Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушылардың интеллектуалды дамуындағы қазіргі әдіс-тәсілдердің тиімділігі. «Біз бұны қалай іске асырамыз?»


Оқушылардың интеллектуалды дамуындағы қазіргі әдіс-тәсілдердің тиімділігі. «Біз бұны қалай іске асырамыз?»

Оқушылардың интеллектуалды дамуындағы қазіргі   әдіс-тәсілдердің тиімділігі. «Біз бұны қалай іске асырамыз?»

Шебер-класс тақырыбы: Оқушылардың интеллектуалды дамуындағы қазіргі   әдіс-тәсілдердің тиімділігі. «Біз бұны қалай іске асырамыз?»

Мақсаты: Заман талабына сайақпараттық оқыту және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану.

 Мұғалімдерге сабақ беру  барысында оқыту тәсілдері мен іскерлік дағдыларды қалыптастыру, жаңа технологияны сабаққа қолдану мүмкіндіктері

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың  тәжірибелік  іс-әрекетінде ақпараттық мәдениетін  қалыптастыру, ақпараттық  сауаттылықтарын  дамыту.

Тәрбиелік  мақсаты: Ақпарат ғасырына сай компьютерлік  сауатты, жан-жақты  дамыған жеке  тұлға  тәрбиелеу.

Айрен  бағдарламасында тест құру әдісі іс-тәжірибесімен алмасу

Құралдар: компьютер, проектор, экран.

Қатысушылар: мұғалімдер, оқушылар.

 

Шебер классс барысында қатысушылардың  өзара тексеріс, өзара үйренуі жоспарланды.

Шебер-кластың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру.

3. Тақырып бойынша ақпарат беру.

4. Тәжірибелік жұмыс

5. Қорытындылар шығару.

Шебер класс барысы:

           Психологиялық ақуал.

  1. Тақырып бойынша ақпарат:

       1 слайд бойынша пікір аламсу, топтастыру.

  1. Тәжірибелік жұмыс. Сынып оқушыларымен бірге

                    Математика пәні:

Сабақтың тақырыбы: Бағасы. Саны. Құны

Мақсаты: білімділік: баға, сан, құн шамалары туралы  ұғымдарын кеңейту.Әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып, осы шамалар арасындағы тәуелділікке кеңінен тоқталып, оларды табуды меңгерту. Ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.

дамытушылық: суреттер және кестелердің көмегімен есептер құрастыруға, логикалық тез ойлау қабілеттерін арттыру.

тәрбиелік: Оқушының қызығушылығын ояту, берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

Сабақтың түрі: интеллектуалды танымдық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары, проблемалық оқыту , АКТ, сұрақ-жауап, ой туғызу, өмірмен байланыстыру, шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, маркер, есептерге байланысты суреттер, тапсырмалар, топ аттары жазылған қима қағаз

Сабақтың барысы:

Психологиялық ахуал: (оқушылардың сабаққа деген  дайындықтарына, көңіл-күйлеріне  назар  аудару)

Қуанамын мен де.

Қуанасың сен де.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Басқарушылардың білікті саяси негізгі тобын дайындау.

 Сыныпты үш топқа бөлу

І топ – Максимовка ауылы

              ұраны:Біріміз бәріміз үшін,бәріміз біріміз үшін.

ІІ топ – Целиноград ауданы

                ұраны: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

ІІІ топ –Ақмола облысы:

                Ұраны:  Білімді ұрпақ, ұлт болашағы

     Балалар, еліміздің Президенті халқына  өзінің кезекті жолдауын«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»деген тақырыпта жолдаған болатын.Жаңа экономика ол есептеумен тікелей байланысты. Сондықтан бүгін бізге математика сабағында еліміздің экономикасын көтеруге ат салысайық.  Жолдау бойынша елбасы алдымызға  мақсат, міндеттерді айқындап  беріп отыр.

   Бүгінгі сабағымызда осы өлшемге сай оқушыларды анықтап президент қасында жұмыс істеуге жолдама береміз.Әр қаланың әкімдері сабақ соңынан тапсырманың орындауына оқушылардың қатысуына байланысты есеп  береді.Сол бойынша бағалайтын боламыз.

Өлшемдері:  Білімі

                 Тәрбиесі

               Оқудағы  жетістігі.

1-тапсырма: Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.

 Жаңа сабаққа дайындық;

Ақпараттық кезең.

  Оқушылар : Реферат. Жоба, ақпарттық ізденістерін қорғайды.

        Мұғалімдер тобы: сарапшы болады.

 Жаңа сабақты меңгерту:

-Оқушылар бір зат сатып алу үшін қайда барасыздар?
      - Дүкенде  затты сатып алу үшін, не қажет?

Олай болса ақшамызға зат сатып алумыз қажет.  Ол үшін неге көңіл аударамыз?  (бағасына, санына, құнына)

-ендеше осы сабақтың тақырыбы: «Бағасы. Саны. Құны»  осы айтылған шамалар  арасындағы тәуелділік туралы  білімімізді толықтырамыз.

2 тапсырма.Қолжетімді баспана Арендалық үйлер жалға берілетін болады

Кестені толтыру: ( Кітаптарыңыздың 113  бетіндегі №2,3,4  есепке назар аударайық, әр топ өз жұмысын істеп, ереже қорыту)

1-2 топ қатысады.

Заттың бағасы

Заттың саны

Заттардың құны

     
     
     

         

 

 

 

бағасы

саны

құны

Кестедегі салыстыр. Не өзгерді? Не тұрақты болды?

Заттың құны тұрақты болып, оның саны кемісе , онда бағасы қалай өзгереді?

Халыққа арендалық төлем ақыны қандай мөлшерде  төлеген  тиімді?

3-топ: Болашақ мектептің эскизін жасау.

3-тапсырма: Индустриалдық-инновациялық жлбалар

Жарық электр станциясын салу қолға алынды. Ол үшін қаптармен цемент және алинекс жеткізілуде. Есеп құрап шығарайық.

1-топ: Оқулықтағы №5, кесте бойынша есептер құрастырып шығару.

2- топ суреттер бойынша есеп құрастырып шығару.

3-топ мұғалімдерге: айрен  бағдарламасы  бойынша тест құрастыру.

 

Адами капиталдың сапалы өсуі.

Денсаулығымызды жақсарту үшін сергіту жаттығуын жасау.

4-тапсырма:Жұмысқа тарту

Әр топқа тесті тапсырмасын шығару беріледі. Шығарған оқушы жұмысқа тартылған болып есептеледі.

Үлестірмелі қағазда және интербелсенді тақта,  айрен жобасында тапсыру.

Әкімдердің әр оқушының сабаққа қатысуы бойынша есебі тыңдалады.

 

Сабақты қорытындылау:

Еліміздің болашағы -білімді ұрпақ қолында. Бүгін сендер өз білімдеріңмен  дәлелдедіңдер деп ойлаймын!

Үй тапсырмасы; №6,7 115 б

Оқушыларды бағалау : Үш тілек, екі жұлдыз;  кері байланыс.

Топтарды мақтау бағалау:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бағасы. Саны. Құны.
Баға ,сан,құн шамалары арасындағы тәуелділік.
Химмиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері
Тригонометриялық тепе-теңдіктерге есептер шығару
Рационал сандарды көбейту және бөлуге есептер шығару
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Қайталау Есеп,теңдеу шығару
Баға, сан , құн шамалары
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Реакцияның жылу эффектісін есептеу
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 2389 | Қосты: Танхай Азигул | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык