Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ел тірегі- білімді ұрпақ


Ел тірегі- білімді ұрпақ

   Ел тірегі- білімді ұрпақ

      Қарағанды облысы 

Сәтбаев қаласы

«№5 жалпы орта білім

 беретін мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Садуакасова Асел Сапарбековна

                                               Ел тірегі- білімді ұрпақ

                                              (интеллектуалды ойын)

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге үйрету.

  Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

 Тәрбиелілік мақсаты: болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Жан – жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді бекіту.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану.

Көрнекілігі: топ аттары жазылған қағаздар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1 слайд

-Сәлематсыздарма , Құрметті қонақтар! Қайырлы күн балалар!  Осындай мейірімді, ақылды, қамқоршыл, қайырымды оқушыларымды көргеніме қуаныштымын. Ал енді бүгінгі сабаққа келіп отырған қонақтармен сәлемдесейік! Сәлемдесу -адамгершіліктің, инабаттылықтың, ізеттіліктің нышаны.
Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.

Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме!- деп
Сәлемдесіп аламыз.
- Жарайсыңдар балалар. Бәріміз орнымызға отырайық.

-Балалар,  сендер  білесіңдер  ме, жүрек қайда  орналасқан?

Жүректің  түрін  көргіміз  келе  ме?

Оқушылар: -Иә.

-Ендеше бір сиқырлы іс-шара жүргізейік.

 

2-слайд.

Психологиялық  дайындық:

«Қуан,  шаттан,  алақай!

Қуанатын  күн  келді.

Күліп  шықты  күн  бүгін

Тамаша  болсын бүгінгі күн! 

                                                 3-слайд /күн  жарқырап  кетеді// қол  шапалақтау/

Мұғалім:  -Көңіл-күйіміз  қандай  болып  кетті?

Оқушылар:  -Көңілді .

Мұғалім : Ал,  жүрегіміз  қандай  болып  кетті?

-Оқушылар: Жарқырап  кетті.

Мұғалім: - Тамаша!

   Осы жақсы көңіл-күймен  сабағымызды  бастайық.  /оқушылар  барып  отырады./

-Балалар, бүгінгі сабақ ерекше. Сабақтың ерекшелігі топпен жұмыс істей отырып, жыл бойы алған білімдерімізді ортаға саламыз.Олай  болса,балалар бүгінгі сабақтың ережесімен танысайық.

1.Сабаққа белсене қатысу

2.Бірін-бірі тыңдау

3. Тыныштық сақтау

4.Ойларын ашық айту

5.Тез жауап беру

Осы ережелерді естен шығармайық!

4-5 слайд

Ендеше біздің бүгінгі сайыс сабағымыздың да тақырыбы «Ел тірегі- білімді ұрпақ» аталады екен.Сайыстың мақсатымен таныстыру

Сайысқа 2 топ қатысады.Олар

                                              1 топ – "Алғырлар"

                                             2 топ — "Тапқырлар "

Сайыстың мақсаты:сыныптың ең білімді де білікті, тапқыр әрі ақылды жүйрік әрі епті командасын анықтау:

                               Кім жеңді,кім жеңілді деп жүрмейік,

                                 Әділ-қазы бағасына жүгінейік.

                                 Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,

                                 Қазыларға төрден орын берейік. –деп сыныбымызға келген қонақтардың ортасынан әділқазылар алқасын сайлайық.

Әділқазылар мүшелерін жарыс ережесімен таныстыру.

 

6-слайд    Жарыс 6 бөлімнен тұрады.

1кезең «Бәйге»

2кезең «Құпия сандық»

3 кезең «Ұйқасын тап»

4 кезең «Қызықты үштік»

5 кезең «Тапқырлық»

6 кезең Жорға  

Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы  топтармен танысып алайық:

 «Алғырлар»           Армысыздар,ұстаздар мен оқушылар,

                                Білімді санасына тоқушылар.

                                Білімімен,өнерлерін ортаға сап,

                                Шықты міне, «Алғырлар" атты сайысшылар.

                               Топ атын алғыр қойған алғырлармыз,

                                Шетімізден білімді балғындармыз.

                               Топ жарып,алға шығып озып жатсақ,

                                Бұл қалай болды екен деп таң қалмаңыз.

I топтың ұраны:Білімдіге-дүние жарық,

                              Білімсіздің күні –қаріп.

«Тапқырлар» Біз дайынбыз жарысуға достарым,

                         Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

                         Білім алып бүгін алтын ұяда,

                         Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

                        Топ атауы ойы жүйрік тапқырлар,

                         Жарыс көрсе күш-қуаты жалындар.

                         Тапқыр болу-ізгі арман,мұратымыз,

                         Талмасын әрдайым да қанатымыз!

II топтың ұраны:

Оқу -білім бұлағы,

Білім- өнер шырағы.

8-слайд

1-кезең: «Бәйге» жарысы:

Мұғалім:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін «Бәйгеге» біз берейік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрейік. \Әр топқа 12 сұрақтан беріледі, әрбір жауапқа

 1 ұпай\

1-топ «Алғырлар» тобына

1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? \2-ге бөлінеді , дауысты,дауыссыз\

2.  Қарлығаш сөзінде неше буын бар?(3 буын)

3. Сөз неден құралады?(дыбыстан)

4. «Әке мен бала» әңгімесі кімнің шығармасы? (Ыбырай Алтынсарин)

5.Тоқтар Әубәкіров кім? (қазақтың тұңғыш ғарышкері)

6.Сөйлем аяқталғанда не қойылады? (нүкте,сұрақ,леп белгісі)

7. Қазақтың ұлы ақыны? А. Құнанбаев

8. О дыбысы жуан ба, жіңішке ме? (жуан)

9.  Б. Момышұлы кім? (қаһармен батыр)

10. Қандай сөздер бас әріппен жазылады? ( адамның аты жөні, жер-су аттары,үй жануарлары бас әріптен басталады)

11. Қабанбайдың шын аты. ( Ерасыл)

12. Буын деген не? (сөзде қанша дауысты дыбыс,сонша буын болады)

 

2- топ «Тапқырлар» тобына

1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (кім? не?)

2. Жоғары сөзінің қарама - қарсы сөзін айт.(төмен)

3. Ә. Қастеев кім? (суретші)

4. Жамбыл Жабаев қанша жыл өмір сүрген? (100 жыл – 1 ғасыр)

5. Үш биді ата?  (Төледи, Әйтеке би, Қазыбек би)

6. Ш. Уәлиханов кім? Ғалым, саяхатшы

7. Алтын адам табылған жер? Алматы облысы, Есік қаласы.

8. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі? (Ыбырай Алтынсарин)
9. Қазақстанның Республикасының президенті? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

10.Мәтін түрлерін атаңдар?  (сипаттау, пайымдау, әңгімелеу)

11. Абылайдың азан шақырып қойған аты. (Әбілмансұр)

12. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге, жуан,жіңішке)

 

9-15 слайд

2 – кезең «Құпия сандық»

 Шарты: Жұмбақтың жауабын тауып, дыбыстық талдау жасау қажет.

1.Кезіктірдім тиыннан,

Бірін таптым қиыннан,

Талай жерге сабылып,

Таптым бірін миымнан. И – жіңішке, дауысты

 

2. Нанда екі,

Жанда бірмін.

Тамырда жоқ,

Қанда жүрмін. Н – үнді, дауыссыз

 

3.Әке де,

 Ән де,

 Әже де,

 Сән де. Ә - жіңішке, ашық, езулік, дауысты

 

4.Бұлбұлда екі,

   Құста бір.

  Ұлытауда,

   Тұста жүр. Ұ – жуан, қысаң, еріндік, дауысты

 

 

5.Табылмаймын Қорқыттан,

  Кезігемін қобыздан.

  Бесте бармын, таппайсың,

  Қанша іздесең тоғыздан. Б – ұяң, дауыссыз

 

 

6.Өзінде бір шопанның,

  Табыламын ойыннан.

   Кезігемін тағы бір,

   Өрістегі қойынан.     О – жуан, ашық, еріндік, дауысты

 

7.Тоғай менен торғайдың,

  Бәрінен де безінем.

  Орман менен қамыстың,

  Ортасынан кезігем. М – үнді, дауыссыз

 

16-17 слайд

 СЕРГІТУ СӘТІ:

1-топ «Алғырлар» тобына

3- кезең «Ұйқасын тап »

Шарты: мұнда өлең жолдары берілген. Сол өлең жолындағы қалдырып кеткен жерге сөздер қою арқылы өлеңді ұйқастыру керек және де астында шашыраған дыбыстардан әр түрлі сөздер құрайды.Құраған сөздер 5-тен асса, балл жоғары қойылады.

Жоғары баллл-40

Төменгі балл -20

Уақыты -1 минут

               1.Оқысаңыз балалар,

                 Шамнан шырақ _______________

               2.Арба сықырлап жүрді,

                Ит арсылдап _______________

                3.Мектепке күнде ______________

                   Кілең .....................аламын.

Төмендегі дыбыстардан сөз құра.   Б, Ұ, Ж, А, Қ, М

 

2-топ «Тапқырлар» тобына

 

             1. Кел,балалар,оқылық,

             _______________көңілге

             Ықыласпен ______________

            2.   ___________ келді, құс келді,

               Гүлдер жапты______________

           

             3.Қарындашты қолға аламын,

         __________ сурет ________________

 

Төмендегі дыбыстардан сөз құра.    Қ, А, Р, Т, А

 

18-слайд

4-кезең "Қызықты үштік"

- Бұнда өздеріңізге таныс төрт пән бойынша бірнеше сұрақтар берілген. Пәнді таңдай отырып, сол сұрақтарға толық  жауап береміз.

Математика:

- 50 мен 20 сандарының қосындысын тап.

- Айгүлде 100 тг. болды, ол 40 тг. дәптер сатып алды. Айгүлде неше теңге қалды?

- Автотұрақта 50 машина тұр еді, тағыда 10 машина келді. Автотұрақта барлығы неше машина болды.

Ана тілі

1. Абылайға Төле би қандай ат қойды?(Сабалақ)

2. Ең алғаш балаларға мектеп ашқан кім?(Ы.Алтынсарин)

3.Буын қандай дыбыстар арқылы жасалады?(дауысты дыбыс)

 

Дүниетану

1.Адам немен тыныс алады? (ауамен)

            2.Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

            3.Біздің Отанымыз қалай аталады?

Мүғалім:       Халқымыз шешендігімен танылады,

                        Жүйрік тіл,ойлы сөзі мағыналы.

                        Шешен тіл,мақал сөзбен сөз бастаса,

                         Көпшілік басын изеп бағынады.

 

20-30слайд

5 – кезең  «Кім жылдам? » Шарты: Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

1-топ: «Алғырлар»

Өнер алды   -  ( қызыл тіл)

Денсаулық  - (зор байлық)

Кітап-білім бұлағы,( білім- өмір шырағы)

 

2-топ: «Тапқырлар»

Білекті бірді жығар, (білекті бірді жығар,)

Отансыз адам  - (ормансыз бұлбұл)

Күш – білімде, (білім – кітапта)

 

31-33 слайд

8 – кезең Топбасшылар сайысы. “Жорға”


«Алғырлар » тобының топ басшысына:

           1.Жылдан құр қалған жануар.

          2.Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі.

    3.ҚР-ның мемлекеттік тілі.

          4.Басты байлық.

          5.Елтаңбаның авторы кім?

          6.Абайдың әжесі.

          7.Көру мүшесі.

          8. Х+2=10 бұл не?

          9.Аптаның бесінші күні қалай аталады?.

         10.9-мамыр қандай күн?

 

 «Тапқырлар» тобының топ басшысына:

 

  1. Жыл басы не?
  2. «Шұбат» неден жасалады?
  3. Тудың авторы кім?
  4. Абайдың  кім?
  5. Шөлге төзімді жануар.
  6. Орман дәрігері.
  7. 1дм-де неше см бар?
  8. Білім ұясы.
  9. Түн ұйқысын төрт бөлген адам.
  10. Адамдарға қандай сұрақ қойылады?

Жүректен -жүрекке жылы лебіздерін білдіреді.

-Ал енді балалар әділ қазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша келген қонақтарға ән шашумызды тарту етейік!

Ән : Ұландар

38-слайд

Мұғалім:

Ақыл көпке жеткізер                             

Өнер көкке жеткізер

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену , жалықпау– деп сөз кезегі  әділ – қазыларға береміз.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАДАҚТАУ

Қорытынды:
  -Балалар, Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби  “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыздар!

               Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілейміз

       Бағалау парағы

 

Кезеңдер

«Алғырлар» тобы

«Тапқырлар»  тобы

1.

Таныстыру  2 минут

 

 

2.

 «Бәйге»

 

 

3.

 «Құпия сандық»

 

 

4.

«Қызықты үштік»

 

 

5.

 «Тапқырлық»

 

 

6.

«Ұшқыр ой»

 

 

7.

  «Жорға»

 

 

8.

  Қорытынды

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ғажайып математика»
«Зерде» зияткерлік сайысы
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Фонетикалық талдау
Фонетика
Үндестік заңы
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
Ойлы болсаң, озып көр
Фонетикадан өткенді қайталау
Қызықты қазақ тілі әлемі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3209 | Қосты: Садуакасова Асел Сапарбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык