Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Cырбай – лирик ақын


Cырбай – лирик ақын

Cырбай – лирик ақын

11-сынып. Қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Cырбай – лирик ақын

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: -Қазақ лирикасының классигіСырбай Мәуленовтің сырбаз сыршылдық пен сымбатты суреткерлік өлең өрнегі мен ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен табиғат бояуларын өзек еткен  жырларының ерекшілігі мен мәнін ашу.

Дамытушылық: Оқушыларды ақын өлеңдерінің   эстетикалық-рухани құндылықтарымен тыныстыра отырып,ойлау қабілетін дамыту барысында өленнің негізгі идеясы,көркемдігіне талдай білуге,........ жағдай жасау

Тәрбиелік:- Поэзияға  деген сүйіспеншілікке ,  өзін-өзі бағалай білуге баулу.

Сабақтын түрі: жаңа сабақ

Сабақтын типі: танымдық-шығармашылық , зерттеушілік

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, жинақтау, мәнерлеп оқу, жатқа оқу,СТО, ішінара ізденіс, ой толғау, топпен жұмыс

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, бейне –сюжет.

Пайдаланылған әдебиеттер: А.Байтұрсынов         «Әдебиет танытқыш», ақынның жыр жинақтары.

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Ой қозғау .«Соғыстан қайтқан солдаттар» (әнімен тыңдалады)

Әннің мазмұнынан не ұқтыңдар?

Бұл әнде ананың баласын ідеген зары.Бұл әнде  әкесін күткен баланың сағынышы . Адамзат үшін соғыстың жүрекке салған жарасы естіледі .

Мұғалімнің сөзі :- Ендеше ,бүгінгі сабағымыз осы әннің сөзін жазған соғысқа қатысқан майдангер, соғысты көзімен көріп , әр өлең жолынан қан майданның оқ –дәрісінің исі мүңкіп тұрған ақынымыз- С.Мәуленов еді.

 Қазақ даласы қашанда таланттарға әсте кенде болмаған.Өткен ғасырдың елуінші жылдары қазақ әдебиетінің  рухани кемелденуіне   өзіндік қолтаңбасымен келген  үлкен тіректі тұлғаның бірі -Сырбай Мәуленов.Оның қаламынан туған өлең өрнектері өміршеңдігі құнды. Соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті бір кездегі рухани биігіне қайта көтерілу жолындағы ізденісті өте тездетті. Осы ізденісті тездетуге майданға барып, өмірдің ащы шындығын көріп келіп ,адамдық болмыстың бүкіл тұңғиық тереңдеріне  өзінің көркемдік нақты тәжірибесі арқылы көз жеткізіп келген ұрпақ көп себепші болды.Мәселен, сол ұрпақтың үлкен рухани көсемі ретінде біз Қасым Аманжоловты алатын болсақ, осы Қасымдар бастаған рухани сардарлардың ішінде алдымен көзге түсетін ақын Сырбай Мәуленов болды . Сырбай осы жылдардан бастап қазақ поэзиясында оқырманды  нағыз сыршыл сезімімен де , ойымен де , көркемдік бейнесімен де бірден баурап алатын шынайы поэзияның орнығуына ықпал ете білген ақын.

Өлеңім сырласатын серігімсің,

Өзіммен бірге жасар өмірімсің.

Адамзат жүрегіме үңілгенде

Әр уақыт сен арқылы мені білсін,- деп ақынның өзі айтып кеткендей бүгін Сырбай ақынның өлеңдері арқылы сырлы өміріне жол ашпақпыз. Өлеңдерінің ерекшелігі ,ішкі мазмұны , тақырыбы жайлы тоқталмақпыз.

«Арманым жоқ көкірегімді кең ашып ,

Туған елге тарту етсем барымды »- деп ақын артына өшпес із қалдырды. Жалынды жырларын жұртына тастады.Бүгінде Сырбай Мәуленовтің көптеген жыр жинақтары жарық көрген. Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген.

Жыр жинақтары:

 «Шаңқай түс»(1966)

Жалын(1979)

Жаңбырсыз күз(1980)

Шуақ(1981)

Күзгі бұлттар(1987)

Қысқы жаңбыр(1988)

Ақшамның қызыл қанаты(1994)

Алып кетіп барамын(2003)

Ақ түн(2003)

Ұшқан ұяда(2012)

Бұл жыр жинақтарда ақынның таңғы шықтай таза, өрнекті өлеңдері топтастырылған.

Сырбай өлеңдерінің мәні ,сыршылдығы, өміршеңдігі неде ?

Ықшамдығы мен сабырлы ырғағы,эстетикалық айқындылығы

Деталь-шындық, деталь-символдардың нақтылығы

Тілге жеңіл,жаттауға оңай,әрі қысқы ,әрі нұсқа

Образ бен образдылықтың философиялық көркемдік жинақтаушылық дәрежеге көтерілуі

 Өлеңдерінің тақырыптары:

Соғыс суреттері ,дала табиғаты , ғашықтық-махаббат

«Өмір жолы-өлең өресі» (бейне –сюжет көрсетіледі)

Топпен жұмыс (сынып оқушылары  үш топқа бөлінеді де берілген тақырыптар бойынша қорғайды.)

I  топ

II топ

III топ

Майдан жырлары

 Дала табиғаты

 Өрнекті өлең

 

Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер ретінде С.Мәуленовтің шығармашылығында соғыс тақырыбы үлкен орын алады.

Слайд1 . Майдан жырлары.

Он сегізде әскермін

Қоңырау соғылды

Құлын

Жауынгермін құшағымда

Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін

Жау оғынан бораған ,жасырды жер мені

Түтік

Күлге айналған ормандар

Мұғалімнің сөзі:«Мен он сегіз жасымда армияға алынып ,Дондағы Ростовта болдым да ,көп ұзамай аурулығыма байланысты  әскери қызметтен босатылдым. Соғыс басталғаннан кейін бір жыл өткен соң ,денсаулығым түзелгесін өз өтінішіммен майданға аттандым .Әскери өмір менің өлеңімнің де мектебі болды. Соғыс мені күйретті де, көп нәрсеге үйретті. Тәніме өшпейтін таңбасын түсірді.»- дейді ақын.  Ендігі кезекті осы майдан жырларына берейік.

 

Оқушы: Оның жастық шағы ,бозбала  кезеңі бүкіл халықтың асына түскен ауыртпалы- сұрапыл соғыспен тұспа –тұс келді. Сол соғыстың алдында ол Қостанай өңіріндегі боздала «Жаркөл » стансасынан Отан алдындағы борышты міндетін атқару үшін әскерге алынып, дондағы Ростовтан бір-ақ шыққан болатын.Сол кездің өзінде –ақ болашақ ақынның жыр жолдары жас жүрегінде ұшқын ата бастап еді. « Он сегізде әскермін» өлеңі оқылады.

Бұл -1940 жылдың қазан айында Дондағы Ростовта жазылған өлең .

Оқушы : Ақынның өзі айтқандай «болаттай шыныққан »бозбала Отан алдындағы міндетті әскери борышын абыройлы атқарып елге оралған бетте ,жайнаған жаз айында ойда –жоқта сұрапыл соғыстың от-алауы бұрқ ете қалады.

Міне , осы сәттен бастап ,бейбіт өмірдің бей-жай күйін ,алаңсыз кескін-келбетін кестелеп ,өз өлеңіне арқау етіп жүрген жас ақынның жырлары туған елден қан майданға аттанған алғашқы сәттен бастап –ақ ,мүлде бөлек күй кешіп , ерекше  бұлқынысқа ие болды. «Қоңырау қағылды» өлеңі

     Қоңырау қағылып,

   Жылжыды эшелон.

Сағымды жамылап,

Қалды артта неше жон.

Қалды артта туған үй,

Қара түн жасырып.

Дауыл боп тула күй

Жарқыра жас үміт.

Мен енді жауынгер

Қатерге буған бел

Батысқа жол тарттым

 Сен үшін ,туған ел

Бұл 1942 жылдың қоңыр күзінде , «Жаркөл»стансасында қан майданға аттанып бара жатқанда жазылған өлең.

Оқушы : «Жаркөлден» жол тартқан эшелон оны Волхов майданынан бір-ақ шығарады .Осы сәттен бастап, ақынның өлең –өмірі Волхов даласымен біте қайнасып ,қан майданның  қатал суреті , қаһарлы бейнесі бір сәт қағыс қалған  емес.Көзі көрген оқиға- көңіл –күй сезімдері жан түкпірінде шиыршық атып,от-жалынмен араласып, өлең болып өріліп ,жыр боп төгіліп жатты.

«Құлын» өлеңі оқылады.

Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін

Жау оғынан бораған ,жасырды жер мені

Түтік

Күлге айналған ормандар

Міне ,ақын майдан тақырыбын осылай жырлады. Сырбайдың әр өлең жолынан қан майданның оқ дәрісінің исі мүңкіп тұрады, соғыстың жанды суреті елестейді, жалынды жүрек үні естіледі.

Соғыс – ащы зар, зәрлі запыран, ызалы үн, орны толмас қасірет.

Кестені толтыр.

Слайд 2. Майдангер ақын жырларындағы үндестік

Әбу Сарсенбаев

Қасым Аманжолов

Сырбай Мәуленов

Сен құрметте оны, қарағым

Үстімдегі сұр шинелім

Абдолла өлімі туралы аңыз

Мың қолдар сау болсын деп,

Мен бір қолымды бердім.

Мың жолдар жалғансын деп,

Мен бір жолымды бердім.

Слайд 3.

Соғыстан соң Сырбай ауа, күн, жел, тау, тас, өзен –көл-жалпы ,туған табиғат туралы көп толғанып , поэзия әлеміне  парасатты , көрікті  жырлар ұсынды. Табиғат ақынның жүрегін оятатын ,сұлу сезімге бөлейтін ,қиял құсын қияға ұшыратын  шабыттың шақпақ оттарының бірі. Мәселен , сұлулық символы ақ қайыңды қалай жырлайды,

«Ақ қайың» өлеңі

Тұр аққайың түнде де,

Сұңғақ бойын сақтап тік.

Құйылады гүлдерге.

Айдан саулап аппақ сүт.

Ауылдың ір шетінде ,

Жатыр өзен ұйықтап. Дірілдейді етінде

Әлгі аппақ сүт ұйып қап

Жеңіл өлең –желдірме сөз ,бояуы қанық емес, бейнесі анық ,құнды құдыретінен гөрі ,құрғақ сүгіреті басым бейнеден гөрі бұл қайыңныңсыры да ,сымбаттыда , болмысы да бөлек.Сырлы жанды сурет ,тың теңеу ,ақ қайыңға жан бітіріп , туған табиғатынан ажырағысыз,келісті кескін ,көркем келбет сыйлайды.

Слайд 4.  Дала табиғаты

Оқушы :Сырбай жырларының алтын арқауы ,таусылмас тақырыбы.Оның кіндік қаны тамған Торғай өлкесі туралы өлеңдері өзі бір бөлек дүниелер.

 «Менің кіндік қаным тамып, кең дүниеге көзімді ашып, қараған жерім Қызылжыңғылда, нәресте ойымды бала қиялымды трбеген бесігім , табигаттың таз ауасын ,жазық даласын, өзен суын алдыма тосқан ,алғаш маған өмір есігін ашқан,білім босағасын аттатқан бүкіл жаратылысымен қаныма құйылып, жанымда ойнаған қасиеті шағырағым –Торғай бойы, Тосын тоғайы» ,-дейді ақын . Ендеше ақын туған жерін қалай жырлады 

«Торғай, сенің кішкене өзенің»  тыңдап көрейік

 Слайд 5 .Сырбай жырларын қазақ даласының көркем шежіресі деуге болады. Өйткені ,қазақ жерінде ол жырламаған өзен –көл жоқ.Сырбай жырлаған сол өлкенің табиғатына тіл бітеді.

Өлеңдер :

«Сар дала сан ғасырдан келе жатқан»

«Торғай қақпасы»

«Қаратау»

«Шөңге»

«Жетісу»

«Ұлытау»

«Бурабай көлі»

«Көктем көрінісі»

Слайд5.  

Арқалы ақын Қазақстанның аумағынан шығып ,өзге елдердің өзен-көлдеріне ,тау-тасына ,жалпы табиғат көркіне оның азаматтарына өлеңнен өрнек салып, көркем ойдың көкжиегін кеңейте түседі. Оның «Түркменстан туындылары», «Белорусь дәптері» сынды қиялдары шын шабыттан шыққан шырайлы жырлар.

Слайд 6  «Өрнекті өлең»

(көркемдік өрнектеріне қарай талдайды).

Аспанда ала бұлттар

Аспанда күн көзі тұр

Ақ жауын құяды

Ашылмай бір мезгіл

Өзгенің тауы арқылы ,

Өзімнің тауы әуелер.

Өзгенің бауы арқылы

Өзімнің бауым мәуелер.

Боз даланың буалдыр тозаңындай ,

Бұлдырайды боз бұлттан бозарып ай.

Бозша құстың бүркеген боз қырауы,

Боз бұтақтар боз саусақ жай

Жайықтың арғы жағында,

Жағалай жанған электр

Жарығын бағына

Жайнатып нұрға бөлеп тұр

Жер астынан күн алып ,

Жер бетіне шығарып .

Жезқазған деп аталған

Жатыр лаулап бір алап.

Үкілі, тау біткеннен аласасың,

Үйілген алаңқайға ала ала тасың.

Үкілі, қыз секілді ертедегі

Үйіріп жолаушыны қаратасың

Жақсының жүрегі –күн,

Адам жанын нұр алатын.

Жаманның жүрегі –түн,Адам жаны қуаратын.

Сезім-толқын дірілі ,

Бозторғайдың шырылы.

Сезім-зәулім еменнің

Бүршік жарған шыбығы.

Сол тілменен аспан көрдім, жем бердім ,

Сол тілменен көғершінге жем .

Сол тілменен дүниеден  кетемін,

Сол тілменен дүниеге мен келдім.

Ой толғау .Сырбайша жырласам ...

С.Мәуленов .Менің Республикам

 Тәуелсіз Қазақстан

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің байтақ республикам таулары-

Менің көлім мөлдіреген сол аспан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін.

Жеріңде гүл ,көгіңде күн бір жүзген

Ұлан –байтақ Республикам бұл менің

 

 

Қорыта келгенде,

Қазақ әдебиетінің поэзия саласына тұтас бір майдан сарынын алып келген даладай дарынды ақын Сырбай Мәуленов кезеңі өлең өлкесінде өшпес із қалдырды .Осы орайда қуатты қаламгер ,туындыларын әлем таныған Әбіш Кекілбаевтың мына бір ғибратты сөзі еске түседі .

«Біз бала кезімізден бастап Сырбайша оқуға , Сырбайша жазуға ,Сырбайша сөйлеуге ұмтылып өскен ұрпақпыз.Қазіргі әдебиеттегі алпысқа келгендер мен төменгі буынның барлығының болмысында міндетті түрде Сырбайдың рухы, Сырбайдың әсері бар десем асыра айтқан болмаспын. Сырбай- тек өз мектебі бар ақын ғана емес, қазақ поэзиясын жарқыраған жаңа кезеңге көтеріп  бере алған кемел құбылыс. Бұл тұрғыдан келгенде Сырбай-қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі»

Сырбай  жайлы білгенім - лирик ақын, майдангер, ұлтжанды, сыршыл, қазақ ұлттық әдебиетінің классигі

Бүгінгі сабақтан алған әсерім қандай ?!

Үйге тапсырма

Бағалау.

Жезқазған қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

№ 1 ЖББ орта мектебі КММ

On-Iine  жүйесіндегі облыстық интерактивті сабақ

Сабақтың тақырыбы : «Сырбай – лирик ақын»

11-сынып . Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  : Тусупова Т.Б

Жезқазған  -2014ж


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оқушы шығармашылығы
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
Жырлары мөлдір бұлақтай.
«Ақұштап поэзиясын тану» қолданбалы курсы
Туған жер. Қасым Аманжолов
Шақырады көктем
Қазақ поэзиясының Хантәңірі
Менің Республикам өлеңі
Сырбай Мәуленов. " Менің Республикам" өлеңі.
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 22276 | Қосты: Тусупова Торғын Бекенқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык