Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » My country is Kazakhstan


My country is Kazakhstan

My country is Kazakhstan

My country is Kazakhstan

The theme of the lesson: My country is Kazakhstan   

The aims of the lesson: а) Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы                      атқарылған істері туралы мәліметтер беру, президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету.

                                              ә) Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.          
                                              б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балаларға еліміздің нышандарының мән - мағынасын түсіндіру. Мемлекеттік            нышандырдың аса маңызды екенін, оларды құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру.      
Visual aids: a placard, State’s emblem, a flag, pictures.          

І. Organization moment     
 Good morning, children!               
- Children, what season is it now? – Autumn.  
            ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі 

Негізі қаланған жас мемлекеттердің қай қайсысының да болмасын алғашқы жасайтын маңызды ресми            қадамдарының бірі – гимн, елдің туы және елтаңбасын сайлап алуы. Өйткені бұл нышандар саяси    тәуелсіздік пен егемендіктің бірегей белгілері болып саналады. Мемлекеттік нышандар бір елдің салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін білдіретіні  белгі.Біздің еліміздің де мемлекеттік нышандары бар. - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.         
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн       
Артта қалды бодан болған азап күн     
Елім, жерім қазағым деп тебіренем     
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Ән: Бұлқынды жүрек.  Орындайтын: 

 Қазақ елі желбіреп көк байрағың         
Гүлге оранды ауылың мен аймағың    
Нұрсұлтаның биіктерге бастады           
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын           

Нұрсұлтанды тудырған, заманалар      
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз        
Ажал құшқан сондағы      
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы           
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.  

 

- Біздің президентіміз        кім?
- Н. Ә.             Назарбаев               
- Енді мемлекеттік рәміздерді атап беріңдерші? – ту, елбаңба, әнұран 
Дұрыс. Енді осы мемлекеттік рәміздерді ағылшын тілінде айтайық.      
1. Біздің елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев.  Оur president is N. Nazarbayev
2. Мемлекеттік гимн – National anthem
3. Елтаңба - State’s emblem        
4. Еліміздің туы – Flag оf country           


Қазақстан – біздің Отанымыз. Ол үлкен, Тәуелсіз мемлекет. Біздің мемлекетіміздің Елордасы – Астана қаласы. Астана – еліміздің бас қаласы.        
– Балалар, айтыңдаршы, біздің бас қаламыз қалай аталады екен? – Астана.             
Болашаққа бастаған,        
Шарықтайды асқақ ән.     
Елордасы Отанның          
Мақтанышым – Астанам             
 Қазақ тілі – біздің мемлекеттік тіліміз.Орыс тілі- ресми тіл. Ағылшын тілі –халықаралық тіл.Ендеше, біз  Отан, ту, Қазақстан қалалары туралы қазақ, орыс  және ағылшын тіліндетақпақтар айтайық.

 ІІІ. Тақпақтар.

Отан.    Амалбек Таңшолпан       3 «а»
Ахмет:    Astana 
Glancing into the future    
It sprung up about the earth         
The capital city of Motherland      
That is now called Astana 
Қазақстан жалауы 
Көк байрағы бабамның    
Бүгінгі ұрпақ алауы.          
Тірегі әке баланың
Қазақстан жалауы.

    Серикбекова Айғаным           
One among many countries         
Native land mother             
Native land universe          
Native land Kazakhstan.   
Отан
Отан деген – Атамекен                
Отан – ана, Отан үлкен,   
Қазақстан туған ел!           
Kazakhstan
Kazakhstan is my country 
Kazakhstan is my land.     
I live here with my friends 

 Тақпақтар.   Родина.  2 «з» сынып

           
         Алматы           Арай    3«а»сынып
Гүлзар баққа оранған,      
Күннен киген бөрікті.        
Теңдесі жоқ бұл қала,       
Алматы – әсем көрікті.     
Almaty
Greeting the mountain verdure    
In the silk of star dream      
As good looking as a seven           ,
Is our famous Almaty         
                My flag                Ұғылай
My flag is blue         
My flag is bright.      

I like it very much    
The yellow sun        
The blue - blue sky 
And the eagle is flying high

 Let’s play today      
Let’s dance a lot      
Let’s sing the song about Love    
I love my Dad           
I love my Mum         
I love my warm and happy home

Ән француз тілінде. Менің ағам.       Азиза

Орыс тілінде тақпақтар.   2 «и»сынып 
Қазақстан – біздің Отанымыз. Ол үлкен, Тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады: қазақтар, орыстар, немістер, украиндар және басқалар.Қазақ халқы қонақжай халық.Ендеше достық туралы әнімізді тыңдайық.

Ән:  Достық.     Орындайтын:   2 «и» сынып

 Қазақ елі желбіреп көк байрағың         
Гүлге оранды ауылың мен аймағың    
Нұрсұлтаның биіктерге бастады           
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет       тұтты.

Ән:  Қазағым  менің    Арай  3 «а»

«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –          
Қиын сәтте қиындықтан   қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға      түсіріп,
Жас Отанның өмірін де    түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап          тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау   кісілік!

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды .Онда  шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы         болды.

Ән:  Алға  қазақ  жігіттері.    Ахмет  3 «а»

Нұрсұлтанды тудырған, заманалар      
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз        
Ажал құшқан сондағы      
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы           
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.  

Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы    
Дара шыңы қазақтың       
Дана басып тудың халық – алыптан    
Топырағы ол туған жердің киелі

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп    сайланды.
Нұрсауле :  2 «и» сынып

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер        даңқын.
Президентім, елбасы, аман         болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр        халқым!

Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

Ән:  Қазақ елі осындай.     Шарип   Динара           3 «а»

Сұлтан  3 «а»

Уа,      халқым,         сөз қадірін    білесің.
Жаңбыр        жаумаса,       жер     жетім,
Басшысы      болмаса,       ел        жетім.
Көсіле            шабар            жерім             бар,
Тау      көтерер    елім         бар.
Қол     бастайтын    ерім    бар,
Атадан           қалған            сара   жолым           бар.

Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.
Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманы  орындалды. Қазақты дүние жүзі танытты. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.
Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор.
 Ән:  Алға  Қазақстан.          Әскербекова  Жанель.

 Қорытынды.
Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күмәнданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Мұғалім: (президентке тілек)      
- Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті                       болсын. Халықтың бағы баянды болсын .

Хор:   May  there always be sunshine.         Aiganim    2 «з»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Kazakhstan is my Motherland
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы атты ашық тәрбие сағаты
Ғасырдың ғажап азаматы- Нұрсұлтан Назарбаев
Елі сүйген-ел басы
Елбасы - ел мақтанышы
Егемен елдің – Елбасы
Кемеңгер елбасы- ырысы елімнің!
« Елі сүйген ер »
My country is Kazakhstan
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 10297 | Қосты: Абдуллаева Азиза Аманбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык