Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Зерде» зияткерлік сайысы


«Зерде» зияткерлік сайысы

«Зерде» зияткерлік сайысы

Тақырыбы: «Зерде» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.

Түрі: Топтық сайыс

Қатысатын сыныбы: 2 «А» және 2 «Ә» сыныптары.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)

2. Кіріспе бөлім.

Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады

- дей отырып, « Зерде» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар - 
Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. «Алғырлар» тобы, «Тапқырлар» тобы

 Бөлімдермен таныстырып өтейін:

1 кезең - Таныстыру

2 кезең -"Білімді болсаң, бақ сына?"

3 кезең -"Шым-шытырық сұрақтар"

4 кезең -"Мақал – сөз мәйегі"

5 кезең -"Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні"

6 кезең -"Құпия хаттар"

7 кезең «Кім жылдам?»

8 кезең  «Поэзия минуты»

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

І – кезең: Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранын, сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 5 оқушыдан қатысады)

ІІ – кезең: «Білімді болсаң, бақ сына»

Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік,

Сөз кезегін математикаға берелік

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жауаптарын көрелік

-Бұл кезеңде пән бойынша білім деңгейлерін тексереміз. Яғни математика пәні бойынша.                     Алғырлар тобына:

1. 28-19 =9

2.  Алмұрт 9, алма одан 2-еуі кем. Барлығы неше жеміс? ( 16 )

3. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

4. 2 апта 2  күн неше күнге тең? (16)

5. Сенде барлығы 80 теңге. Оның 25 теңгесіне дәптер, 15 теңгесіне қалам алдың. Сенде қанша теңге қалды? (40)

6. 45+32= 77

7. 1 жұмыртқа 2 минутта тіссе, 3 жұмыртқа неше минутта піседі? (2 минутта)

Тапқырлар тобына:

  1. 49 - 27=22
  2. Құлпынай 13, шие одан 10-ы артық. Барлығы қанша жеміс болды? (36)
  3. 1ц неше кг бар? (100 кг)
  4. 1 сағ 20 минут неше минутқа тең? (80минут)
  5. Айнұрда 15 кітап, 12 қалам және 3 сызғыш бар. Айнұрда барлығы неше құрал бар? (30)
  6. 24+32= 56
  7. Ағашта 12 торғай отыр еді. Аңшы оның 4-еуін атып алды. Нешеуі қалды? (4)

 Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып

Ана тілін білмеу қандай заңдылық

Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік

-         Олай болса, қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді тексерейік. 

Алғырлар тобына:

  1. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
  2. «Қалам» сөзі қандай дауыстылардан құралған? (жуан)
  3. «Аңшылықтың» сөзінде неше буын бар? (4 буын)
  4. Еңбек туралы бір мақал айт.
  5. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді, ата. (2-ге, жуан, жіңішке)
  6. Й қандай дыбыс?

Тапқырлар тобына:

  1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
  2. Қ, к, т, с әріптері қандай дауыссыздар? (қатаң)
  3. «Қанаттан» сөзінде неше буын бар? (3 буын)
  4. Оқу, білім туралы мақал айт.
  5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, оларды ата. (3-ке, ұяң, үнді, қатаң)
  6. Мәтіннің неше түрі бар?

3- кезең «Шым-шытырық сұрақтар»

«Алғырлар» тобына:

  1. Жердің пішіні қандай? (дөңгелек, шар тәрізді)
  2. Бір жылда неше мезгіл, неше ай бар? (4мезгіл, 12 ай бар)
  3. Қойдың төлі (қошақан)
  4. ҚР рәміздерін ата (Ту, Елтаңба, Әнұран)
  5. Әкеңнің шешесі қалай аталады? (Әже)
  6. Тудың түсі қандай? (Көгілдір)
  7. Қасиетті тағам (нан)
  8. Есту мүшесі (құлақ)
  9. Қыстың көркі не? (қар)
  10. 16 – желтоқсан қандай мереке? (Тәеулсіздік мерекесі)

«Тапқырлар» тобына

  1. 7 күнді не дейміз? (апта)
  2. Білім ұясы? (мектеп)
  3. Көшет қай мезгілде отырғызылады? (көктемде)
  4. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (42 әр»п)
  5. Түн ұйқысын төрт бөлген адам кім?  (ана)
  6. Екі өркешті жануар (түйе)
  7. Жұлдыздар қай кезде пайда болады? (түнде)
  8. Ақтөс – ит, Марат – кім? (адам)
  9. Жылдың ең соңғы айы не? (желтоқсан)
  10. 1 желтоқсан қандай мереке? (Қр Президент күні)

4- кезең «Мақал – сөз мәйегі», мақал- мәтелдерді жалғастыру

«Алғырлар» тобына:

  1. Өз үйім (Өлең төсегім)
  2. Батыр туса ел ырысы, (Жаңбыр жауса жер ырысы)
  3. Асыл – тастан, (Өнер жастан)
  4. Отан (Оттан да ыстық)
  5. Ғылым – теңіз, (Білім – кеме)
  6. «Тапқырлар» тобына
  7. Оқу – инемен (құдық қазғандай)
  8. Өзге елде сұлтан болғанша, (өз еліңде ұлтан бол)
  9. Қыз өссе – елдің көркі, (Гүл өссе – елдің көркі)
  10. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
  11. Ананың көңілі – балада, (Баланың көңілі - далада)

5- кезең «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», Мен сендерге ертегі оқимын, сол ертегінің мазмұнына байланысты бір мақал айтасыңдар.  «Алғырлар» тобына

Алты түлкі

Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:

-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.

- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:

- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.  «Күлме досқа – келер басқа»

«Тапқырлар» тобына

Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
«Әкеңе не қылсаң, Алдыңа сол келер

6 – кезең «Құпия хаттар», яғни хаттардың ішінде ситуациялық сұрақтар берілген. Қане, тығырықтан шығып көрейік.

«Алғырлар» тобына:

Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
«Тапқырлар» тобына

Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй – ішін айтып, алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады. Және өзінен кіші балаларды үнемі ренжітеді. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

Өз ойыңды ашық айтып,

Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

7 – кезең «Кім жылдам?», яғни бұл сайыста тақтада жазылған сөздерді қимылмен түсіндіру. Қарсы топ сол сөздерді шешеді. 1. «Етік, кітап, қалам, тауық, терезе, орындық» 2. «Ауыз, тамақ, сағат, машина, мұғалім, дәрігер»

8 – кезең «Поэзия минуты», яғни оқушылар өздерінің жатқа білетін өлеңдерін айтады. Қай топ көп өлең айтса, ұпайы солай көбейеді. Мәнерлеп, асықпай айту қажет.

Марапаттау кезеңі. Ұпай саны көп топ І орынды, ұпайы аздау топ ІІ орынды иеленеді. Марапаттау сөз кезегі әділ-қазы алқасына беріледі.

Өтес орта мектебі

Сыныбы: 2 – сыгныптар

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Исаева Жанар Т.

2014 – 2015 оқу жылы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қазақшаңыз қалай?" танымдық ойыны
Жүзден жүйрік
«Ғажайып математика»
«Тапқыр достар» сайысы
Алтын сақа
Қызықты математика
Ел тірегі- білімді ұрпақ
Білімнің бастауы –бастауыш
Білгіштер бекеті
Білгіштер бекеті
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 15917 | Қосты: Исаева Жанар Турдыбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык