Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шақырады көктем


Шақырады көктем

Шақырады көктем

Тұманбай Молдағаливтың өмірі мен шығармашылығына арналған 
әдеби –сазды кеш.
 
Мақсаты: Тұманбай Молдағаливтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқыл поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту.
 
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар
20-наурыз Қазақстанның халық ақыны, бүкіл Түркі дүниесінің ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты ақын Тұманбай Молдағалиевтың туған күні
2-жүргізуші: Тұманбай аға еліміздің аяулы азаматы, ардақты ақыны. Ақынның жомарт жүрегі жырдан жаралған, жыр-ақынның тірлігі де тынысы да, қуанышы мен қиналысы да. Ақынның ғұмыры-жырға, жыры-ғұмырағ айналған.
Тұманбай аға, кіндік қаныңыз тамған туған жеріңіз, ата-анаңыз жайында ой бөліссеңіз деген сауалына:
1-жүргізуші:-Туған жерім Алматының  маңындағы Еңбекшіқазақ ауданы сол кездегі Казатком деп аталатын ауыл. Сонда 1935 жылы дүниеге келдім. Құжатты кейінірек алғанда, ағам «20-наурызда туылды» деп жазып жіберіпті. «Ой, аға! Мынау сәуір емес, наурыз  ғой» дегенде:
-Уақыт жоқ, туа берсеңші- деді де қайтарып жіберіпті. Сол күйі наурызда туылған болып кете бардым.
ӘН: «Шақырады көктем» (Үміт, Бота)
2-жүргізуші: Тұманбай аға-сезім жыршысы бола білген ақын. Ақиық ақын Мұқағали былай деген екен:
                                 Ей, Тұмаш, есіңде балалық шақ,
                                 Кеткен кез дастарқаннан нан алыстап,
                                 Соғыстың сойқан салған от-жалыны,
                                 Бейкүнә сәбилердің күлкілері.
                                 Үйітілген татымы кем тарамыс шақ,-деп ақынның балалық шағы соғыстың сойқан жылдарымен тұспа тұс келеді.
Ақынның ата-анасы жайында тоқтала кетсек.
Әкем Молдағали 1942 жылы соғысқа кетіп, қайта оралмады. Мені тәрбиелеп өсірген анам Қымқам  Алматыда қайтыс болды.
1-жүргізуші: Адамның рухани болмысын, сезім дүниесін лирикада шыншыл бейнелеуші, танымал эпик ақындарымыздың бірі- «Әкеммен әңгіме» поэмасында майданға аттанып әкенің әрбір сөзі, қылығы санасында сәулеленген перзенттің ішкі сыры. Ауыр мұң мен ойлы сезімталдықтың жыршысы бола білген ақын көңілі.
2-жүргізуші: «Өміріңнен көрген жоқ той кезін мен»,-дейді. Соғыстан алған ауыр жараны жүрегіне арқалаған жастың мұңды, сағынышты кейпі балалығы жас болып еріп кеткен, аналардың жылаған көздерінде. Алғашқы күннен бақыт күткен, тағдыр тезіне ішкі дүниесі шыңдалған бейнесі көз алдыңа елестейді.
Өлеңдерін мәнерлеп оқу: «Әкем болса нем бар еді», «Жаным ана»
1-жүргізуші: Бекарыс, Тұманбай аға өлеңдерін қай кезден бастап жазған.
2-жүргізуші: Бір күні жиын болып, Нұрқожа Оразов деген досым: «Мына Тұманбай да өлең жазады. Осы жігіттің өлеңдерін тыңдасақ  қайтеді»-деп айтып қалды. Ұстаздарым сол жерде екі өлең оқытқызды. Өлеңдерім көпшілікке ұнап, болашағымнан үлкен үміт күтілетіні де айтылмай қалған жоқ.
1-жүргізуші: Замандас досы Мұқағали ақынға балалық шақтан соң, бозбалалық шақ туралы былай деген екен:
Ей, Тұмаш есіңде ме бозбалалық,
Қорамызға қой емес, сөз қамадық.
Өлең-көкпар дүрмекке қосылғанда,
Біз мінген пырақтардың озғаны анық.
Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы «Студент дәптері» деген атпен 1957 жылы жарияланған.
Өлеңдерін мәнерлеп оқу. «Ақынды ренжітпе», «Жақсыны көрдім өмірде»
ӘН: «Жан досым»
2-жүргізуші: Өткеннің бәрі, кеткеннің бәрі елес шын. Лаулап бір жанған махаббат оты неге өшсін деген екенбіз. Бір өлең жолдарында алғашқы махаббатыңызды да жадыңыздан ұмытылып қоймаған болар-деген сауалына.
-Менің алғашқы махаббатым да, соңғы махаббатым да-үйдегі жеңгең. Екінші курста оқып жүрген кезім. Қысқы демалыста ауылға барған едім. Нұрбала деген қыздың үйінде альбом қарап отырғанбыз. Бір қыз көзіме оттай басылды. «Мына қыз кім?» деп едім, оның Ақшиде оқитын, оқу озаты екендігін айтты.
Өлеңдерін мәнерлеп оқу.
«Сағыныштар сарғалдақтар, сары құстар», «Сұлудың көңілінде»,
 «Қыз атынан»
ӘН: «Бар ма маған ғашық адам»
Орындайтындар: Бекарыс, Жанарыс
1-жүргізуші: Жалпы мен ағалардан көп жақсылық көрген адаммын. Абай Бейсенбаев, Кәкісжан Қазыбаев, Сапар Байжанов, Мұзафар Әлімбаев сынды ағаларым маған көп көмегін көрсетті. 
2-жүргізуші: Қалам тартқан елу жылдай уақытты сараласақ, қазақ халқы деген ардақты ұғымға сыятын бір елдің еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін үлкен ақынның күмбірлеген жыр жүрегіне, күнгей мен теріскейіндегі ғұмыр-жырына бойлаймыз.
1-жүргізуші: Нұрғиса ағамыз ақынның  «Құстар қайтып барады»  өлеңі  туралы былай деген екен:- Сенің өлеңдеріне әлі талай ән жазармын. Бірақ дәл мынадай ән енді шықпайды. Мені ақырғы сапарыма осы «Құстар қайтып барады» әнімен айтып шығарыңдыр»,-деді. Сол себепті Нұрғиса ағамызды өзінің өсиетімен Жамбыл атасының қасына қойып, осы өлеңмен соңғы сапарына шығарып салдық.
«Қатарымыз сиреді» өлеңін оқиды.
ӘН: «Құстар қайтып барады»
2-жүргізуші: Тағы бір күні Нұрғиса ағам үйіне шақыртты. Барсам, «Ауырып отырмын»-дейді. «Қай жеріңіз ауырады?»- десем, «Жүрегім»-деген жауап естідім. Сол жерде:
                               Қайран менің жүрегім, жас жүрегім,
Көктем едің бір кезде тасқын едің.
                               Жастық дәурен жалтақтап қарайлайсың,
                               Сені ойласам ұйқым да қашты менің, қашты менен.
ӘН:»Жүрегім менің»
2-жүргізуші:  Ақынның бір естелігінде: «Міне, сол кезден бастап әлі де әнге сөз жазып келемін. Жалпы, ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Осындай әнім бар еді, сөз жазып беріңізші деп, алдыма келген адамның барлығын ренжітпеуге тырысамын»- деген екен.
Өлеңдерін мәнерлеп оқу: «Мені ешкім құттықтамады» «Ана тілі», «Сүйемін», «Арман жоқ, ұлым»
Тұманбай ағамыздың лириалық кейіперінің жүрегі-қылау түсе қоймаған сәбидің мінезіндей. Осындай сыршыл да таза жүректен шыққан дүниелер оқырманын бей-жай қалдыра алмас.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
Сен тірісің жан аға халқың барда
Қарасаздан ұшқан қарлығаш
Сезімге түскен сәулелер
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
«Дауа» атты кітабынан әдеби-сазды кеш
Қуандық пәктік пен сұлулық жыршысы
Жырлайды жүрек
Абай оқулары
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2946 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык