Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Графикалық объектілер және көркем жазулар кірістіру


Графикалық объектілер және көркем жазулар кірістіру

Графикалық объектілер және көркем жазулар кірістіру

№ 40 сабақ

Күні: 12.03.2014 ж.  

Сабақтың тақырыбыГрафикалық объектілер және көркем жазулар кірістіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың MS Word мәтіндік құжатында жұмыс істеуін қадағалау және алған білімдерін тексеру; мәтіндік құжатқа графикалық кескінді кірістіруді үйрету; "Кітаптың сыртқы мұқабасын " көркемдеу жұмысымен алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық мақсаты: Пәнге деген қызығушылығын ояту; ой-өрісін, сана-сезімін дамыту:

Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, презентациялар ( PowerPoint-та дайындалған), үлестірмелі материалдар – жұмыс дәптері (әрбір оқушы үшін).

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин). 

2. Білімді жүйелеу. (6 мин). 
3. Жаңа материалды түсіндіру (10 мин). 
4. Сергіту сәті. (2 мин). 
5. Жаңа материалды бекіту. (20 мин). 
6. Сабақты қорытындылау (бағалау этапы). (5 мин). 
7. Үйге тапсырма. (1 мин). 

Сабақтың барысы 

1. Ұйымдастыру кезеңі. 
2. Білімді жүйелеу. 

1. Мәтіндік редакторды іске қосу?

2. мәтіндік редактордың міндеттері?

Мұғалім. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Word мәтіндік құжатына графикалық кескіндерді кірістіру". Сабақтың соңына дейін тапсырмалар орындаймыз, сондықтан жұмыс дәптерлеріңді алыңдар. 

Мұғалім. Жаңа материалды түсіндірмес бұрын, сендермен бірге бетті безендірудің негізгі әрекеттерін еске түсірейік. 
Мұғалім. Word мәтіндік редакторында бетті безендіру үшін қандай әрекеттерді білуіміз керек? Оқушылар.Беттің параметрлерін, түсін беруді және бетті жиектеуді білуіміз керек. 
Беттің параметрлерін қалай береміз? 
Мұғалім. Балалар жұмыс дәптерлеріңе №1 тапсырманы орындаңдар. 

. Бетке түсті (фонды ) қалай береміз? 
Бетті жиектеуді (рамканы) қалай құрамыз? 
. Құжатты алдын-ала көріп шығу және фигуралық мәтінді жазу үшін қандай батырмаларды қолданамыз? 

. Міне, біз сіздермен бірге бетті қалай көркем етіп жасау керектігін еске түсірдік . 
Мәтіндік құжатқа кескінді қалай кірістіруге болады? Ал енді мәтіндік құжатқа кескінді қалай кірістіруді үйренейік? 

3. Жаңа сабақты түсіндіру. 

Слайд 8. Графикалық кескінді кірістіру. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру үшін мынадай әрекеттерді (алгоритмді)орындау керек: 

1. Қою (Вставка) -> Сурет (Рисунок) ->Файлдан ( Из файла). 

2. Пайда болған Сурет орналастыру терезесінен, яғни суреттер қоймасындағы буманы ашу. 

3. Керекті суретті таңдап, тышқанмен оны шертіп, қою (вставка) батырмасын басу. Слайд 9. №5 тапсырманы жұмыс дәптерлеріңе орындаңдар 

Кейде кескіндермен жұмыс істегенде оларды бұруға, орын ауыстыруға және өлшемін өзгертуге тура келеді. 

Слайд 10. Орын ауыстыру, бұру және өлшемін өзгерту. Суреттің орнын ауыстыру, бұру және өлшемін өзгерту үшін мынадай әрекеттерді (алгоритмді)орындау керек: 1. Тышқанмен суретті шертіп, оны ерекшелеу . 

2. Пайда болған Настройка изображения (Кескінді баптау) панелінде Обтекание текстом (собачка) таңдап, одан Сквозное таңдау. 

3. Пайда болған жасыл маркердің көмегімен кескінді бұруға, кішкене ақ дөңгелектер пайда болғанда-өлшемін өзгертуге болады. 

4. Суретке тышқанды шертіп, батырмасын жібермей , оны қалаған жерге орын ауыстыруға болады. 

Слайд 11. №6 тапсырманы жұмыс дәптерлеріңе орындаңдар. 

Слайд 12. Кескінді жою. Кескінді жою үшін мынадай әрекеттерді (алгоритмді)орындау керек: 

1.Суретті тышқанмен шертіп, оны ерекшелеу. 

2. Пернетақтадан DELETE пернесін басу. 

Слайд 13. Есіңде сақта. 

Мұғалім. Ережені есіңде сақта!!! Суретпен жұмыс жасау үшін, оны алдымен «ерекшелеп» алу керек. 

 Сергіту сәті 

Мұғалім. Біз жақсы жұмыс істедік, енді демалатын уақыт жетті. Бәріміз орнымыздан тұрып, партамыздың шетіне шығып, менің қозғалысымды қайталаңдар. 

1. Қолымызды белімізге ұстап, тік тұрамыз. 

2. Басымызды солға-оңға қарай бұрамыз. (3 рет). 

3. Басымызды алға –арқа еңкейтеміз (3 рет). 

4. Екі жаққа да басымызды айналдыра бұрамыз(3 реттен) 

Көзге жаттығу: 

1. Көзді бірнеше секунд қатты жұмып, содан кейін ашып, босаңсыту. Демалыс қалыпты 4-5 рет қайталау. 

2. Жанарыңды мұрныңның үстіне қаратып ұстау. Сонан кейін алысқа қарау. 4-5 рет қайталау. 

3. Басты бұрмай, бірнеше секунд көзді оңға қаратып ұстау, сонан кейін тура алысқа қарау. Осындай әрекетті солға, жоғары, төменге қарап қайталау. Барлық жаттығуды 4-5 рет қайталау. 

4. 20-30 секунд бойы көзді ашып-жұмып, жыпылықтату. Мұғалім. .Енді жұмыс дәптерлеріңді алып, екі-екіден компьтерге отырыңдар. Жаңа сабақты бекіту. 
 

 Тапсырыс. 

Мұғалім. Біздің «Мектеп баспасына» тапсырыс келіп түсті, яғни «6-сынып» Информатика оқулығының сыртқы мұқабасын көркемдеу. Кәне балалар айтыңдаршы, кітаптың сыртқы мұқабасында не болу керек? Оқушылар. Кітаптың авторы, аты, сыныбы және суреті болу керек. 

Мұғалім.Олай болса кітаптың сыртқы мұқабасын көркемдеуге кірісейік. 

Тапсырма. 

1. Word мәтіндік редакторын іске қосу. 

2. Беттің параметрін өзгерту ( №1 тапсырма) 

3. Бетке түс беру ( №2 тапсырма) 

4. Бетті жиектеу. (№3тапсырма) 

5. Автордың аты-жөнін жазу. Мәтіннің харіпін, өлшемін және түсін таңдау. 

6. Кітаптың тақырыбын және сыныбын фигуралық мәтінмен жазу. 

7. Алдын-ала көріп шығу батырмасының көмегімен бетті көру. Қалай болды? Сурет жетіспейді!!! (№4 тапсырма) 

8. Кескінді кірістіру . (№5 тапсырма) (Оқушылардың компьтерінде компьтердің суреті болу керек). 

9. Алдын –ала көріп шығу батырмасының көмегімен кітартың мұқабасының бетін көру. Суретті бұрып, орын ауыстырып және өлшемін өзгертіп, қалаған жерге апарып кою. ( №6 тапсырма) 

10. Кітаптың сыртқы мұқабасы дайын. Жұмысымызды өзіміздің сыныбымыздың атымен сақтау. 


Мұғалім. Енді мен тапсырыс беруші ретінде сендердің жасаған жұмыстарыңды бағалаймын. 

Мұғалім. Балалар, бүгін біз мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіруді үйрендік.Сендер бұл тақырыпты әртүрлі рефераттар мен баяндамалар дайындаған кезде қолданасыңдар. 

7. Үйге тапсырма.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.
Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру
Графиктік тақырыптарды дайындау
Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Графикалық элементтермен жұмыс істеу
7 -8 сабақ жоспарлары Paint, Word, Excel
Word- тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу. Терезе құрамы. Құжат құру, мәтін енгізу, өңдеу, сақтау
Мәтін жазу, сақтау, өңдеу. Бұйрықтар мәзірімен жұмыс жасау Word Pad редакторы
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 6758 | Қосты: Байболова Мадина Кадырхановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык