Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру


Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру

Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:  Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру жайлы мәліметтер беру. Құжатқа суреттер енгізу әдіс-тәсілдерін үйрету,көрсету.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін  дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін  дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Құжаттарды безендіруге, әртүрлі суреттерді енгізу түрлерін білу қажет.
  3. Тәрбиелік:  жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта  ҚЕ сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбелеу.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты игерту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, суреттер, карточкалар, электорнды оқулық.Сабақта қолданатын MS Office программалары.

Пәнаралық байланыс:  қазақ тілі, сурет, валеология, математика.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру, компьютердің дайындығын бақылау, техникалық қауіпсіздігін ескерту.

ә) Үй тапсырмасын тексеру және талдау.

б) Бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру:Paint графикалық редакторында үй жұмысына берілген еркін тақырып бойынша салған суреттерін файлдан көрсетіп,әңгімелеп беру арқылы үй жұмысы тексеріледі.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Microsoft Word   кұжаттарына басқа программаларда жасалған, сондай-ақ сурет салу тақтасын қолданып салынған суреттер мен графиктік объектілерді қоюға болады. Ол осы объектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез-келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.

Сол сияқты Word –та мәтінге дайын немесе Paint графикалық редакторында өзіңіз салған суреттеріңізді кірістіру мүмкіндігі бар.

Егер сіз Paint –та өз суретіңізді салған болсаңыз, онда оны сіздің мәтініңізге алмастыру буферінің көмегімен көшіру командасын қолданып кірістіруге болады. 

Дайын суреттер кітапханасынан суретті  кірістіру мысалын қарастыруға болады:

  1. Мәтінді енгізіп алу қажет
  2. Вставка – Рисунок – Картины  командасын орында
  3. Microsoft Clip Gallery  диалог терезесінде Картинки  қосымшасын  және  сурет категориясын таңда
  4. Суреттері бар терезеде ашылады, таңдалынған суретте маусты шертіңіз
  5. Мәтінге суретті  кірістіру үшін Вставить батырмасы бойынша шертіңіз.
  6. Егер сізді өлшемі қанағаттандырмайтын болса, онда оны үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз. Ол үшін сурет бойынша маусты шертіңіз, меңзерді суреттің бұрышына орналастырыңыз. Меңзер қос бағыттауышының формасын алуы қажет және бағыттаушыны көлденеңінен  жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
  7. Суреттің өлшемін қалауымызша таңдағаннан кейін осы бойынша маустың оң  жақ батырмасын  шертіңіз.
  8. Жанама менюден Формат рисунка командасын таңдаңыз. Формат рисунка диалог  терезесінде Положение қосымшасы бойынша шерту және Поверх текста опциясында жалаушаны алып тастаңыз , ОК шерт.
  9. Кірістірілген сурет мәтіннің  оң не сол жағына орналасуы үшін , Обтекание  қосымшасын таңдау қажет.  Вокруг рамки және По большей стороне квадраттары бойынша шерт және ОК шерт.

Оқушылар тапсырманы орындамас бұрын, қауіпсіздік ережесін қайталап кетейік.

Оқушыларға тапсырмалар таратылады.

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Суретті қалай мәтінге  кірістіруге болады?
  2. Суретті үлкейту, созу, кішірейту, көшіру амалын айтып бер?
  3. Paint  редакторындағы суретті қалай мәтінге енгізуге болады?
  4. Мәтінді қалай безендіруге болады?
  5. Мәтіннің қатесін қалай тексеруге болады?

Сабақты қорытындылау: Мұғалім сөзі:

Сендер менің байлығым – оқушыларым,

Үміт еткен мақсатым, бар арманым

Мен жетпеген шыңдарға сендер жетсең,

Орындалар өмірде бар арманым.

Оқушылардың білімін бағалау.     

Үйге тапсырма: 90-91 беттерді мәнерлеп оқу, түсіну, еркін тақырыпқа қысқаша әңгіме құрастырып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.
WordPad құжатына суреттерді кірістіру
Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Графикалық объектілер және көркем жазулар кірістіру
7 -8 сабақ жоспарлары Paint, Word, Excel
Word- тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру
Блокнот қолданбасымен танысу. Терезе құрамы Бұйрықтар мәзірін пайдаланып кірістіру және көшіру
Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу.
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
PAINT графикалық редакторы
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2384 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык