Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кемеңгер елбасы- ырысы елімнің!


Кемеңгер елбасы- ырысы елімнің!

«Кемеңгер елбасы- ырысы елімнің!»

Мақсаты:

         1.Жас ұрпаққа Нұрсұлтан ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту;

         2.Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгерту;

         3.Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу;

 

Көрнекілігі: Елбасының суреттері, мултимедия арқылы Елбасы туралы дерек слайдтар;

                                                         ӘНҰРАН

Барысы:                                      

   1жүргізуші:    

        Отаны татулықтың ғажап елім,

        Жайнай бер, гүлжазира байтақ жерім.

        Жаңалық болып жатқан құтты болсын!

        Нұрсұлтандай Елбасы- дана ерім!                                                                                        

    Адамзаттың  жаратылысы  жарық дүниеге келгелі  қилы –қилы тағдырды  басынан кешіп, өмір  қазанында  қайнағаны белгілі.Қиналмай тіршілік кешіп, дәурен сүрген кездері  де көп емес.Бар ғұмыры алуан  түрлі ауыртпалықты  қайыспай көтеріп, ұрпағын өрбітіп,  адал еңбекпен өмірін өткізіп жатқан халықты көресің. Осындай жанкешті халықтың ғасырлар бойғы арманы болып, жүрек сыздатқан шері мен мұңын  ыдыратқан , көл болған көзінің жасын құрғатқан , қазақтың бағына бола туған азаматы  - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 

               

                                   

2 жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! «Бірлігі мықты елімнің белін ешкім сындырмас » дейтін, елінің Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев  күнделікті көріп- біліп жүргеніміздей, күллі әлемді  шарқ ұра  шарлап, жұмыр әлемге  дүниеде Қазақ деген ежелден өркениеті дамыған халқы бар екенін  толық танытқан мемлекет басшымызға арналған «Кемеңгер елбасы – ырысы елімнің!» атты шарамызды ашық деп жариялаймыз.

       Құттықтау сөз мектебіміздің басшысы Сайлаубай Қуанбайұлына  беріледі.

                                            

            ӘН: «Ағатай»              орындайтын 5б сынып оқушысы 

                                                                               Ғарипуллина Нұрай

1 жүргізуші:

         Қазақ елінің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстары мен жетістіктері – сөз жоқ, ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген, болашақты болжағыш кемеңгерлік саясатының айқын жемісі.

         Қазақстан мемлекеттігін барша әлемге танытқан Елбасымыз – Ұлт көшбасшысы аз жылдың аясында туған елін әлемдегі алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына қосты.

 

2 жүргізуші:

         Қазақстан қазақ халқының атамекені. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешеміз. Асқар таудың биік белесінен жайнап, бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған «ҚАЗАҚСТАН» атты жазуды байқап, оның мәртебесі аса жоғары, мерейі үстем, тұғырын тот баспайтынын мақтанышпен сезіп, қуанамыз. Қазақстанның әрі қарай дамый беретініне сенеміз.

                 ӘН:

 

1 жүргізуші:

         Тұңғыш Президент күнінің бекітілуі – елімізге, жерімізге, жалпы құндылықтарымыз бен Елбасымызға деген айырықша құрмет.

Тұрақтылықты сақтау, елдегі берекелі тірліктің тұғырын нығайту үшін өте қажет мереке деп ойлаймын, Іңкар!

 

2 жүргізуші:

         Ия, Бекет.Мен сенімен толықтай келісемін. Қарап отырсақ, жиырма екі жыл қас-қағым сәт, десек те, талай биікті бағындырып, алға өрлеу, өсу үстінде болыппыз. Аз уақыт ішінде бүкіл елде қарқынды инновациялық тәжірибелерді енгізіп, қуатты зауыттарды іске қосу, халықтың әл-ауқатын көтеру арқылы ел экономикасын түзеуі дамыған мемлекеттерде де тым сирек кездесетін тәжірибе. Ұдайы бейбітшілікті жақтаған дәйекті саясатымыздың арқасында халықаралық жоғары беделге ие болып, Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру, Әлемдік діндер лидерлерінің съездерін өткізу, Тәжікстандағы, Ауғаныстандағы, Ирактағы антитеррорлық күреске және бітімгершілік миссияларына қатысуы және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымның саммитін лайықты өткізу- маңызды бастамаларымыздың , Қазақстан тәуелсіздігінің тікелей нәтижесі.

Келесі құттықтау сөз кезегін мектебіміздің ұлағатты ұстаздары Білім беру ісінің үздігі София апайға, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Жамиға апайға, оқу ісінің меңгерушісі  Заря апайға беріледі.

 

Күй: Жергілікті сазгер Нұрпейіс Молдақұлұлының күйі «Жеңіс шуаы»

1 жүргізуші:

      Келесі кезекті 8 сынып оқушыларына береміз. 

 

         Махамбет бабамыздың «Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге мал толтырсам деп едім» деген арманы ақиқатқа айналды. Бүгінгі Қазақстан Астанасы көкке қол созып, әнмен тербеліп тұр. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қыран құс қанатын талдыратын даламыздың кіндік тұсындағы осы бір әсем шаһарға Астана атын беріп,иісі қазақ  халқын қуанышқа бөлеп тастады ғой!  Астана – Атамекен ардақтасы атанған Алатау мен Арқалық, Атырау мен Алтай  арасындағы қасиетті алтын бесік. Ақорданың ақ таңы арайланып атып, бағында бұлбұлы сайраған, дидары жақұттай жайнаған сұлу Астананың базарлы болашағы туралы ойласаң, қиялың қияға қалықтайды.

 

2 жүргізуші:

         Нұрлы- көш Нұрағаның бастамасы,

         Жатса да шаруасы бастан асып,

         Тұғырлы ел төрт бұрышын тоғыстырып,

         Ортаға орнықтырды Астанасын

- ия, Бекет, Елбасымыздың айдай әлемге жасаған және барша қазақ жұртын талпындырған тамаша қадамы – бүгінгі Астананың салынуы. Яғни, Елорда мен Елбасы егіз ұғымға айналды.

 

 

1 жүргізуші:

         Дұрыс айтасың, Іңкар! Қазіргі кезде әлемдегі беделді ақпарат құралдарына көз жүгіртсек, «Қазақстан – Назарбаев - Астана» деген ұғымдар бірге айтылып келеді.

 

2 жүргізуші:

         Олай болса,  Астана әнімен 8 сынып оқушысы Әмірбай Алтынгүлді қарсы алыңыздар

 

1 жүргізуші:

         Елімізде орын алып, жүзеге асып жатқан оңды өзгерістердің бәрі Елбасының тікелей басшылығы мен көреген саясатының нәтижесі екендігі сөзсіз. Көпті көрген көреген басшы ғана елін өркениет өріне апара алады, сондай-ақ елдіктің мығым тұтқасы да болып табылады.

2 жүргізуші:

Міне, осындай республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы , келешек азаматтарына мұра болып қалады.

1 жүргізуші:

   Елінің ауызбірлігі арқасында ,«жанам деген жүрекке от беретін»  ел ағаларының сенімі, жастық жігері арқасында  жастарымыз , ел болашағы, Қазақстан деген көшбасшы мемлекетті  қуатты мемлекетке айналдырады деп сенеміз. Бірлігіміз бекем,ынтымағымыз нығая түссін!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
«Елбасы- елімнің тірегі»
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы
«Менің тұңғыш Президентім» атты мерекелік ертеңгілік
Жасампаздық жаршысы.
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы атты ашық тәрбие сағаты
Ұлт мақтанышы - Президент
« Елі сүйген ер »
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7283 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык