмытуға болмайды!»

5-сұрақ: Ж. Нәжімеденовтың «Отырар кітапханасы» сериясымен шыққан кітабы қалай аталады?

Жауап:   «Мен –тамырмын »деп аталады.

6-сұрақ:  Ж. Нәжімеденов «Менің Қазақстаным» әнінен басқа қандайәндердің сөзін жазды?

Жауап:  Бұдан басқа «Бейбіт күн тілегі», «Домбыра» атты әндердің сөзін жазды.

7-сұрақ:  Ж. Нәжімеденовтың өнер адамдарының өмірін бейнелейтін романы қалай аталады?

 Жауап: « Даңқ пен дақпырт »романы

8 -сұрақ:   « Атырау ақын – жазушыларының кітапханасы» сериясының нешінші кітабына

Жұмекен ақынның жырлары енді?

Жауап: 24-кітап

9 -сұрақ:   «Жазғандарында жарық пен жылу, күнгей мен көлеңке,ақыл мен ашу, мінез бен әдеп әр кез қатар жүретін Жұмекен- жырдың табиғаты- сөз бен бояуға қанық бейнелі жырдың биігіне көтерілген,ойы мен сезімі қатар келіп шарпысқан жүрек төрінен от  «өрілген өзгеше көркем құбылыс».Бұл пікірді айтқан кім?

Жауап: Нұрлан Оразалы

10 -сұрақ:    «Тағы қандай бас бар еді?

Әсте көп

 Бәрі бірақ заң-дәстүрге

Қас,демек,

Жұрттың бәріне ұнау үшін

 Формасыз

Пластилин бас керек!»

Осы  үзінді Ж. Нәжімеденовтың  қай шығармасынан алынды

Жауап: «Алдар көсе немесе диалогтар» атты  поэма пародиясынан.

11 -сұрақ: Жұмекен  Нәжімеденов пен Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін алғаш орындаған әнші кім?

Жауап: Қазақ ССр-інің халық артисі Жамал Омарова

12 -сұрақ: Жұмекен  Нәжімеденовтің сөзіне жазылған «Домбыра» әнінің әуенін жазған кім

Жауап: Биғали Әбдірахманов

13-сұрақ: Ақынның алғашқы прозалық туындысын ата

Жауап: «Ақ шағыл»романы

14-сұрақ: Ж.Нәжімеденовтің  бір прозалық шығармасында мынадай оқиға суреттеледі: Қарт соғыста қаза тапқан баласының өлімі туралы «қара қағазды»қолына алып тұрып, почташының өтірік «сенің балаң герой болыпты дегеніне иланып, сүйіншісін береді. Артынша той жасап жатқанда, колхоз бастығы келіп соғыстағы баласының өлімін  естіртеді.Осы сюжет қай шығармасынан алынып отыр?».

Жауап: «Ақ шағыл романын»

15-сұрақ: « Ақ шағыл » романында ақынның өз атасы Нәжімеден қарттың прототипі ретінде кім бейнеленген?

Жауап: Әжімгерей қарт

16-сұрақ: Кейіпкері – ана мен бала.Анасының ақ сүтін ақтамақшы болып бала анасын Меккеге екі рет арқалап апарыпты, үшінші ретінде жолда жабайы аңдар тап болып,бала солармен шайқаста қаза табады.

 Өлер алдында бала анасынан: «Ақ сүтіңді ақтадым ба? деп сұраған

екен. Анасы: «Бір түнгі сүтімді ғана ақтадың »деп жауап беріпті.

Осы оқиға ақынның қай дастанына арқау болған

Жауап: «Ақ сүт»дастаны

17-сұрақ. Жұмекен  Нәжімеденовтің жұбайының аты-жөні кім? 

Жауап: Нәсіп Мұстақызы

18-сұрақ. «Жыр-кәусарға ен жұртты қанықтырған,

                    Тас мүсінге айналды алып тұлған

                     Болдың енді сен бүгін Темірқазық

                      Поэзия көгінде жанып тұрған

Ж. . Нәжімеденовке арналған осы жыр жолдарының авторы кім?

Жауап: Марат Ысқақов

Қорытындылау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мемлекетті рәміздер.
Мәтінді пішімдеу
Мақатаев, Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Жанға жақын Фаризаның жырлары атты мәнерлеп оқу сайысы
Вальс падишасы
«Дауа» атты кітабынан әдеби-сазды кеш
Менің Қазақстаным! атты әдеби – сазды кештің сценарийі
Жырлайды жүрек
Шағын жинақты мектептердің 3,4-сыныптарына арналған қазақ тілінен сабақ
Жыр жұлдызы - Жұмекен презентация
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 5437 | Қосты: Рахметкалива Бахит Садиховна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык